2. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы іске қарама - қарсы мәнде айтылады .
Қарсылықты бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштары шартты райдан кейін да/де жалғаулық шылауының тіркесуі арқылы ( -са да , -се де ) , көмектес жалғаулы есім шеден ( -ған + мен , -ген + мен ) , ша / ше жұрнақты есімше ден ( -ған + ша , -ген + ше ) , шығыс жалғаулы болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түрінен ( бармас + тан , қарамас + тан ) , тәуелді жалғаулы есімшеден кейін болмаса деген шартты рай тұлғалы көмекші етістіктің ( -ға ны , -гені болмаса ) , көсемшеден кейін тура деген көсем ше түлғалы көмекші етістіктің ( айта тура ) тіркесуі ар қылы жасалады .
Қарсылықты бағыныңқының сұраулары : қайтсе де ? не етсе де ? кайткенмен ? не еткен . мен ? қайте тура ? не ете тұра ? кайткені болмаса ? не еткені болмаса ? кайтпестен ? не етпестен ? қайткенше ? не еткенше ?
Өзеннің суы тайыз болғанмен , жағасы тік ( Т. Ахт . ) . Бұл менің туған жерім болса да , сырын сізден аз біледі екем . ( Ғ . Мұст . ) Бес сомға домбыра алғанша , киім алсайшы ( С. М. Бет пен қол болмаса , жүргіншілердің аяғы , денесі қатты жүрістен жылынып қалған еді . ( М. Ә . ) . Осындай жаңғалақтығына қарамастан , Бектай өте зерек бала еді ( М. И. ) . Еті де , сүті де сондай майлы бола тұра , қазақы сиырдың салмағы жеңіл ( С. М. ) .
576 - жаттығу . Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастардың жаса лу жолына сипаттама беріңіздер .
1. Жұмыскерлер абыржымағанмен , келелі сөз үстінде отырған жайларын өзгерте алмай қалды ( Ғ . М. ) . 2 . Екеуі Қайырбектің өпірем мінезіне күле тұрса да , іштерінен колхоз шаруасына өз меншігіндей жан сала кірісетінін ерекше қасиеттейтін ( Ғ.С ) . 3. Жасы менімен шамалас бола тұра , ақылы , мінезі , жүрегімен ағасы на ұқсайды ( Ғ . Муст . ) . 4. Қажетті құрылыс материалдарын алу аса қиынға түскенмен , жаңа каналдың бойынан осы күзде он бес колхоз орналасып үлгерді ( С. М. ) . 5 Кеш жатқанына қарамастан , Инеш бүгін ерте тұрды ( С. Шайм . ) . 6. Көрші отырсак та , кездесе беруге уакыт жетпейді ( Ғ . Мұст . ) . 7. Ара - тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса , бұл такырда көз токтарлык еш нәрсе жок ( с . М. ) .
577 - жаттығу . Карсылақты салалас сөйлемдерді қарсылықты бағыныңқылы сабактаска , керісінше ,карсылықты сабақтас сөйлемдерді карсылыкты салаласқа айналдырап , араларындағы айырмашылықты көрсетіңдер.
1. Рас , менімен бірге істеген жолдассын , бірақ мына мінезің жолдастықтан айырады ( Ғ . Мұст . ) . 2. Март туса да , қыстау адырлары әлі кыстың қатаң кәрінде болатын ( Ғ.С. ) . Жасынын қартандығына қарамай , Ораз сол кезде балалардан жүйрік ( С. М. ) . 4. Турдыахонның денесі құбабел жігітінен аласа көрінеді , әйтсе де кескен теректей құж , мығым ( Ғ.С. ) . 5. Сән табылар - ән табылмас( А. Ә . ) . 6. Осының бәріне сүйсіне караған Байжанда араласуға ынта бола тұра , уакыт болған жоқ ( С. М. ) 7. Терлеген атқа жаның ашығанша , менің білеудей арқама неге жаның ашымайды ? ( Ғ.С. ) . 8. Күн шуақты болғанмен , ағаштардын ажары сынық( Т. Әлім . ) . 9. Сарыарқада талай жақсы жерлер бар - ау , — тап мынадай төрт түлік малға бірдей жайлы жер кемде - кем шығар ( с . ш . ) . 10. Ол қазір жұмыстан бос еді , сонда да оны станция кезекшісі Мұқтардың неге тоқтағанын білуге жіберген ( Ы . Т. ) .
Достарыңызбен бөлісу: |