Кемельбеков канатжан сауханбекович



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата12.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#8807
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Диссертациялық 
жҧмыстың 
негізгі 
нәтижелері. 
Диссертация 
материалдары:  «9th    European  Conference  on  Biology  and  Medical  Sciеnce» 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясында  (Вена  қ.,  Австрия  5- 
наурыз  2016ж.);  «Современная  медицина:  актуальные  вопросы»  55-ші 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясында  (Новосибирск  қ.,  Ресей 
4-мамыр  2016ж.)  баяндалды.  «Приоритетные  задачи  и  стратегии  развития 
медицины 
и 
фармакологии» 
халықаралық 
ғылыми-тәжірибелік 
конференциясында  (Тольятти  қ.,  Ресей  1-маусым  2016ж.)  және  «Актуальные 
проблемы клинической  медицины»  атты  I- халықаралық  ғылыми-тәжірибелік 

12
 
 
конференцияда (Талдықорған қ., 10 -маусым 2016ж.) баяндалды. 
Жарияланымдар 
туралы 
мәлімет: 
диссертация 
нәтижелеріне 
байланысты  8  басылым,  оның  ішінде  ҚР  БҒМ  білім  және  ғылым  саласында 
бақылау  Комитеті  ұсынған  журналдарда  3  мақала,  4  шетелдік  және 
халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциялар  (Австрия,  Ресей  және 
Қазақстан) жинағында, 1 басылым Scopus дерекқор қатарына кіретін шетелдік 
Research Journal of Medical Science (Pakistan) журналында жарияланды. 
Автордың  қосқан  жеке  ҥлесі:  қойылған  мақсат  пен  міндеттерді 
тәжірибелік  шешу,  алынған  мәліметтерді  ӛз  бетінше  ӛңдеп,  ғылыми 
мақалаларды баспаға шығару және диссертация түрінде қорытудан тұрады. 
Диссертацияның  қҧрылымы  мен  кӛлемі:  диссертация  кіріспе,  әдеби 
шолу,  тәжірибелік  нәтижелерді  талқылаудан,  қорытынды,  пайдаланылған 
әдебиеттер  тізімі  мен  қосымшалардан  тұрады.  Диссертация  материалы 
компьютерлік  терімнің  101  бетінен  құралған,  25  кесте,  13  суретті 
қамтиды,қолданылған әдебиеттер тізімі 157 атаудан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13
 
 
1 ӘДЕБИ ШОЛУ 
 
1.1  Әлемнің  әртҥрлі  елдері,  соның  ішінде  Ресейде,  Қазақстанда 
балалар  арасында  ЖТБДА-ның  таралуы.  Балалардағы  хирургиялық  
патологиялар қҧрылымындағы алатын орны 
Жүректің  туа  біткен  даму  ақаулары  (ЖТБДА)  –  нәрестелер  мен  ерте 
жастағы балалар арасында жүрек-қантамыр жүйесіне эмбрионалдық қалыптасу 
кезеңдерінде  әртүрлі  этиологиялық  және  қауіп-қатер  факторлардың  әсер 
етуінен,оның  қалыпты  анатомиялық  құрылысы  мен  физиологиялық 
қызметтерінің  бұзылыстарымен  жүретін  кең  тараған  аурулар  тобы.ЖТБДА 
кездесу  жиілігі  жағынан  тірек-қимыл  жүйесі  мен  жүйке  жүйесінің  даму 
ақауларынан кейін үшінші орынды иемденеді және барлық даму ақауларының 
10 % құрайды [11,р.13,19-22].  
ДДСҰ  мәлімдеуі  бойынша,  ЖТБДА  кез-келген  елде  әлеуметтік-
экономикалық  жағдайы  мен  медицинаның  даму  деңгейіне  қарамастан 
нәрестелердің 1%-да кездеседі
 
[5,с.8; 23]. 
Бүкіл әлемнің зерттеушілері ЖТБДА кездесу жиілігіне ғана емес, сонымен 
қатар,  ерте  жастағы  балалар  ӛлімінің  негізгі  себебі  болып  табылатындығына 
назар  аударуда.  ЖТБДА-мен  туылған  балалардың,  14–29%  ӛмірінің  алғашқы 
аптасында,  ал  19–42%  –  алғашқы  айында  ӛлімге  ұшырайтындығы  анықталған 
[24,25; 22,с.28]. 
ЖТБДА-ның  нақты  шынайы  таралу  кӛрсеткішін  нақты  кӛрсету  кӛп 
қиындық  туғызады.  ЖТБДА  таралу  деңгейінің  статистикалық  мәліметтерін 
кӛптеген  авторлар  әртүрлі  цифрлармен  кӛретеді:  1000  тірі  туған  нәрестеге 
есептегенде 5-тен 17-ге дейін [25,с.18; 26-32]. Мұндай кӛрсеткіштердің болуына 
кӛптеген факторлар ықпал жасайды. Біріншіден, әртүрлі авторлар ЖТБДА-ның 
уақыт  бойынша  әртүрлі  критерилерін  алып  қарастырады:  кейбір  зерттеушілер 
нәрестелердегі даму ақаулардың кездесу кӛрсеткіштерін қарастырса, басқалары 
–  бір  жасқа  дейінгі  балалардағы,ал  қалғандары  –  барлық  жастағы 
кӛрсеткіштермен  алып  қарастырады.  Екіншіден,  зерттеушілер  ЖТБДА-н 
кездесу  жиілігін    барлық  туылған  балалардың  санына  есептей  отырып 
анықтаса, ал басқалары тек тірі туылған нәрестелердің санына есептей отырып 
анықтайды.  Үшіншіден,  зерттеушілердің  бір  тобы  клиникалық  материалдарға 
жүгінсе, ал қалғандары – секциялық деректерге сүйенген. 
Сонымен  қатар,  ЖТБДА  таралу  жиілігін  анықтауда  нақты  цифрлық 
кӛрсеткіштердің  болуына  медициналық  факторларда  әсер  етеді:  дәрігерлердің 
ЖТБДА-на 
қырағы 
кӛзбен 
қарамауы, 
медициналық 
ұйымдардың 
диагностикалық  аспаптармен  жеткіліксіз  жабдықталуы,  секциялық  деректер 
болмауы, әсіресе ӛлі туылу кезінде және т.б.
 
Талдау  жүргізу  барысында  әлемнің  дамушы  елдерінде  ЖТБДА    таралуы 
жиілігі  соңғы  он  жылдықта  тұрақты  артуда,  бәлкім  бұл  патологияны 
диагностикалау  және  анықтау  жақсарту  есебінен  болып  отырғандығын 
кӛрсетеді. 

14
 
 
Оңтүстік  Америкада  ЖТБДА  таралуын  эпидемиологиялық  зерттеулердің 
нәтижесі,  жыл  сайын  аталған  континенте  58  мың  нәресте  жүрек-қан  тамыр 
жүйесінің даму ақауларымен дүниеге келетіндігін кӛрсетеді, әсіресе Бразилия, 
Колумбия және Аргентина елдерінде кӛптеп тірелген [33]. 
АҚШ-та жылына 25 мыңдай нәрестелер ЖТБДА-мен туылады, яғни  1000 
туылған нәрестеге есептегенде орташа 6,6-8,3 жағдайдан келеді. Американдық 
жүрек  ассоциациясының  мәлімдеуінше,  барлық  даму  ақауларының  ішінен 
ЖТБДА-нан болатын ӛлім кӛрсеткіші 31,4% құрайды [34,35]. Бірақ-та, АҚШ-та 
ЖТБДА болатын ӛлім кӛрсеткішінің жыл сайын тұрақты түрде тӛмендеуін атап 
ӛтуге болады. Danford D.A (2002) және бірл.авторлар [36], Bower C(2006) және 
бірл.  авторлардың  [37]  мәлімдеуінше,  соңғы  жылдары  АҚШ-та  ЖТБДА-нан 
болатын  ӛлім  кӛрсеткіштері  18,2%-ға  дейін  тӛмендеген.  Бұл  кӛрсеткіштерді 
дәлелдеу мақсатында Abdurarahman L (2003) және бірл.авторлар[38] зерттеулер 
жүргізеді,  нәтижесінде  АҚШ-та  ЖТБДА  21  жасқа  дейінгі  тұрғындардың  300 
мыңдайында табылған, олардың 38%-на оперативті ем жасалған. 
ЖТБДА  таралу  кӛрсеткіші  Канадада  1000  туылған  нәрестеге  есептегенде 
4,09  [39]  және  Австралияда–  шамамен  1000  туылған  нәрестеге  шаққанда  4-5 
кездеседі  [40],  бірақ  аталған  кӛрсеткіштерге  қарамастан  соңғы  жылдары  жыл 
сайын даму ақауының деңгейі 5%-ға дейін арта түсуде. 
Еуропалық  тіркеме  орталығының  мәлімдеуінше,  Еуроаймақ  елдерінде 
ЖТБДА  таралуы  шамамен  орташа  1000  туылған  нәрестеге  шаққанда  6,5  
кездеседі  [41].  ЖТБДА  ең  тӛменгі  таралу  деңгейі  Ұлыбританияда  кездеседі 
(1000 туылған нәрестеге шаққанда 5,7жағдай) [42]. 
Таяу  Шығыс  елдерінде  ЖТБДА  таралуы  бірнеше  кӛрсеткішке  жоғары 
екендігін кӛрсетеді. Мысалы, Иранда ЖТБДА таралуы 1000 туылған нәрестеге 
шаққанда 8,6 жағдайда кездеседі: оның ішінде 1000 нәрестеге есептегенде 9,96 
және 1000 туылған нәрестеге шаққанда 7,34 кездеседі [43]. 
Сондай-ақ,  ЖТБДА-ң  ең  жиі  таралуы  Азия  елдерінде  кездесетіндігі 
анықталған. Мәселен, Li S (2010) автордың мәліметі бойынша Қытайда жылына  
300  мыңнан  астам  нәресе  дүниеге  келсе  (1000  нәрестеге  шаққанда  10,3),  ал 
Оңтүстік  Кореяда  ЖТБДА  таралуы  1000  нәрестеге  есептегенде  12,4  құрайды 
[44]. 
Ғылыми  әдебиеттік  мәліметтерге  сүйенсек,  Ресей  Федерациясында 
ЖТБДА  таралуы  1000  нәрестеге  есептегенде  7-17  жағдайдан  келеді  және 
аймақтық  таралуы  алуан  түрлі.  Мысалы,  Мәскеуде  ЖТБДА  таралуы    1000 
нәрестеге шаққанда 13 жағдайды құрайды [20,с.48], Приморск аймағында –1000 
туылған  нәрестеге  есептегенде  5,5,  Владивостокта  –  1000  нәрестеге  15,7 
баладан  келеді  [45].  Тимукова  А.К  (2001)  Татарстанда  ЖТБДА  таралуы  1000 
нәрестеге  есептегенде  3,2  жағдайда  кездеседіндігін  атап  кӛрсеткен,  автор 
сонымен  қатар  соңғы  жылдары  аталған  кӛрсеткіштің  республика 
тұрғандарының  арасында  арта  түсуіне  сілтеме  жасайды, 
бұл  патологияны 
диагностикалау  және  анықтау  жақсарту  есебінен  болып  отырғандығын 
кӛрсетеді, деп 
мәлімдеме жасайды [25,с112]


15
 
 
РФ  орта  есеппен  жылына  20-22  мыңдай  нәрестелер  әртүрлі  ЖТБДА-мен 
тіркеледі,  олардың  кӛбісі  кардиохирургиялық  кӛмекті  қажет  етеді  [46].  РФ 
Денсаулық  сақтау  Министрлігінің  деректерінше  ЖТБДА-ның  таралу 
кӛрсеткіші  соңғы  жылдары  арта  түсуде.  Мысалы,1997  жылы  ЖТБДА  таралуы 
100  мың  балаға  шаққанда  499,1  жағдайда  кездессе,  2007  жылы  аталған 
кӛрсеткіш 100 мың балаға шаққанда 547,9 жағдайды құраған, яғни 9,8% артқан 
[24,с.140; 26,с.284]. 
А.Н.  Бакулев  атындағы  ЖҚХ  ҒО  мәліметі  бойынша,  1999  жылы  РФ-да 
ЖТБДА таралу жиілігі барлық даму ақауларының 49,5% құраған [47]. 
ТМД  елдерінде  ЖТБДА  кең  тараған  және  де  жылына  шамамен 40  мыңға 
жуық  нәрестелер  аталған  патологиямен  туылады.  Кӛптеген  авторлардың 
деректері  бойынша  ЖТБДА  таралу  кӛрсеткіштері  әртүрлі,  орта  шамамен 
алғанда  барлық  туылған  нәрестелердің    0,8-1,2%  кездесетіндігі  жӛніндегі 
тұжырымдамаға қол жеткізген [48,49; 24,с.140]. 
Украинада  жылына  5,5-6,0  мыңдай  нәрестелер  ЖТБДА  туылса,  оның  35-
40%  критикалық  жағдайда  ӛмірінің  алғашқы  күндері  шұғыл  қарқынды  ем 
шаралары мен хирургиялық түзетулерді талап етеді [50]. 
ЖТБДА  Қазақтанда  жоғары  деңгейде  таралуы  байқалады,  1000  нәрестеге 
шаққанда  8,0  жағдайдан  келеді.  А.Н.  Сызганов  атындағы  ҰҒХО  мәліметі 
бойынша  Қазақтанда  жылына  3  мыңдай  нәреселер  дүниеге  келсе  (1000 
нәрестеге  8,0  жағдайдан),  оның  10-15%  дейіні  ғана  1  жасқа  дейін  ӛмір  сүреді 
[51]. 
Соңғы  жылдары  ЖТБДА  құрылымдық  ерекшеліктері  байқалуда,  кӛбінесе 
ауыр  қанайналымның  бұзылысымен  жүретін  қосарланған  күрделі  ЖТБДА 
үлестік салмағы арта түсуде [52]. Ең жиі кездесетіндері: қарынша аралық қалқа 
кемістігі (ҚАҚК) – барлық ЖТБДА15-20% құрайды, магистралды тамырлардың 
транспозициясы  (МТТ)  –  9-15%,  Фалло  тетрадасы  (ФТ)  –  8-13%,  қолқа 
коарктациясы  мен  сол  қарыншалық  гипоплазия  синдромы  –  7,5%,  ашық 
артериалды ӛзекше (ААӚ) – 6-7%, ашық атриовентрикулярлы канал (ААВК) – 
5% [53]. Жүрекше аралық қалқа (ҚАҚК) кемістігі барлық ЖТБДА  8-нан  20%-
ға дейін құрайды [54]. 
Бураковский  В.И.,  Бокерия  Л.А.  (2012)  авторлардың  мәліметтерінше, 
ҚАҚК – ЖТБДА ішінде кең тараған ақаулардың бірі: 9-25% дейін таралған, ал 
кездесу жиілігі мен ӛзектілігі жағынан кең тараған даму ақауларының қатарына 
ААӚ  жатқызылады  және  барлық  ЖТБДА  11-дан  20%-ға  дейін  құрайды. 
Сонымен қатар, балаларда келесі кезектерде  ӛкпе артериясының стенозы–9,9% 
мен ЖАҚК–7,8% кездеседі. Сирек кездесетін даму ақауларының қатарына: ӛкпе 
кӛктамырының  аномалды  дренажы  (ӚКАД)–1,6%,  қолқа-ӛкпе  қалқа  кемістігі–
0,2-0,3%, жалпы артериалды баған (ЖАБ) – 0,2% жатады. Қолқа коарктациясы, 
ерте  жастағы  балалардың  –  7,5%  кездеседі  [53,с.78].  Шарыкин  А.С  (2009), 
пайымдауынша қолқа коарктациясы ЖТБДА барлық түрлерінің 6% құраған [6]. 
Басқа да авторлардың деректерінде, ҚАҚК барлық ЖТБДА 30-50% құрай 
отырып,  бірінші  орынды  иемденетіндігін  атап  ӛткен  [54,с.85;  50,с.3;  55,  56; 
29,р.125]. Кӛптеген авторлар ӛз ғылыми еңбектерінде ААӚ барлық ЖТБДА 10-

16
 
 
18% пайызын құрайтындығын және физиологиялық ерекшеліктеріне орай шала 
туылған  нәрестелердегі  критикалық  ақаулықтардың  қатарына  жататындығын 
атап ӛткен [54,с.89;57;40,р.614; 36,р.410]. 
Даму  ақаулардың  әртүрлі  таралуы  балалардың  жас  ерекшеліктеріне 
байланысты  болып  келеді.  Мысалы,  МТТ  бір  жасқа  дейінгі  балалардың 
арасында 14% кездессе, ал 1 жас пен  14 жас аралығында – 0,6% ғана кездескен 
[54,с.102].  ЖТБДА  болатын  ӛлім  кӛрсеткіштері  бір  жасқа  дейінгі  балалар  
арсында  ӛте  жоғары  деңгейде  кездеседі:  нәрестелердің  48,3%  және  4-12  ай 
аралығында 19,3 % құрайды [58,59;54,с.132]. 
ЖТБДА  алғашқы  топикалық  диагнозын  қоюда  кӛп  жағдайда  ӛкпе  қан 
айналым жағдайын есепке алатын жіктеулер: қанның кӛп келуі (гиперволемия, 
гипертензия),  қанның  аз  келуі,  гемодинамиканың  бұзылысынсыз;  ақ  және  кӛк 
ақаулықтар(цианозсыз және цианозбен) қолданылады [60]. 
Цианозбен  жүретін  кӛк  типті  кӛп  тараған  ақаулардың  қатарына  Фалло 
тетрадасы жатады және 5-8% жиілікпен кездеседі [54,с.241;61;56,с.36]. 
Сонымен  кӛптеген авторлар  жиі  кездесетін ақаулықтарды  жинақтай  келе, 
«алып  алтылық»  деп  аталатын  назологиялық  түрлерін  атап  кӛрсетті:  қарынша 
аралық  қалқа  кемістігі,  ашық  артериалды  ӛзекше,  магистралды  тамырлар 
транспозициясы,  жүрекше  аралық  қалқа  кемістігі,  Фалло  тетрадасы,  қолқа 
коарктациясы [50, с.3]. 
Нәрестелердегі  ЖТБДА  ӛз  уақытында  ерте  анықтау,  мамандырылған 
кардиохирургиялық  орталыққа  тасымалдауды  тиімді  жүргізу,  тиісті  қарқынды 
ем  шарасын    жүргізу,  дәл  топикалық  диагностикалау  жұмыстары,  тиісті 
хирургиялық  кӛмек  кӛрсету  шараларының  жақсартуына  үлкен  рӛл  атқарады. 
Ерте  жаста  жүргізілген  хирургиялық  шаралар  ӛмір  сүру  салтын  жақсартумен 
қатар  кардиосклероз,  ӛкпе  тамырларының  облитерациясы,  тұрақты  ӛкпелік 
гипертензия, септикалық эндокардит, кенеттен ӛлім сияқты ауыр асқынулардың 
алдын алуға мүмкіндік береді [53,с.326; 47,с.21]. 
Бокерия  Л.А.,  Ступаков  И.Н  (2013) 
осы  аурудың  шынайы  таралуы  және 
ауруды анықтау мәселелерін шешу және ЖТБДА жағдайларда толық қарастыру 
мақсаты  профилактикалық,  емдік  және  әлеуметтік  қызметті  жүзеге  асыруға 
мүмкіндік береді деп мәлімдейді [61,с.27]

Сонымен  қатар,  заманауи  жағдайда  ЖТБДА  бар  нәрестелер  мен  ерте 
жастағы  балаларға  хирургиялық  кӛмек  кӛрсету  шараларын  жақсарту 
кӛрсеткіштерінің артуы халқымыздың болашағы мен демографиялық кризистің 
алдын алуына маңызды. 
ЖТБДА  бар  балаларға  хирургиялық  кӛмек  кӛрсету  мен  емдеу  шаралары 
соңғы  жылдары  үлкен,  күрделі  және  белсенді  зерттеулерді  талап  ететін,  әлі
 
толық  зерттелмеген  педиатрияның,  кардиохирургияның  ӛзекті  мәселелерінің 
бірі болып табылады [2,с.44]. Нәрестелер мен ерте жастағы балаларға ЖТБДА 
кезіндегі  хирургиялық  араласулардың  қолға  алынуы  осыдан  75  жыл  бұрын 
бастау  алған,  яғни  1938  жылы  R.  Ross  АҚШ-тың  Бостон  штатында  алғаш  рет 
ЖТБДА  ішінде  ашық  артериалды  ӛзекшеге  таңу  жасап,  балалар 
кардиохирургиясындағы үлкен нәтижеге  қол  жеткізілген болатын  [62].  Қазіргі 

17
 
 
таңда  ЖТБДА-ның  хирургиялық  (анатомиялық  немесе  гемодинамикалық) 
түзетулерге бағынбайтын түрлері жоқтың қасы. Ғарышты бағындыру мен ДНҚ 
құрылымының  ашылуы  сияқты    нәрестелер  жүрегінің  хирургиясы  да  «XX-
ғасырдың  феноменалды  жетістігі»  деп  француз  хирургі  Ch.  Dubost  атап 
кӛрсетті ӛз ғылыми еңбегінің бірінде [63,64]. 
Балалар  кардиохирургиясының  заманауи  мүмкіндіктері  мен  алға  ӛрлеу 
шараларына:  балаларға  ерте  жастан  ЖТБДА-на  радикалды  түзетулер, 
анатомиялық  ақауларды  қалыпқа  келтіру,  гемодинамиканы  жақсарту,  болуы 
мүмкін асқынулардың деңгейін тӛмендету және хирургиялық түзету шараларын 
жетілдіру  жатады  [65-67].  Хирургиялық  түзетулердің  мүмкіндіктері  мен 
мақсаттары – ЖТБДА-мен туу кӛрсеткіші және жеке нозологиялық түрлерінің 
құрылымын анықтауға негізделген. 
ЖТБДА  құрылымының  (90  астам  түрлері  мен  200  жуық  қосарласқан 
формалары бар) жарты бӛлігінен астамы кіші қан айналым шеңберіне кӛп қан 
келумен  жүретін  даму  ақаулары  құрайды  (қарынша  аралық  қалқа  кемістігі, 
жүрекше аралық қалқа кемістігі, ашық артериалды ӛзекше, ӛкпе кӛктамырының 
аномалды  дренажы,  ашық  атриовентрикулярлы  канал).  Бұл  топтағылар 
ацианоздық  ЖТБДА  жатады.  Қалған  аз  бӛлігі  кіші  қан  айналым  шеңберіне  аз 
қан келумен жүретін даму ақаулары болып табылады (Фалло ауруы, Эбштейн 
аномалиясы,  магистралды  тамырлардың  транспозициясы,  қарынша  аралық 
қалқа кемістігімен жүретін ӛкпе артериясының стенозы және т.б.).
 
Сондай-ақ, 
ЖТБДА шамамен 64% жағдайда қосарланған түрде кездеседі: Фалло тетрадасы, 
қолқа коарктациясы, жалпы артериалды бағана, қарынша және жүрекше аралық 
қалқа кемістіктері 50% жағдайда ӛкпе кӛктамыры аномалды дренажымен, ашық 
атриовентрикулярлы  канал,  ӛкпе  артериясының  стеноздарымен  қосарласады. 
Ал,  Эбштейн  аномалиясы  бар  балаларда,  магистралды  тамырлардың 
транспозициясы қосарласып келеді
.
 
Қарастырылған күрделі және қосарланған 
ЖТБДА нәрестелер мен ерте жастағы балалардың ӛмірі үшін ӛте қауіпті болып 
табылады.  Сондықтан  да  аталған    ЖТБДА    ерте  диагностикалау  мен 
хиургиялық  түзету  шараларын  жүргізу  40-50%  жағдайларда  нәресте  ӛмірінің 
алғашқы  сағаттарында  тіршілігін  сақтап  қалуға  мүмкіндік  береді  [68].  Соңғы 
жылдары  ЖТБДА-ның  күрделі,  қосарланған  нозологиялық  түрлерінің  кездесу 
жиілігің арта түсуі және ерте диагностикалау мен хирургиялық кӛмек кӛрсету 
шараларының  дер  кезінде  жан-жақты  жүргізілмеу  салдарынан  нәрестелер  мен 
ерте  жастағы  балалар  арасында  ЖТБДА-нан  болатын  ӛлім  кӛрсеткіштері  арта 
түсуде [61]. 
1.2 Ерте жастағы балалардағы ЖТБДА  әртҥрлі нозологиялық тҥрлері 
бойынша ӛлім кӛрсеткіштерінің ерекшеліктері 
Жүрек пен магистралды тамырлардың (кардиоваскулярлы) туа біткен даму 
ақаулары  –  құрсақтық  ӛлі  туылулар,  нәрестелер  мен  ерте  жастағы  балалар 
ӛліміне  себепкер  болатын,  жоғары  ӛлім  кӛрсеткіштерімен  қатар  жүретін,  ӛте 
маңызды  жүрек-қан  тамырларының  даму  ақаулары  [2,с.44;69-72].  Кӛптеген 
отандық  және  шетелдік  авторлардың  зерттеу  нәтижелері  1000  нәрестеге 
шаққанда 4-17 жағдайда балаларда ЖТБДА кездесетіндігін атап кӛрсеткен [73-

18
 
 
76].  Ал,  сол  ЖТБДА-мен  туылған  нәрестелердің  29%-ы  алғашқы  аптада,  42% 
жуығы-  1-айда,  87%-  ӛмірінің  алғашқы  жылында  ӛлім  жағдайына  ұшырайды 
[1,с.5;61,с.30].  Нәрестелер  мен  ерте  жастағы  балалардың  ЖТБДА-нан  ӛлім 
жағдайына  ұшырауы  ақаудың  түрі  мен  олардың  ӛзара  қосарлану  жағдайына 
тәуелді болып келеді. Ағымы салыстырмалы қолайлы ЖТБДА-на жататындар: 
қарынша  аралық  қалқа  кемістігі(ҚАҚК),  жүрекше  аралық  қалқа  кемістігі 
(ЖАҚК),  ӛкпе  артериясының  стенозы;  аталған  даму  ақаулары  кезінде  ерте 
жастағы  балалар  ӛлім  кӛрсеткіші  8-11%  құрайды;  Фалло  тетрадасы,  ерте 
жастағы балалар ӛлім кӛрсеткіші - 24-36%. Күрделі, ағымы қолайсыз ЖТБДА-
на  жататындар:  сол  қарынша  гипоплазиясы,  ӛкпе  артериясының  атрезиясы, 
жалпы  артериалды  баған;  ерте  жастағы  балалар  ӛлім  кӛрсеткішінің  36-52%- 
нан,  73-97%  дейін  құрайды.  Басқада  (экстракардиалды)  даму  ақауларының 
ЖТБДА-мен  қатар  кездесуі,  балалардағы  ӛлім  кӛрсеткішін  90%-ға  дейін 
арттырады [77]. 
Қазіргі таңда нәресте ӛмірінің алғашқы айларында қауіпті асқынулар мен 
ӛлім  жағдайларына  соқтыратын,  ЖТБДА-ның  ауыр,  қосарланған  түрлерінің 
үлестік  салмағы  арта  түсуде  [78].  ЖТБДА  бар балаларға медициналық    кӛмек 
кӛрсету сапасын (ерте диагностикалау, оперативті коррекциялау, асқынулардың 
алдын  алу  мен  кешенді  реабилитациялау)  жақсарту  педиатрия  мен  балалар 
кардиохирургиясының ӛзекті мәселесі болып табылады [70,с.41; 79-81]. 
Қазақстанда  бүгінгі  таңда  ЖТБДА  бар  балаларға  жоғары  деңгейде 
мамандандырылған кардиохирургиялық кӛмек кӛрсететін 9 медициналық ұйым 
жұмыс  жасауда  (3  –  республикалық  деңгейде,  6  –аймақтық  деңгейде).  Атап 
ӛтсек:  «Ұлттық  ғылыми  кардиохирургиялық  орталық»  АҚ,  Астана  қаласы; 
«А.Н.  Сызғанов  атындағы  ұлттық  ғылыми  хирургия  орталығы»  АҚ,  Алматы 
қаласы;  «Педиатрия  және  балалар  хирургиясы  ғылыми  орталығы»,  Алматы 
қаласы;  «Ғылыми-клиникалық  кардиохирургия  және    трансплантология 
орталығы»  ЖШС,  Тараз  қаласы;  Облыстық  кардиохирургиялық  орталық, 
Қарағанды  қаласы;  Облыстық  кардиохирургиялық  орталық,  Шымкент  қаласы; 
М.Оспанов  атындағы  Батыс-  Қазақстан  мемлекеттік  университеті,  Ақтӛбе 
қаласы. 
Мемлекет  басшысының  қолдауымен,  2011  жылдың  қазан  айында  Астана 
қаласында халықаралық деңгейде медициналық кӛмек кӛрсету үшін мүмкіндік
 
беретін  Ұлттық  ғылыми  кардиохирургия  орталығы  ашылды
.  Осы  жылдан 
қазіргі таңға дейін жүрекке 8 мыңнан астам оперативті араласулар жасалынса, 
6,5  мыңнан  астамы  ашық  жүрек  жағдайында  жүргізілген.
 
Жүрек-қан 
тамырлары ауруларын емдеу кезінде алдыңғы қатарлы технологияларды енгізді 
және  соңғы  уақытқа  дейін  біздің  медицинада  мүмкін  емес  еді  бірегей 
операциялар  жасалды.  Аталған 
кардиохирургиялық  орталықтың  ашылуының 
арқасында  2011жылы  2010  жылмен  салыстырғанда  ЖТБДА  жасалатын 
операциялар мен интервенционды араласулардың саны 21 %-ға артты, сонымен 
қатар  ашық  жүрек  жағдайында  нәрестелерге  -50%,  1  жастан  5  жасқа  дейін 
балаларға-26%,  5  жастан  14  жасқа  дейін  балаларға-8%,  15жастан  17жасқа 
дейінгі  балаларға-12%  операция  жасалынса,  эндоваскулярлы  араласулар 

19
 
 
ЖТБДА бар 1 жасқа дейінгі балаларға-56%, 1 жастан 5 жасқа дейін балаларға-
32%, 15жастан 17жасқа дейінгі балаларға-11% жүргізілген. 
Тараз  қаласындағы  ЖШС  «ҒККЖТ»  орталығы  2008  жылдың  қаңтар 
айынан  бастап  начал  жұмыс  жасай  бастады.  Бұл  кезең    ҚР  Үкіметі  ұсынған 
«2007-2009  жылдарға  арналған  кардиологиялық  және  кардиохирургиялық 
қызметтерді  дамыту  және  жетілдіру»  бағдарламасымен  тұспа-тұс  келеді. 
Қазіргі  таңға  дейін  орталықта  ЖТБДА  мен  жүректің  жүре  пайда  болған  даму 
ақаулары  бар 
2000  астам    науқастарға  оперативті  ем  жасалынды.  Нәтижесі 
тӛмендегі кестеде кӛрсетілген (кесте 1). 
 
Кесте 1 — ҒККЖТ қызметтік кӛрсеткіштері (индикаторлары) 
 
Жыл 
Берілген 
кеңес, 
санмен 
Госпита-
лизация, 
санмен 
Жасалған 
операция-
лар, 
санмен 
Операциялар 
 
Орта 
тӛсек 
күні 
1жансақтау 
тӛсек орнына 
есептегенде 
1стационар 
тӛсек орнына 
есептегенде 
2008 
2104 
243 
152 
76 
8,4 
11,8 
 
2009 
2205 
442 
304 
107 
16,8 
10,4 
2010 
2530 
563 
402 
134 
22,3 
11,3 
2011 
2392 
532 
349 
116 
19,3 
11,0 
2012 
2420 
397 
241 
80 
22,05 
14,0 
2013 
7337 
418 
242 
80 
22,08 
14,3 
2014 
7625 
597 
256 
80 
22,06 
10,8 
2015 
14042 
884 
344 
87 
22,2 
12,0 
 
Оперативті  араласулардың  кӛлемі  ӛте  ауқымды,  заманауи  жағдайдағы 
«жабық»  және  «ашық»  жүрек  жағдайындағы,  жасанды  қан  айналым 
аппараттарды қолдана отырып жүзеге асырылады.  Барлық операциялардың 95 
% жуығын ашық операциялар құрайды.
 
Соңғы  жылдардағы  жетістіктердің  бірі  ЖТБДА  бар  5-7  кг  салмақты 
құрайтын  ерте  жастағы  балаларға  оперативті  ем  жасалынуда.  Сонымен  қатар, 
2009  жылдан  бері  ЖТБДА  бар  балаларға  мини  инвазивті  технологияларды 
қолдана отырып оперативті ем жүргізіліп келуде.
 
ҒККЖТ  орталығында:  «Жүрек-қантамыр  жүйесінің  туа  біткен  даму 
ақаулары  бар  балаларға  перинаталды  және  неонаталды  диагностика  жүргізуді 
ұйымдастыру  және  ерте  кардиохирургиялық  кӛмек  кӛрсетуді  жақсарту»  атты 
ғылыми–техникалық бағдарлама құрастырылған. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет