Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна



Pdf көрінісі
бет27/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56
Білім беру үрдісін проблемалы етіп ұйымдастыру. 
Проблемалы жағдаят кез келген ойлау актісін, адамның зияткерлік күшін 
ӛзекті ететін алғышарт болып табылады [311]. Осыған орай білім беру үрдісін 
проблемалы етіп ұйымдастыру тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытудың 


95 
маңызды шарттары болып табылады. Е.Л. Яковлевның пікірінше, проблемалы 
оқытудың мәні тапсырманың түбегейлі түпнұсқасына теңдес ойлау үрдістерін 
модельдеумен және танымдық мүддесін қалыптастырумен негізделеді. Осыған 
орай тұлғада жеке ӛзіне тән кәсіби зияткерлік іс-әрекет дағдылары қалыптасады 
[312]. 
Осы анықтамаға ұқсас келетін ӛзге авторлардың да проблемалы оқыту 
мәселесін айқындайтын тұжырымдары бар. Мысалы, А.М. Матюшкин 
проблемалы оқытудың мынадай анықтамасын ұсынады: «Проблемалы оқыту 
білім беру жүйесінің бір бӛлігін құрайды, оның негізгі мақсаты – басты 
тақырыпты түсіне меңгеру, кейбір жағдайда студент ӛзі үшін жаңа білім ашу 
ұғымына сәйкес келеді» [313]. 
А.К. Осинскийдің пікірінше, проблемалы оқыту барысында ойлаудың 
ізденіс, зерттеу әрекеттері модельдене бастайды [309]. Проблемалы оқыту іс-
әрекеті үшін ӛзекті де ортақ ұғым – бұл студенттердің түйсіну, ұғыну 
мақсатында қабылданған білім қорынан туындайтын проблемалы жағдаяттар. 
Осы проблемалы жағдаяттарды шешуде білім алушы субъектілердің қызметі 
бірігеді, ал жеке іс-әрекет ретінде студенттің ӛзіндік іс-әрекетін анықтау 
барысында проблемалы жағдаяттар педагог басшылығымен орындалады. 
Н.В. Басованың пікірінше, проблемалы жағдаяттар – бұл «адамның 
бойындағы бар білімнің кӛмегімен жаңа фактілерді түсіндіре алмай зияткерлік 
тұрғыдан қиналған психологиялық күй, немесе белгілі білім кӛзін бұрынғы 
тәсілдер бойынша орындап, одан жаңа тұжырымдар тудыру кезінде болатын 
ойлау әрекетіндегі қиындық» [314]. Бұл жерде белсенді ойлау мұқтаждығына 
зәру болады және «неге?» деген сұраққа дұрыс жауап іздеу әрекеті туындайды. 
Ал мұқтаждық адамның ойлау әрекетін оятатын мотивтердің туындауына 
апарады. Осы әрекеттер жүйелі түрде орындалуы проблемалы оқытудың мәні 
болып саналады. Сондықтан, ойлау әрекетіндегі қиындық, стандарттан тыс 
шешімдер іздеп, ойлау операцияларын, тапқырлығының дамуына ықпал етеді. 
Т.В. Кудрявцев оқытудағы проблемалы жағдаяттың дұрыс құрылуы үшін 
үш талап қояды: Біріншіден, проблемалы жағдаятты шешуде білім алушы 
ӛзінің танымдық белсенділігіне сүйене отырып орындауы тиіс. Екіншіден, 
проблемалы жағдаятты тудыратын сұрақтардың студент үшін маңыздылық 
деңгейі. Үшіншіден, проблемалы жағдаяттар құрылымы динамикалы (бірінен 
кейін бірі туындап отыратын, бір мәселе екінші мәселені талқылауға түркті 
болатын қозғалмалы) болуы тиіс [315].
Студенттердің ӛз бетінше іс-әрекет жасау деңгейіне байланысты 
проблемалы оқыту әрекетін осы оқыту әдісінің тӛрт түрінің біреуімен 
жоспарланады: 
- бірінші деңгей – оқытушы ӛзі проблемалы мәселені ортаға салып, оны 
студенттердің белсенді талқылауын тыңдағаннан кейін шешімін шығарады 
(проблемалы тақырыпты жалпы дидактикалық әдіспен шешу); 
- екінші деңгей – оқытушы проблеманы ортаға салады, студенттер ӛз 
бетінше немесе оқытушы кӛмегімен сол мәселені бӛліп-бӛліп талқылайды 


96 
(іріктеп-іздену әдісі); бұл жерде проблемалардан шағын, жеңіл үзінділер 
алынып, ойлауға, талқылауға, пайымдауға кең жол ашылады
- үшінші деңгейде студент ӛзі проблеманы ортаға қояды, ал оқытушы оны 
бірге шешуге кӛмектеседі; 
- тӛртінші деңгейде студент проблеманы ӛзі ортаға салады және оны ӛзі 
шешеді. 
Проблемалы білім беру деңгейлерінің үшінші және тӛртінші кезеңінде , 
тіпті кейде екінші деңгейінде зерттеу әрекеттері жүзеге асырылады. Осы 
проблемалы оқыту әдісін зияткерлік міндеттерді шешуде қолданған тиімді. 
Себебі, оның нәтижесінде студент жаңа білім ала алады және зияткерлік 
әрекеттердің жаңаша дағдыларын үйренеді, ішкі мүмкіндіктерін, зияткерлік 
әлеуетін, ойлау қабілеттерін шыңдайтын іскерлік қалыптасады және бұл оқыту 
үрдістері болашақ мұғалімдерді дайындауда, олардың зияткерлік әлеуетін 
дамытуда аса маңызды. 
Оқыту үрдісін проблемалы етіп ұйымдастыру барысында әдістердің 
барлық жүйесі болашақ маман дайындауға жан-жақты бағытталады. Яғни оның 
кәсіби зияткерлік қабілеттерін дамытуға, зияткерлік қабілеті белсенді тұлға 
қалыптастыруға жұмсалады. Осылайша, оқу үрдісін проблемалы етіп 
ұйымдастыру болашақ мұғалімнің зияткерлік әлеуетін дамытудың басты шарты 
болып есептеледі. Ал аталмыш шартты жүзеге асыру тек арнайы контескті-
кәсіби проблемалы тапсырмаларды әзірлеу жолымен орындалады. 
Мұндай тапсырмалар тұлғаның зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 
негізгі дидактикалық құралдар қатарына жатады. Зияткерлік есептік-сызбалы 
тапсырмалар педагогтың кәсіби іс-әрекетті зияткерлік деңгейде орындау 
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Соның ішінде қиылыстыру, ассоциация, 
іскерлік ойындар, анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, ми шабуылы, топтық 
дискуссия, эвристикалық тапсырмалары зияткерлік қабілеттің айқын кӛрінісін 
қажет етеді. Іскерлікті қалыптастырушы тапсырмалар тұрғысынан қарасақ, бұл 
тапсырмалар жұмыстың әрбір бӛлігінде кездесетін жағдаятты оңтайлы шешуге 
бағытталуы тиіс және болашақ мұғалімнің осы тапсырмаларды шешуде тиімді 
әрі әсерлі болатын әдістерді табуға, қолдануға ықпал етуі тиіс. Сондай-ақ 
педагогтық идеялар мен жобаларды зияткерлік кӛзқараспен сезіне алу, түйсіне 
алу іскерлігін нығайтуға септігі боулы тиіс, ӛзі қабылдаған шешімнің орынды, 
қажетті, әрі тиімді екеніне кӛз жеткізіп, толық дәйектей алатын сенімділікке 
тәрбиелеуі тиіс. Бұған қоса, студенттерді жұмыс барысында таңдаулы 
шешімдерді шектей білуге бағыттау қажет. Тек сыртқы әсерін ғана емес, ӛзінің 
алғашқы, бастапқы идеяларын қайтадан қарастырып, тексеріп, тапсырманың 
маңызды мақсаты мен талабына назар аударып, ең қажетті шешіміне тұрақтай 
білуге баулу қажет. Ӛзінің жинақтаған кәсіби білімі мен әдіс-тәсілдерін, 
технологиясын еркін қолданып, жүзеге асыра алатын сенімдік қабілетін 
шыңдау қажет. Ӛзінің әрекетінен алынған нәтижеге ӛзі баға бере алатын 
дағдыны қалыптастыру қажет.


97 
Жоғарыда аталған тұжырымдар студенттердің ӛз бойында зияткерлік 
әлеуетін ӛздері дамытуға жалпы және арнайы түрде сапалы дайындау 
жолдарын кӛздейтіні анық болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет