Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


А.Реанның модификациясымен «Кәсіби іс-әрекеттің мотивациясы»



Pdf көрінісі
бет30/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56
1. А.Реанның модификациясымен «Кәсіби іс-әрекеттің мотивациясы» 
атты К. Замфирдің әдістемесі. 
Әдістемені қолдану мақсаты - кәсіби іс-әрекеттегі зияткерлік әлеуетке 
мотивацияны анықтау. Әдістеменің негізі ретінде ішкі және сыртқы мотивация 
туралы тұжырымдама алынды. Сыналушыларға кәсіби іс-әрекетке мотивтер 
тізімі беріледі және нұсқау ұсынылады. Нұсқаудың мазмұны тізімдегі 
ұсыныстардың мәніне қарай бесбаллдық жүйемен ӛзін-ӛзі бағалау. Алынған 
мәліметтер негізінде, сынақ кілтіне сәйкес, нәтижелері ӛңделіп талқыланады 

317

. Біздің зерттеуімізде, кӛрсетілген критерийлерге және тұлғаның 
зияткерлік әлеуетінің даму кӛрсеткіштеріне сәйкес, ішкі мотивациясының 
кӛрсеткіштері қолданылады, олар зияткерлік әлеуеттің басты шарты, кӛзі 
болып танылады. Ал сыртқы мотивация тұлғада қоршаған ортаның (оқытушы 
мен ата-аналардың талаптары, т.с.с) ықпалымен туындайды.
2. Х. Зиверттің шығармашылық қабілеттерді анықтауға арналған 
сынағы. Зияткерлік мүмкіндіктер дегеніміз тек оқыту шарттары ғана емес, 
сонымен қатар, алдыңғы оқытудың нәтижесі. Интеллект тесттері ақыл-ой 
дамуының нышандарын және әлеуетін ӛлшемейді, тек бүгінгі күнге адамда 
қалыптасқан таным іс-әрекетінің білік және дағдыларының деңгейін ғана 
анықтайды [318]. Аталмыш сынақ тапқырлық, қиылыстыру қабілеттілігі
дивергенттік ойлау, ассоциациялар еркіндігі сынды кӛрсеткіштерді анықтауға 
қолданылды. Дивергенттік ойлау, тапқырлық зияткерліктің дербес және басты 
құрылымдық элементі болып табылады [117]. 
Дж. Гилфорд алғашында ойлаудың дәлдігі, жаңаны жасауға қабілеттілік, 
дивергентті ойлау сияқты зияткерлік параметрлерді креативтілік құрылымына 
жатқызған. Сӛйтіп, интеллект пен креативтілік арасында оң байланыс 
қалыптасты. Кӛптеген зерттеулерді талдау нәтижесінен байқағанымыз, жоғары 
зиятты сыналушылар шығармашылық мінез-құлық танытпауы мүмкін, бірақ 
зияткерлігі тӛмен креативті адамдар болмайды. Зияткерлік әлеует бүгінде 
болашақ мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекет атқаруының негізгі шарты және 
шығармашылық, арнайы білімдер сияқты маңызды қасиеттердің бірі.
Ең алғаш сыналушылар арасында зияткерлік әлеуеті жоғары деңгейлер 
анықталды. Мұндай мақсатпен арнайы әдістеме даярланды. 
Х. Зиверт зияткерлік әрекеттің шығармашылықпен тығыз байланысын 
белгілей отыра, екі іс-әрекетсіз жаңа ӛнімдердің туындауының мүмкін еместігін 
айтады. Яғни, зияткерлік әлеует деңгейі шығармашылық, арнайы білімдер 
сияқты маңызды. Зияткерлік әлеуеті дамыған тұлға ӛзгелерге қарағанда осы 
әлеуетін шығармашылықпен қолдануға әбден жағдайы болады. Сонымен 
қатар, Х. Зиверттің кӛзқарасы бойынша: «шешімі зияткер, шығармашыл 
адамдармен табылған қиын мәселелердің шешімдерін топтастыруда екі 
категория туындайды. Біріншісі - бар идеялардың дамуы, екіншісі-мүлдем жаңа 
құрылым қиылыстыру, құру» [318, 79б.]. 


100 
Х. Зиверттың тұжырымы бойынша, шығармашылық, сана асты жасырын 
бар идеялардың рекомбинациясы. Осы теорияға негізделсек, сана асты 
идеяларды қиылыстыру жаттықтыруға және тестілеуге болатынын кӛреміз. 
Автордың пікірінше, «егер, жаңа қиылыстыру кӛзі сана асты ой болса және 
бақылауға бағынбаса, онда екем дегенде нақты нәтижені саналы түрде 
қабылдауға болады». Мұнда жаңа идеяны «жабыстыру» туралы айтуға болады» 
[318, 80б.]. Тест кӛмегімен адамның кӛп жағдайда ойлаудың тек логикалық 
құрылған жүйесінен бас тарту және жаңа ойлау ӛлшемдерін меңгеру 
қабілеттілігін анықтауға болады.
Сынақтың кӛмегімен келесі ауыспалы ӛлшемдерді анықтауға болады: 
тапқырлық (вербалды), қиылыстырушы қабілеті (вербалды), дивергентті ойлау 
техникалық-құрылымдық), ассоцияциялар еркіндігі (визуалды). Зерттеулер 
негізінде зияткерлік әлеуетті дамыту - кӛптеген іс-әрекеттер түрлерінің міндетті 
шарты деуге болады. Зияткерлік әлеуетсіз шығармашылық болуы мүмкін емес. 
Қазіргі кезде кез келген ел, ӛз азаматтарының зияткерлік әлеуеттерінің 
мүмкіндіктерімен дамуда. Зияткерлік әлеует, шығармашылық сияқты ӛте 
маңызды. Зияткерлік әлеуеті жоғары тұлға, ӛзінің шығармашылық 
мүмкіндіктерін басқалармен салыстырғанда, бүгінде іс-әрекетті нәтижелі 
орындауға пайдалана алады 

320

.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет