Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне



Pdf көрінісі
бет29/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56
2.2 Болашақ мҧғалімнің зияткерлік әлеуетін дамыту мәселесіне 
арналған айқындаушы эксперимент қорытындылары
Эксперимент - бұл зерттеудің жалпы эмпирикалық әдісі. Бұл әдісте 
нысандар мен құбылыстар қатаң байқау, басқару талаптарымен игеріледі. 
Тәжірибелік-эксперименталды 
зерттеу 
жұмысының 
мақсаты 
– 
студенттердің зияткерлік әлеуетінің дамуын зерттеу, оның дамуына 
психологиялық механизмдердің ықпалын айқындау және зияткерлік әлеуетті 
дамытуға бағытталған, әзірленген арнайы курсты іске асыру, тиімділігін 
тексеру. 
Тәжірибелік-эксперименталды жұмысқа Қазақ Ұлттық педагогикалық 
университетінің «Педагогика және психология» институтының күндізгі оқу 
бӛлімі қазақ топтарының студенттері қатысты. Барлығы: 192 студент.
Эксперимент екі кезеңнен құрылды: 
Айқындаушы экспенримент кезеңінде сыналушылардың зияткерлік 
әлеуетінің дамуының деңгейінің алғашқы күйі анықталды, тұлғаның зияткерлік 
әлеуетін дамыту кӛрсеткіштері мен психологиялық механизмдердің 
арақатынасын айқындалды, эксперименттік топ (ЭТ) және бақылау тобы (БТ) 
құрылды. 
Қалыптастырушы эксперимент барысында сыналушылардың зияткерлік 
әлеуетін дамытуға бағытталған арнайы курс іске асырылды және алынған 
мәліметтерді талдау, ӛңдеу, жүйелеу және талқылау жүргізілді. 
Эксперименттің 
айқындаушы 
кезеңінде 
болашақ 
мұғалімдердің 
зияткерлік әлеуетінің даму деңгейін анықтау үшін валидітілігі тексерілген, 
зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес мынандай психодиагностикалық 
әдістемелерді қолдандық:
1. А.Реанның модификациясымен «Кәсіби іс-әрекеттің мотивациясы» 
атты К.Замфирдің әдістемесі (Қосымша А); 
2. Х.Зиверттің шығармашылық қабілеттерді анықтауға арналған сынағы 
(Қосымша Б); 
3. «Тұлғаның бағыттылығын анықтау» әдістемесі (Қосымша В); 
4. В.И. Моросанованың «Ӛзін-ӛзі басқару стилі» атты сауалнамасы 
(Қосымша Г); 
5. А.В. Карпов мен В.В. Пономареваның «Рефлексивтіктің дамуының 
даралық ӛлшемі» атты әдістемесі (Қосымша Д); 


99 
6. A.M. Прихожанның модификациясымен Дембо-Рубинштейннің «Ӛзін-
ӛзі бағалауды зерттеу» атты әдістемесі (Қосымша Ж). 
Жоғарыда аталған әдістемелерге толығырақ сипаттамасына береміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет