Кенжебаева таттыгуль бекбалтиновна


В.В. Пономареваның «Рефлексивтіктің дамуының даралық ӛлшемі»



Pdf көрінісі
бет32/56
Дата10.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#80907
түріДиссертация
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56
В.В. Пономареваның «Рефлексивтіктің дамуының даралық ӛлшемі» атты 
әдістемесі қолданылды. Әдістеме 27 мақұлдаудан тұрады. Барлық 
талқылауларды тӛрт топқа топтастыруға болады: 
- іс-әрекеттің ретроспективтік рефлексиясы; 
- қазіргі уақыттағы іс-әрекеттің рефлексиясы; 
- болашақ іс-әрекеттің рефлексиясы; 
- басқалармен қарым-қатынас пен әрекеттесудің рефлексиясы. 
Нәтижелердің баллдары әдістеменің кілті бойынша есептеледі. Баллдар 
кӛрсеткіштерге аударылады.
Нәтижелердің тұрақтылығының сенімділігін бағалау қайта тестілеу 
арқылы жүргізілді. Бірінші және екінші зерттеулердің нәтижелік баллдарының 
корреляция коэффициенті 0,78 құрады 

321


Тесттің критериалды валидтілігін тексеру үшін білім және жас 
критерийлері алынды. Екі түрлі топты Стьюденттің t-критериінің кӛмегімен 
салыстыруда мәнділік айырмашылықтар анықталды: білім бойынша-1= 2,61 (а 
=95), жас ерекшелік бойынша 1=2,72 (a=95%).
6. Ӛзін-ӛзі бағалау механизмін диагностикалау үшін «Ӛзін-ӛзі бағалауды 
зерттеу» атты Дембо-Рубинштейннің модификацияланған әдістемесі 
қолданылды. Бұл әдістеме сыналушылардың денсаулығы, ақылы, қабілеттері, 
мінездері, құрдастарының арасындағы беделі, ӛз қолымен кӛп нәрсені істей алу 
қабілеті, сыртқы бейнесі, ӛзіне сенімділігі сияқты жеке қасиеттерді бағалауға 
негізделген. 
Сыналушыларға ұсынылған тік сызықтарда ӛзінің аталған қасиеттерінің 
даму деңгейін белгілеу ұсынылды (ӛзін-ӛзі бағалаудың кӛрсеткіші). Әр 
сыналушыға инструкциямен тапсырмасы бар әдістеменің бланкісі ұсынылады. 
Бланктті толтыруға 10-12 минут беріледі. Бұл әдістеме ӛзін-ӛзі бағалау деңгейін 
анықтауға арналған: 
- тӛмен; 
- орташа; 


102 
- жоғары; 
- ӛте жоғары 

319


Әдістемені фронталды – топпен тұтас, сондай-ақ дара жүргізуге болады. 
Фронталды жұмыста әр сыналушы бірінші шкаланы қалай толтырылғаны 
тексеріледі. Ұсынылған белгілер сұрақ жауабына дұрыс қолданылғанына сенім 
туғызуы тиіс. 
Тәжірибелік-эксперименттік зерттеу бойынша зерттеу іс-әрекетінің 
алгоритмі (2-ші сурет). 
Сурет 3 - Зерттеу іс-әрекетінің алгоритмі 
Эксперименталды топтарының (ЭТ) және бақылау топтарының (БТ) 
бастапқы күйінің сәйкестігін белгілеу. 

Эксперименталды топқа әсер ету жағдайларын анықтау. 

Эксперименталды және бақылау топтарының соңғы нәтижелерінің 
айырмашылықтарын белгілеу. 

Эксперименталды топтың (ЭТ) бастапқы және соңғы күйіндегі 
айырмашылықтардың констатациясы. 

Бақылау топтарының (БТ) бастапқы және соңғы күйіндегі 
айырмашылықтардың констатациясы. 

Алынған мәліметтерді топтастыру, сәйкестіктерді тексеру әдісіне 
сипаттама беру, алынған ЭТ және БТ айырмашылықтарын белгілеу. 
Айқындаушы эксперимент кезеңінде психодиагностикалық әдістемелер 
арқылы эксперименттің қалыптастырушы кезеңінен кейін олардың даму 
динамикасын анықтау үшін сыналушылардың бастапқы зияткерлік әлеуетінің 
деңгейі сол әдістемелер кӛмегімен анықталады. 
Жүргізілген сынақтан кейін сыналушылар екі топқа бӛлініп айқындалды: 
эксперименттік (ЭТ-96 адам) топ және бақылау тобы (БТ-96 адам). 
Осы екі топқа сыналушыларды бӛлу олардың әрқайсысының зияткерлік 
әлеуетінің даму кӛрсеткіштерінің орташа мәніне негізделді. Олардың 
нәтижелері тӛменгі кестеде берілген (кесте 6). 


103 
Кестедегі мәліметтерді талдау бастапқы кезеңде эксперименттік және 
бақылау 
топтарындағы 
сыналушылардың 
зияткерлік 
әлеуеттерінің 
кӛрсеткіштерінің орташа мәнінде айтарлықтай айырмашылығы жоқ екенін 
кӛрсетті. Мұны Стъюденттің t-критериі бойынша математикалық ӛңдеу 
нәтижесінде алынған мәліметтер мақұлдады. 
Содан соң, бӛлініп кӛрсетілген критерийлер мен кӛрсеткіштер негізінде 
әр топтың сыналушыларының зияткерлік әлеуетінің даму деңгейлері 
анықталды (кесте - 7). 
Айқындаушы эксперимент кезеңінің нәтижелерін талдау екі топтың да 
сыналушыларының кӛрсеткіштерінің басым кӛпшілігінде зияткерлік әлеуетінің 
Кесте 6 - Зерттеудің басындағы эксперименттік топпен (ЭТ) бақылау 
тобының (БТ) сыналушыларының зияткерлік әлеуетінің кӛрсеткіштерінің 
орташа мәні. 
Сыналушылардың 
зияткерлік әлеуетінің 
кӛрсеткіштері 
ЭТ 
сыналушы-
лары 
БТ 
сыналушы-
лары 
Стьюдент 
t-
критериіні
ң мәні 
Деңгей 
мәнділігі, p 
Тапқырлығы 
16,9±1,2 
17,8±1,3 
0,89 
>0,05 
Қиылыстыру 
қабілетілігі 
23,1±1,4 
20,8±1,8 
0,44 
>0,05 
Дивергенттік ойлау 
34,9±3,1 
35,3±3,1 
0,23 
>0,05 
Ассоциация еркіндігі 
22,0±2,6 
21,7±2,9 
0,31 
>0,05 
Зияткерлік мотивация 
4,0±0,5 
4,1±0,5 
0,58 
>0,05 
Зияткерлік 
бағыттылығы 
24,1±1,3 
23,9

1,2 
0,21 
>0,05 
Кесте 7 - Эксперименттік (ЭТ) және бақылау (БТ) топтарының 
сыналушыларының зияткерлік әлеуетінің даму деңгейлері, (%) 
Зияткерлік 
әлеуеттерінің 
даму 
критерийлері 
Зияткерлік әлеуеттерінің 
даму кӛрсеткіштері 
Сыналушылардың зияткерлік 
әлеуеттерінің даму деңгейлері 
Жоғары Орташа 
Тӛмен 
ЭТ БТ ЭТ БТ ЭТ БТ 
Зияткерлік Тапқырлығы 


24,4 34,2 75,6 65,8 
Комбинация құруға 
қабілеттілігі 
5,1 3,2 50,7 46,2 44,2 52,0 
Дивергенттік ойлау 
48,4 47,3 36,1 48,1 15,5 11,0 
Ассоциация еркіндігі 
3,7 1,9 41,7 35,7 48,2 62,4 
Мотивациялық Зияткерлік мотивация 
59,4 54,0 37,1 33,0 3,5 13,0 
Зияткерлік бағыттылығы 
8,4 6,1 81,1 72,1 10,5 21,8 


104 
орташа деңгейде екені анықталды. Тұлғаның зияткерлік әлеуетінің жоғары 
деңгейі «дивергенттік ойлау» кӛрсеткіші бойынша байқалды, (бұл 
сыналушылардың жас ерекшеліктерімен байланысты: жастық шақ кезеңінде 
адам психологиялық тұрғыдан поливарианттылыққа, зияткерлік іс-әрекетте 
түрлі мәнділікке, күнделікті және дәстүрлі ұғымдардан босауға дайын және 
жастарға тән стандартты емес ойлауға бейім) және «зияткерлік мотивация» мен 
«зияткерлік бағыттылығы», кӛрсеткіштері бойынша жоғары деңгей анықталды. 
Бұл сыналушылардың ӛзінің жаңаны, әсіресе болашақ кәсібі және таңдаған 
мамандығының мазмұны туралы мәліметтерді білуге талпынысымен 
түсіндіріледі. Бұл дегеніңіз сыналушылардың стандартты емес ойлау, жаңа 
зияткерлік идеяларды туындату, сонымен бірге тұлғаның зияткерлік әлеуетін 
дамытуға қажеттілігін дәлелдейді. 
7-кестедегі мәліметтер «тапқырлық» кӛрсеткіші бойынша ең тӛменгі 
нәтижелермен сипатталады: бұл кӛрсеткіш бойынша эксперименттік топтың 
сыналушылары 75,6%, ал бақылау тобының сыналушылары 65,8% кӛрсетіп 
аталмыш сипаттамасының тӛмен деңгейде екені айқындалып отыр. Бұл 
сыналушылардың ойлауға, зияттық әрекетке, тапсырмаларды орындау 
барысында стандартты емес жауаптарды табуға сыналушылардың дайындығы 
жеткіліксіз екенін білдіреді. 
Алынған мәліметтерді топтастырып, оларды стандарттау негізінде жалпы 
нәтижелер алынды (Кесте 8) 
Сыналушылардың зияткерлік әлеуетінің тӛмен деңгейі эксперименталды 
топта - он үш сыналушыда, яғни - 13,6%; ал бақылау тобында – он бір 
сыналушыда -11,4%) құрады. Әр деңгей нәтижелерін екі топ бойынша кӛрнекі 
түрде 6 суреттен кӛруге болады. 
Кесте 8 –Эксперименттік және бақылау топтарындағы 
сыналушылардың зияткерлік әлеуетінің даму деңгейлері бойынша 
эксперименттің бастапқы кезеңіндегі бӛлінуі % 
Топтар 
Зияткерлік әлеуеттің даму деңгейлері 
Жоғары 
Орташа 
Тӛмен 
абс.с. 

абс.с. 

абс.с. 

Эксперименттік топ 

3,3 
80 
80,3 
13 
13,6 
Бақылау тобы 

1,1 
84 
87,5 
11 
11,4 


105 
Сурет 4 – Эксперименттің бастапқы кезеңіндегі сыналушылардың 
зияткерлік әлеуетінің кӛрсеткіштері. 
8-кестедегі 
мәліметтер 
экспериментке 
дейін 
екі 
топтағы 
сыналушыларында зияткерлік әлеуетінің деңгейі жоғары емес екенін кӛрсетті. 
Сыналушылардың басым кӛпшілігінде зияткерлік әлеуетінің даму деңгейінің 
орташа екені байқалды: ЭТ 80,3%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет