2-кесте. «Кәсіпкерлік», «кәсіпкер», «кәсіпкерлік пайда немесе табыс» терминдерінің даму эволюциялары
Ілімдердің бағыттар
жүйесі
|
Жылы
|
Теориялардың негізін қалаушылар
|
Экономикалық көзқарастар
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Классикалық саяси экономия. Меркантилизм саудагер, көпес –кәсіпкерліктің бірінші тұжырымдама-лары )
|
1615
|
Антуан де Монкретьен (Montchr, etien A de.)
|
- көпес - кәсіпкердің сауда қызметі - бұл елге байлықты тартатын насос;
- кәсіпкелік қызметтен алатын пайда пайда - бұл сыртқы саудадан түсетін ақшалай формадағы жиналымы немесе бағалы метелдар мен тастарды шығару
|
1669-1683
|
Ж.Б.Кольбер (Сolber J.B.)
|
- кәсіпкер -өнеркәсіпші функциялары өз кәсіпорына салымдарды ұлғайтудан, жаңа технологияны және техникалық құралдарды қолданудан, өндірісті ұлғайтудан және өнім сапасын жақсартудан, бағаларды төмендетуден, өткізу нарықтпрын кеңейтуден тұрады. Өнеркәсіптік тауарларды импорттау нәтижесінде ел байлығының жинақталуы қамтамасыз етіледі.
|
1725
|
Ричард Кантильон (Cantillon R)
|
- кәсіпкер түсінігін алғашқы болып енгізді (француз тілінен аудармасы «делдал»);
- кәсіпкерлер – бұл көпестер, қолөнершілер, фермерлер, қарақшылар;
- кәсіпкерлік табыс өнім бағаларының арасындағы айырмашылық пен
анықталады: арзан бағамен сатып алу және едәуір жоғары бағамен қайта сату;
- кәсіпкер қауіп жағдайларының әрекет етеді, өйкені ол алдын –ала өзінің болашақ табысын білмейді;
- кәсіпкер істегі капиталдың меншік иесі болыу міндетті емес
|
Классикалық саяси экономия. Физиократизм (табиғатты басқару)
|
1756
|
Франсуа Кенэ (Quesnay F.)
|
- кәсіпкер – бұл жер иесі, сауда және өнеркәсіптің негізгі қозғаушы күші бола отыр, өз еңбегімен мемлекттің ілгері дамуына ықпал етеді;
- кәсіпкер өндірісті ұйымдастыру үшін белгілі экономикалық ресуртарға ие болуы керек, жаңа әдістерді енгізу мен өз өнімі үшін өткізу нарықтарын іздестіруі қажет;
- жер және оған салынған жер иелерінің еңбегі таза өнім көздері (қазіргі тұсітінікте ұлттық табыс ) болып табылады
|
1766
|
Анн Робер Тюрго (Turgot A.R.J)
|
- кәсіпкер (капиталист)- қоғамды өзінің даму жолында алға қарай жылжыту үшін барлық қалған азаматтарға аванстар беретін, капиталды және сәйкес ақпараты бар адам;
таза өзім тек жай табиғат сыйлығы емес, ол жер иесімен меншіктелген, егін шаруашылығындағы жұмыскердің өнімді еңбегінің нәтижесі;
пайда, кәсіпкер – капиталис-пеналынатын табыстың дербес түрі ретінде таза өнімнің бөлігі болып табылыды
|
1767
|
Николас Бауде
|
- кәсіпкер – жаңалықтарға, инновациялық менеджментке бейімді адам;
- кәсіпкер түбінде меншік иесінен ерекшеленеді.
Меншік иесінің капиталы бар, ал кәсіпкер, капиталды меншікті иесінен қарызға алып, өз қаупі мен тәукеліне бел буып өндірістік процесті ұйымдастыруға болады
|
1797
|
Карно Бодо
|
- кәсіпкер кәсіпкелік іске жеке жауапкершілік алады;
- оның белгілі ой өрісі бар; өз кәсіпорының қызметін іскерлікпен ұйымдастырады, жоспарлайды, бақылайды
|
Экономикалық жүйе
|
1776
|
Адам Смит
|
- капиталист, жер иесі- бұл еңбек бөлінісінің артықшылықта-рын ұтымды пайдаланатын, өндірісті жоспарлайтын, ұйымдастыра-тын кәсіпкерлер
(меншік иелері) және «елеусіз қол» олардың еркіне және ойына тәуелсіз ең жақсы нәтижелерге бағыттайды;
- капиталистің кәсіпкерлік табысы- бұл материалдарды және төленген жалайқыны шегергендегі жұмысшылар- мен құрылған құнның бөлігі;
- жер иесінің кәсіпкерлік табысы - бұл өндірілген өнімнен жұмысшылар еңбегін шегерумен анықталатын рента
|
1803-
1823
|
Жан Батист Сэй
|
- кәсіпкер тәуекел мен белгісіздік жағдайларында жұмыс істейді және капиталиспен түбейгулі ерекшеленеді;
- кәсіпкерлердің негізгі функциясы – бұл үш факторды еңбек, капитал және жерді дұрыс үйлестіру. Егер факторлардың белгілі кобинациясы кәсіпкерге табылса аз, әкелсе, онда ол факторларды жаңа комбинацияда нарықтық кеңістіктің едәуір табысы сегменттеріне ауыстырады;
- өз еңбегіне сұранымды қамтамасыз етуде оның моральдык және кәсіби қасиеттерінің белгілі жинағы бар;
- кәсіпкер табысы капитал табысынан өзгешеленеді.
Кәсіпкер табысы жалақыны, капитал табысын (егер ол онда болса) және тәуекелділік ұшін қосымша төлемдерді қамтиды
|
Неокклассакалық теория (маржинализм)
|
1826
|
Иоган Генрих Тюнен
|
- кәсіпкерлік тәуекелділік ауыртпалығы көтеру фынкцияласы болып табылады, және де тәуекелділік болжанбайды, оған сақтануға болмайды;
- кәсіпкер пайдасы, жалпы пайдадан инвестициялан- ған капитал пайызын, басқару төлемі мен сақтандыру жарнасын шегергенде, алынатын қалдық табыс ретінде анықталады
|
Неоклассикалық теория (австриялық мектеп )
|
1871
|
Карл Менгер
|
- тәукелдер кәсіпкер жұмысында сирек құбылыс, бірақ егер олар болсада, оның қызметінде үлкен роль атқармайды;
- шешімдерді қабылдау үшін кәсіпкер ақараттарды жинауы тиіс, өндіретің тиімді вариантын таңдау мақсатымен сәйкес есепиеулер жұргізуі; кәсіорын мақсаттарына ең көп жауап беретін өнімді таңдау және өндірістік процестің жүргізілүін ұтымды басқару керек.
|
Экономикалық жүйе
|
1890
|
Альфред Маршалл
|
- кәсіпкерлік –бұл жекелеген кәсіпорындар шеңберінде алынған өндіріс факторларының комбинациясы;
- кәсіпкер тәуекелділікті және бизнестің табысты болуы ұшін жауапкершілікті алуымен менеджерден ерекшеленеді;
- кәсіпкер –бұл жаңа өнім мен қызметтерді өндірумен айналысатын, өндірістің жаңа тәсілдерін енгізетін, өткізудің жаңа нарықтары мен шикізаттың көздерін игеруші, қоғамның салалық құрылымын өзгертуші жаңашыл;
- капиталлистер (фабрикант –саудагерлер), «индустрия капитандары», «директорлар», негіз салушылар (делдеалдар) кәсіпкерлер болаалады. Капитал иесі әлі кәсіпкер емес;
- капиталистер өз жұмысын саалы орындауға ұмтылады, оларға кәсіби жаукершілік, «жаңа жеңістер», «творчество-лық қуаныш» тілегі тән, сыртқы ортадағы кедергілерді үнемі жеңеді;
- кәсіпкер үшін өндіріс табыстарының өсуімен немесе шығындардың төмендеуімен байланысты, кәсіпкерлік табыс стимул болып табылады.
|
Кейнсиандық
|
1936
|
Джон Мейнард Кейнс
|
- кәсіпкерлік белгілі мемлекеттік шаралармен реттелуі керек;
- кәсіпкелік тәуекелділік, өзіне сенімділік, оптимизм, жарқындық сияқты дербес сипаттамалар-дың болуымен байланысты;
- кәсіпкер – бұл шаруа адамының әлеуметтік- психологиялық типі, табысты екі бөлікке: тұтыну және жинақтауға дұрыс жатқызу қабілеті соншалықты тән;
- кәсіпкердің негізгі мінездемелері: сақтық, үнемшілдік, жақсыға ұмтылу, тәуелсіздік, іскерлік, тәкапарлық, сарандық
|
Неолиберализм
|
1921
|
Френк Хайнеман Найт
|
- кәсіпкерлік қауіп және белгісіздік ауыртпалығы-мен, өндірістің негізгі өлшемдерін анықтаумен және кәсіпкерлік пайданы алу мақсатындағы айырбаспен байланысты;
- кәсіпкерлік пайда – бұл күткен және жүзеге асырылған түсімдер арасындағы қарастырылма-ған айырмашылық;
- кәсіпкердің ерекше дербес қасиеттері, сонның ішінде сенуі болуы тиіс.
|
1961
|
Давид Макклеланд
|
- кәсіпкер пайдаға арқа сүйеуі, қоршаған ортадағы болашақ өзгерістерді көре білуі тиіс,жігерлі, қабылданған шешімдердің салдарына жауап бере алатындай болуы керек.
|
1964
|
Питер Друкер
|
- кәсіпкерлік -бұл жаңалық;
- кәсіпкер – бұл жаңалықтарды максималды пайдасымен қолданатын адам;
- кәсіпкер фунциясы бизнесті дамытудың қолайлы мүмкіндіктерін іздестіруден тұрады
|
1967
|
Фридрик фон Хайек
|
- кәсіпкелік екі ережеге негізделген: бөтен меншікті иеленуден бас тарту және өзіне алынған міндеттемелерді орындау;
- кәсіпкер – алда, батыл, «ережеле бойынша» бәсекелестік күресті жүргізетін адам
|
1975
|
И.Кирцнер
|
- кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайыда, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраным мен ұсынымның сәйкессіздігімен қамтылған әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді;
- кәсіпкердің пайданы алудағы пайда болған мүмкіндіктерге жоғары сезімталдығы бар;
- кәсіпкер – алыпсатарлық келісімдермен айналысатын адам,өнімді өндіруші және арзан өзіңді игеру жағдайында өнімді тұтынушы;
- кәсіпкерлік функция тауарларды арзан бағамен сатып алып және едәуір жоғары бағамен сату айырмасына,қолданылған ресурстар және дайын өнім бағаларының айырмасына негізделген
|
1990
|
К..Макконелл С.Брю
|
- кәсіпкер – бұл кәсіпорында жаңа өңімді немесе қызметті өндіруді ұйыдастыруға, жаңа технологиялардың және өндірісті ұйымдастырудың жаңа формалары еңгізуге ұмтылатын, өз капиталы мен немесе акционерлер капиталымен, уақытпен, беделімен әр қашан тәуекелділікке бел буатын жаңашыл
|
1997
|
Л.А.Колесникова
|
- кәсіпкерлік толық емес ақпарат жағдайында, өндірілетін өнім немесе қызметке сұраныс мен ұсынымы сәйкессіздігімен қамтылған, әр қашан өзгеретін нарықтық жағдайда әрекет етеді. Бұл процесс олардың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігінің кешенің қанағаттандырудағы кәсіпорынның негізін салушылар мен жетекшілерінің мүмкіндіктерін максимализациялауға жету мақсатында оларды қалыптастыру-дың микро және макро ортасымен жеке және ұжымдық әрекетесуде жүзеге асырылады.
|
Берілген дәуірдің экономикалық қызметін жүйеге келтіру өз көрінісін меркантилизмде тапты, оның негізін қалаушы А.Монкретьен, Т.Ман, Р.Кантильон, Ж.Б.Кольбер және тағы басқалары болып табылады. Меркантилизм теориясының мәні келесі ерекшеліктермен сипатталады: алтын және қандай да болмасын қазыналар ел байлығын көрсетеді, олардың келіп түсуі дайын өнеркәсіптік өнімді импорттау арқылы сыртқы саудамен қамтамасыз етіледі. Осындай жағдайларда айналым сферасымен байланысты, өсімқор және көпес кәсіпкерлердің қызметі капитал қорлануының негізгі көздері болып табылады. Осы аралықта көпестердің сауда қызметінің мемлекет үшін мәні зор, оның нәтижелеріне жеке алынған индивидум мен жалпы ұлттың тұрмыс жағдайы байланысты болды. Сонымен, француз ақ сүйегі Антуан де Монкретьен кәсіпкер-көпестің сауда қызметін елге байлықты тартатын насоспен салыстырды.
Сөйтіп, орта ғасыр дәуірінде кәсіпкерлік деп көпестердің сауда, коммециялық қызметін, кәсіпкер деп – саудагерді (көпес) түсінді, ал кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда – бұл ақша түріндегі сыртқы сауда қорлары немесе асыл металдарды және тастарды шығару.
Француз тілінен таралған «кәсіпкерлік» (enttrepeneur) ұғымын экономика теориясына тұңғыш рет ағылшын банкирі, әрі экономисті Р.Кантильон енгізді. Р.Кантильон кәсіпкер деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату менсатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле білмейтін адамдарды (саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер т.б.) аталған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады.
Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы ден қойғандар «саяси экономияның» ғылымы ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болады. Аталмыш мектебінің негізін салушы Ф.Кэне (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әр қашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер – шаруа қоғамдық саудагерлікте басты роль атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздік мемлекеттік қайраткері, әрі экономисті А.Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы). Соңғы топты А.Тюрго тағы да екі топқа бөлді: а) кәсіпкер-мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер. ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер – капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп ғана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған.
Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп, оның қазіргі жағдайдағы іс-әрекеті мен пайда болуын ескеріп кәсіпкерлікті былайша түсінуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |