Кенжин жаксат болатович


Сурет 4 - Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері



бет6/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Сурет 4 - Кәсіпкерлік қызметтің субъектілері

Жеке кәсіпкерлер – бұл заңнамада белгіленген тәртіппен, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмастан жүзеге асыратын тұлғалар. Жеке кәсіпкерлер барлық міндеттемелер бойынша толық мүліктік жауапкершілігімен сипатталады.


Заңды тұлға – бұл жеке мүлікті иеленген, өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленетін, арбитраждық сотта талапкер және жауапкер болып әрекет ететін ұйым.
Барлық заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.
Коммерциялық ұйымдар қызметі пайда алуға және алынған пайданы қатысушылардың арасында бөлуге негізделген кәсіпорындар болып табылады. Ал пайда алудың мұндай мақсаты жоқ ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Коммерциялық емес ұйымдарға тұтынушылық кооперативтер, мекемелер, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар мен бірлестіктер, қайырымдылық және басқа қорлар жатады.
Кәсіпкерлік қызметтің объектілері дайындалған өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет, яғни қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыра алатын және нарықта сатып алу, пайдалану және тұтыну үшін ұсынылатын нәрселер болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты мен факторлары, негізінен, фирманың тұжырымдамалық идеяларынан келіп шығады. (5-сурет).





Сурет 5 - Фирма мынадай сұрақтарды қарастыру қажет

Кәсіпкерлік қызмет өмір сүруінің негізгі мағынасы пайда алуда, кірісті барынша арттыруда. Бұл мақсатқа сатып алушының сұранысын қанағаттандыру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ал сатып алушы жоғары сапалы тауарды (көрсетілетін қызметті) төмен бағамен сатып алғысы келеді. Өз мақсатына қол жеткізу үшін кәсіпкердің сапалы және бағасы қолжетімді тауар (көрсетілетін қызмет) өндіруі тиіс екендігі түсінікті. Бұл үшін ол қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы өзінің бар шеберлігін, қабілетін пайдалануы тиіс. Осылайша кәсіпкердің негізгі мақсаттарына:


-пайда алу және оны барынша арттыру;
-соңғы тұтынушының сұранысын қанағаттандыру;
-қызметін тиімді ұйымдастыру (шығындарды азайту, шикізаттың жаңа көздерін, өндірістің жаңа әдістерін іздестіру, инновацияларды енгізу және т.б.) жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет