Кенжин жаксат болатович


Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары



бет8/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Байланысты:
кітап кәсіпкерлік общая

Кәсіпкерліктің түрлері және ұйымдастыру формалары
Отандық және шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік қызметті жіктеудің нақты жүйесі анықталған жоқ.
Ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлік қызмет акционерлік, мемлекеттік, бірлескен және фермерлік болып бөлінеді.
Меншік нысаны бойынша мемлекеттік, жеке және шетелдік болып бөлінеді. Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ұйымдық-құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге болады (жекелеген кәсіпкерлік, өндірістік кооператив, толық серіктестік, командитті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорындар).
Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерлік жеке кәсіпкерлік, серіктестік, акционерлік қоғамды біріктіреді.
Жеке кәсіпкерлік – бұл бір адамның немесе бір жанұяның кәсіпкерлікпен айналысуы.
Серіктестік – бұл екі немес одан да көп адамдардың капитал салымдар (үлестері) негізінде құрылған табыс алуға бағытталған іс-әрекеті. Серіктестіктің түрлері:

  1. Толық серіктестік мүшелері өз мүліктері шеңберінде жауапкершілікке ие болады.

  2. Коммандиттік серіктестік мүшелері аралас жауапкершілікке ие болады, яғни біреуі толық мүлікпен, ал екіншісі салынған капиталы негізінде жауап береді.

  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүшелері тек қана салынған капиталы негізінде тәуекелге барады және жауап береді.

Акционерлік қоғам – бұл жарғылық капиталы белгілі бір үлестерге (акцияларға) бөлінген, заңды тұлға құқығы бар кәсіпорын. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екіге бөлінеді. Ашық акционерлік қоғам өз акцияларын ашық сатуға және басылымдарда акциялардың құнын жариялауға құқылы. Жабық акционерлік қоғамда акциялары құрылтайшылары арасында астылатын, акциялардың құны басылымдарда жарияланбайтын акционерлік қоғамның түрі.
Ұжымдық-экономикалық кәсіпкерлік формалары:

  1. Концерн – көп салалы іс-әрекетпен ерекшеленетін өнеркәсіп саласындағы корпорацияның кең тараған формасы.

  2. Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Ассоциацияның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

  3. Консорциум – ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

  4. Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

  5. Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері, патент айырбастау жөнінде келісім.

  6. Трест – белгілі бір тауарды өндіру бойынша белгілі бір түрдегі монополисттік бірлестік.

Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.
Кәсіпкерліктің түрлеріне өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес беру, сақтандыру, делдалдық кәсіпкерлік жатады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет