Кәсіпкерлік ұйымдарының мәдениеті,
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуы ең алдымен кәсіпкерлік ұйымдардың мәдениетінен, кәсіпкерлердің өздерінің мәдениетінен, іскерлік этика деңгейінен, іскерлік қатынастар мәдениетінен қалыптасады. Кәсіпкерлік ұйымның мәдениеті, өз кезегінде, бірқатар сыртқы және ішкі факторлармен анықталады:
ұйым қызметкерлерінің назарын сыртқы міндеттерге аудару - ашықтыққа, клиенттерге нақты және сапалы қызмет көрсетуі, тұтынушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;
қызметкерлердің адал болу, олардың ұйымның аралық және соңғы мақсаттарына қол жеткізу барысында олардың өз рөлінің қаншалықты маңызды екені туралы ақпарат алуы;
ұйымда шешім қабылдау барысында шешімдерді қабылдаудың топтық нысандарының басым болуы;
ұйым қызметінің алдын ала жасалған жоспарларға сай жүруі, жекелеген қызметкерлер мен қызметкерлер топтары арасындағы тығыз ынтымақтастық;
ұйымдағы инновациялық үдерістер, инновациямен қатар жүретін тәуекелге дайын болуы.
Ұйымдастырушылық, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет ұғымдарының орналасуы 8-кестеде көрсетілген.
8-кесте. Ұйымдастыру, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет ұғымдарын салыстыру
Салыстыру параметрлері
|
Ұйымдастыру мәдениеті
|
Корпоративтік мәдениет
|
Кәсіпкерлік мәдениет
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Талдау объектісі
|
Жергілікті салалық ұйым
|
Көп салалы компания.
Халықаралық корпорация.
|
Ұйым шаруашылық жүргізуші субъект ретінде.
|
Концептуалды диапазон
|
Жеке ұйым деңгейінде
|
Корпорация деңгейінде
|
Мемлекеттік деңгейде
|
Мазмұны
|
Жалпы
|
Барлық ұйымдар үшін жеке
|
Ұйым мәдениетінің ерекшеліктерін тарихи негізделген жағдайлар тұрғысынан сипаттайды.
|
Пайда болу көздері
|
басшы
|
Директорлар кеңесі
|
Басшы/меншік иесі
|
Талдау деңдейі
|
Макро
|
Мезо
|
Микро
|
басым институционалдық құндылық.
|
Сапаны арттыру. Нарықтық ресурсты үнемдеу. Өндірісті ұйымдық-техникалық дамыту. Тұлғаның дамуы.
|
Сапаны арттыру. Нарықтық ресурсты үнемдеу. Өндірісті ұйымдық-техникалық дамыту. Тұлғаның дамуы.
|
Сапаны арттыру. Нарықтық ресурсты үнемдеу. Өндірісті ұйымдық-техникалық дамыту. Тұлғаның дамуы.
|
Ұйымдастыру мәдениеті проблемасының өзектілігін көрсететін жағдай.
|
Ұйымның құрылымы, стратегиясы мен мәдениетінің сәйкес келмеуі.
|
Біріктіру. Қазақстандық нарықта шетелдік фирмалардың құрылуы және жұмыс істеуі.
|
Кәсіпорындардың, бизнестің жаңа салаларының қарқынды дамуы.
|
Әсер етуі.
|
Ұйымның элементтері және оның қызметкерлері.
|
Бизнес-серіктестер арасындағы өзара қарым-қатнас.
|
Іскер серіктестердің қарым-қатынас процесі. Іскер серіктестердің бизнесін ұйымдастыру.
|
Тәжірибедеұйымдық, корпоративтік және кәсіпкерлік мәдениет ұғымдарын салыстыру олардың араласуына алып келеді.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің басты элементі барлық қолданыстағы заңдарды сақтау болып табылады. Ұйым өз жұмысы барысында мемлекетпен, қоғаммен, жеткізушілермен және тұтынушылармен, өз қызметкерлерімен әртүрлі қарым-қатынас жасайды. Бұл ретте ол кәсіпкерлікті дамытуға тікелей немесе жанама әсер ететін қолданыстағы құқықтық актілерді, стандарттарды, ережелерді, нормаларды қатаң сақтау қажет.
Қабылданған міндеттер мен міндеттемелерді қатаң ұстану кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің тағы да бір маңызды элементі болып табылады.Кез келген ұйымның заңнамалық актілерден, келісім шарттардан туындайтын міндеттемелері бар. Оларды бұзу серіктестерге, жеткізушілерге және тұтынушыларға, ұйым қызметкерлеріне мүліктік және моральдық зиян келтіреді.
Кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің міндетті элементі-бизнесті әділетті жүргізу.Барлық дамыған әлемде адамдарға, бизнес бойынша серіктестерге, мемлекетке әділ болу - кәсіпкерлік мәдениетінің маңызды белгісі болып саналады.
Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы кәсіпкерлік қызмет мәдениетінің маңызды элементі болып табылады. Бұл нормалар кәсіби этиканы, бизнесті жүзеге асырудың жалпы қабылданған ережелерін, кәсіпкерлердің мәдениеті мен тәрбиелілігінің деңгейін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |