Кенжин жаксат болатович


нақты мінез-құлыққа әсер етеді



бет57/71
Дата25.10.2022
өлшемі0,95 Mb.
#45251
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71
нақты мінез-құлыққа әсер етеді.


Сурет 25 - Кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуы.

Яғни кәсіпкерлік мәдениетке аясы кең ұғым ретінде төмендегідей де анықтама беріледі: «Кәсіпкерлік мәдениет –белгілі бір уақыт аралығында кәсіпкерлік субъектілерді экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-құлық үлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, әлеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы болып табылады ».


Адамдарға әсер етудің, яғни оларды басқарудың 3 түрлі құралы бар, олар:

  • Иерархия (ұйым), онда адамға әсер етудің негізгі құралы бағындыру болып табылады;

  • Нарық, онда көлденең түрде тепе-теңдіктен қарым-қатынастар қалыптасады;

  • Мәдениет – жасап шығарылған және қоғамммен танылған құндылықтар, мінез-құлық ерекшеліктері, әлеуметтік нормалар.

Мәдениет қызметтің әртүрлі нысандарында және әлеуметтік жүйелердің әр түрлі деңгейлерінде танылады. Мәдениеттің екі жағын бөліп көрсетеді: рухани және материалдық. Материадық мәдениеттің құрамына нысандары мен типтері бойынша алуан түрлі материалдық-өндірістік база, шикізат және энергетикалық ресурстар, еңбек құралдары және материалдық өндірістің басқа да өнімдері, адамдардың материалдық-заттық, тәжірибелік қызметі, өндіру, айырбастау және тұтыну барысындағы материалдық-заттық қатынастар, материалдық құндылықтар жатқызылады.
Материалдық мәдениеттің құрамдас бөлігі кәсіпкерлік мәдениет болып табылады. Оған басқару мен ұйымдастыру, айырбастау мен үлестіру, технологиялар, еңбек жағдайларының және т.б. мәдениеті жатады. Яғни, ол кәсіпкерлік қызмет үрдісі барысындағы субъектілер арасындағы қатынастардың ұдайы өндірісімен байланысты.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру мәдениетінің 10 негізгі белгісін бөліп көрсетуге болады:

  1. Мәдениет әлеуметтік болып табылады, өйткені оның қалыптасуына фирма қызметкерлерінің басым бөлігі әсер етеді;

  2. Ұжым мүшелерінің мінез-құлқын реттейді;

  3. Адамдар құрады;

  4. қызметкерлер қабылдайды;

  5. Дәстүрлерді ұстануға негізделген;

  6. Танымдық;

  7. Өзгеруге бейім;

  8. Көпқырлы, яғни оны қандай да бір тәсіл арқылы ғана тану мүмкін емес;

  9. Сезілетін және сезілмейтін;

  10. Тұрақты даму үстінде болады;

Кәсіпкерлік қызметтің қалыптасуы мен дамуы:

  • Біріншіден, табиғи жолмен дүзеге асырылады. Яғни, онда кәсіпорындар өткен және қазіргі тәжірибені ескере отырып, қойылған мақсатттарды қамтамасыз етуде нәтижеге әкелетін мәдени дәстүрлерді қолдайды;

  • Екіншіден, мінез-құлықтың белгілі бір кешендерін енгізу жолымен қалыптасуы мүмкін.

Кәсіпкерлік мәдениет келесідей функцияларды атқарады:

    • Коммуникативті-интегративті – әлеуметтік-экономикалық ортада төселуді және тұрақтылықты қамтамасыз етеді;

    • Консервативті- кәсіпкерлік еңбектің дәстүрлі үлгілерін қайта жаңғырту есебінен, сыртқы қарама- қайшылықтарға төзімділік пен ішкі тұрақтылық күштерін құрайды;

    • Инновациялық – өзгермелі жағдайға дұрыс бейімделген жаңа үлгілерді танытады;

    • Трансляциялық –ақпататты берумен айналысады;

    • Мақсатты- құндылықтарды, үлгілерді қалыптастырады;

    • Бағалаушы – әрекеттерді бағалаудың әдістері мен критерийлерін жасайды.

Кәсіпкерлік мәдениеттің басты функциясы - құндылықтардың алуан түрлі типтері мен нысандарын сақтап қалу, жаңғырту және оларды болашақ ұрпақтарға табыс ету.
Кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына келесілер әсер етеді:

  • жалпы адами құндылықтар (борыш, әділдікке ұмтылу және т. б.), өмірдің мәні, мақсаты туралы жалпы түсінік;

  • елдегі өмір сүру салтының ұлттық-мәдени және діни-мәдени стереотиптері;

  • кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлық нормалары мен ережелері, өзара іс-қимыл эталондары;

  • еңбекке, байлыққа деген мотивациялық қатынас (еңбек этикасы);

  • шаруашылық жүргізудің мәдени үлгілері;

  • елдің орналасқан жері, ландшафттық, климаттық және оның жер көлемінің ерекшеліктері





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет