Инкубатор – инновациялық қызметтің көптеген түрлерін ұсынушы кешен, ол бір немесе бірнеше ғимараттарды алып тұрады, ал шағын инновациялық фирмалар осы ғимарат ішінен белгілі бір территорияларды жалға алып қызметін бастайды, инкубациялы кезең 2-3 жыл, осы мерзімнен кейін фирмалар өзбетінше қызмет жасау үшін бұл кешеннен шығып кетеді. Инкубаторда жа-ңа ғана қалыптасқан фирмаларға бухгалтерлік, маркетингтік (бизнес-жоспар жасау, өнімге жарнама, маркетингтік талдау жасау), компьютер, басқа да құрал-жабдықтарды жалға ұсыну сияқты көмектер көрсетіледі. Бұл ғылыми-өнеркәсіптік құрылымның негізгі мақсаты – шағын инновациялық фирмалар-ды ғылыми идеядан практикаға жеткізу, бәсеке күресіне төтеп бере алатын кәсіпорын дәрежесіне жеткізу. Ол кәсіпорындар инкубаторлардан шыққан соң технопарктерде немесе басқа да өнеркәсіптік орталарда қызмет етуге қабілетті болады.
Технопарк – ғылыми-техникалық, территориалды кешен, негізгі мақсаты шағын бизнес фирмаларының қызмет етуіне тиімді, ыңғайлы жағдай қалып-тастыру. Олар жоғары оқу орындары, зерттеу орталықтары, зертханалар тұсында қалыптасады. Оның құрамына: зерттеу орталықтары, инкубатор, инновациялық орталықтар, маркетинг т.б. орталықтар енеді. Технопарк шығын инновациялық кәсіпорындарға қажетті бухгалтерлік, аудитторлық, консалдингтік, маркетингтік қызметтер ұсынып отырады.
Технополис – жеке қалалар негізінде құрылған ғылыми-өндірістік құры-лым. Негізгі құрылымы – технопарктер, инкубаторлар, ғылыми орталықтар мен университеттер. Ғылым мен технология аймақтары, ірі оқу орындары, ірі өндіріс кәсіпорындары шоғырланған территориясы шектелмеген ғылыми өнім өндіруге маманданған аймақ.
Технополистер мен ғылым мен технология аймақтары инновациялық фирмалар қызмет ететін "қаржы базисіне" айналды. Мұнда мемлекеттік, коммер-циялық банктер, өнеркәсіптік корпорациялар, венчурлы қорлар, қайырым-дылық қорларының капиталдары шоғырланады, оның үстіне мемлекеттік жеңілдетілген салықтар, несиелер қосылды.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарын атаңыз.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту механизмдерінің жолдарын атаңыз.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу қандай жолдар арқылы жүзеге асады?
Арнайы қордың мақсаты мен міндеттері қандай?
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік институттарға нелер жатады?
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік емес институттарға нелер жатады?
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша арнайы инфрақұрылым объектілеріне нелер жатады?
Ғылыми-техникалық орталықтарға нелер жатады және оларға сипаттама беріңіз.