Кешенді емтиханды сәтті тапсырған магистрантқа магистрлік диссертацияны қорғауға рұқсат беріледі


Міндетті профильді пәндер бойынша



бет21/23
Дата09.05.2022
өлшемі64,94 Kb.
#33520
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
4.2. Міндетті профильді пәндер бойынша

  1. Тіл даму динамикасының әмбебап заңдылықтары мен қазақ тіліне қатысты ішкі ерекшеліктерді анықтаңыз.

  2. Қазақ дүниетанымындағы өркениет іздері мен олардың аталу ерекшеліктерін көрсетіңіз.

  3. Мемлекеттік мәртебесі болуының қазақ тілінің дамуына әсері.

  4. Тіл дамуының негізгі көздері. Ғылыми бағыттар мен көзқарастарға ғылыми талдау.

  5. Қазіргі қазақ тіліндегі белсенді үдерістердің лексикологиялық, сөзжасамдық саладағы көрінісін мысалмен дәлелдеңіз.

  6. Аударма арқылы тілімізге енген жаңа ұғымдарды тәржімалау барысында аналитикалық сөзжасам тәсілінің дамуы.

  7. Сөйлеу тіліндегі жаңа қолданыстар мен оалрдың семантикалық және уәждемелік сипатын көрсету.

  8. Қазақ газеттері тілінде кездесетін жаңа қолданыстар мен терминдерге талдау.

  9. Салалық терминдер мен олардың уәжділігі мен семантикалық ерекшеліктерін айқындаңыз.

  10. Тіл экологиясы мәселесі, теориялық қисындары.

  11. Қазіргі қазақ тілінде және әлемдік лингвистика ғылымына енген жаңа ғылыми бағыттар туралы, олардың басты ұғымдары мен категориялары оны оқытудың мақсаты мен міндеттері туралы ғылыми пікірлер мен концепцияларды жүйелеңіз.

  12. Қазіргі қазақ тілінің әлемдегі лингвистика ғылымынан кенже қалған салалары туралы, олардың көкейкесті мәселелерін ғылыми тұрғыдан дәлелдеңіз.

  13. Функционалды грамматика саласынан тараған жаңа бағыттар туралы ғылыми ой – пікірлеріңді басқа лингвистика саласымен салыстырып баяндаңыз.

  14. Қазақ тіліндегі жаңа үрдістерге қатысты қандай ғылыми еңбектерді білесіз, оған ғылыми конспект ұйымдастырыңыз.

  15. Жалпы ғылыми жетістіктердің құндылығы олардың тәжірибеде қолданылуы. Сіз сөзтану ғылымының антропоцентристік бағыттың жаңаша ізденістерін өзіңіздің сөйлеу қызметіңізде қаншалықты пайдалана алатыныңызды дәлелдеңіз.

  16. Қазіргі сөзтанымдық, елтанымдық, мәдениеттанымдық құндылықтарды ашатын әмбебап сөздік түрін жасауда қазақ тіл ғылымының жетістіктері туралы ғылыми тұжырым жасаңыз.

  17. Латын графикасына негізделген ұлттық әліпби жасаудың негізі туралы, мақсаты мен міндеттері туралы ғылыми пікірлер мен концепцияларды жүйелеңіз оған өз көзқарасыңызды қосыңыз.

  18. Болашақта қазіргі қазақ тіліндегі оқытылып жатқан қандай ғылым салаларының әлеуметтік сұранысы жоғары болады және қандай бағыттар сұранысты қажет етпейді, осыған ғылыми мәтін құрастырып дәлелдеңіз.

  19. Лингвистикалық стилистиканың ұғымдары мен категорияларын атап шығыңыз.

  20. Әлеуметтік мүддені көздеп тілді жұмсау – негізгі принцип. Дәлелдеңіз.

  21. Тілдік норма мен стилистикалық норманың айырмашылығын түсіндіріп беріңіз.

  22. Сөз таңдаудың лингвистикалық белгілерін атап шығыңыз.

  23. Стиль тезі немесе стильдік тезге түсу (стилизация) қандай ұғым? Түсінігіңізді баяндап беріңіз.

  24. Метафоралық бірліктерді лексемдік деңгейде зерделеп беріңіз.

  25. Тілдің бейнелегіш-мәнерлегіш құралдары туралы жалпы түсінік.

  26. Сөз құбылту мен сөз қолдануды мысал келтіре отырып, түсіндіріңіз.

  27. Үнемдеу заңының көркем әдебиеттегі көрінісі. Әсері қандай? Мысалдар келтіріңіз.

  28. Тіл біліміндегі антропоцентристік ұстанымның бағыттары қандай екендігін түсіндіріңіз.

  29. ХХІ ғасыр лингвистикасының негізгі мәселелерін көрсетіңіз.

  30. Тіл мен мәдениет сабақтастығын ашыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет