Елжанды болу – еліміздің азаматының аса маңызды адамгершілік қасиеті. Елжандылықтың мәні отанға деген терең және саналы сүйіспеншілік, оған берілгендік, оның табыстары мен жетістіктерін мақтан ету, оны бұрынғыдан да көрікті, құдіретті етуге ұмтылу. Отанға деген сүйіспеншілік адамдарды еңбек және жауынгерлік ерліктерге шабыттандырады, олардың өміріне қоғамдық маңыз береді және рухани байытады.
Мұхтар Әуезов, Ә.Қалмырзаев
Діни-рухтық тәрбие
Дін – тәрбие құралы, көркем мінез қалыптастырудың ғажайып мектебі. Сол мектептен нәр алмағандар көп жақсылықтан құр қалары даусыз. Өз дінінің қадір-қасиетін сезбеген, елінің тарихына бейхабар жанның ұлт мүддесіне жаны ашымасы белгілі. Оның кейбір көріністерін күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз. Әлемдегі әйгілі ұлы тұлғалар аса сүйіспеншілікпен Ислам туралы көп пікір айтқан. Олардың бәрі Исламның экстремистік-террористік ағым емес, адамзат өркениетінің бөлінбес бір бөлігі, адамгершілікке негізделген ғажайып пәк қоғам, ғылым-білімнің қайнар көзі ретінде қарастырады. Діни-рухтық тәрбиенің ең негізгі мақсаты - баланын өзіне сенімін қалыптастыру, өзін- өзі тәрбиелеуге баулу. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамның өзінің оң қасиеттерін жетілдіру және теріс қасиеттерін жою жөніндегі саналы және мақсатты іс-әрекеті. Өзін- өзі тәрбиелеу басты шарты - өзі туралы шын білімнің, дұрыс өзін-өзі бағалаудың, өзін- өзі түсінудің, анық ұғынатын мақсаттардың, мұраттардың, тұлғалық мән мағыналардың болуы.
Абай Құнанбаев Қара сөздері
Қыздар тәрбиесі
Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.
қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Жасыратыны жоқ кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке – шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан алыстай бастайды. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын қатыгездікпен өседі...