Кешенді емтиханға арналған практикалық тапсырмалар Практикалық тапсырма №1 «Педагогика»



бет7/12
Дата15.06.2023
өлшемі360,89 Kb.
#101627
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Практикалық тапсырма №8
Төмендегі тапсырмаларды мәтінмен жұмыстың негізгі кезеңдерімен сәйкестендіріңіз.

1 A, 2 C, 3 B, 4 C, 5 B, 6 B, 7 C, 8 C, 9 B, 10 B, 11 B, 12 C, 13 B, 14 B, 15 B, 16 B, 17 B, 18 B, 19 B, 20 C, 21 C, 22 B, 23 C




Практикалық тапсырма №9

Төмендегі ұғымдарды екі топқа сәйкестендіріп жазып, дәлелдеңіз.


Тәрбие тәсілдері: Бағдарлау іс-қызмет, іс-әрекет түрлері, педагогикалық ықпал жасау құралдары, қатынас, бағалау, тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.


Тәрбие құралдары: бұқаралық ақпарат құралдары, ақпараттық-ағартушылық, рухани және материалдық мәдениет, заттар.


Практикалық тапсырма №10

Төмендегі тәрбие әдістеріне жағдаят құрастырып, жазыңыз


МАДАҚТАУ ӘДІСІ- Мадақтау әдісі дегеніміз - тәрбиешінің баланың жағымды іс-әрекетін, мінез-құлқын көріп бағалай білуі және оны көпшілік, ұжым алдында жария етуі. Мадақтаудың құралына мұғалімнің оңаша мақтауы, алғыс жариялауы, мақтау қағаздарымен марапаттауы, құрмет кітабына жазу, құрмет тақтасына суретін ілу, т.б. жатады.


ЖАЗАЛАУ ӘДІСІ- Ал, бұған қарама-қарсы жазалау, баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы кедір-бұдырларды жөндеу жолындағы тәрбиешінің өз әрекеті деп түсінген абзал. Бұл әдіс баланы өз іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзіне-өзінің баға беруіне бағыттайды. Демек, өзін теріс іс-әрекеттен тежей білуге үйретеді. Олай болса, мадақтау немесе жазалау әдісі оқушылардың адамгершілік сана-сезімінің оянуына, дамуына ықпал етеді. Оқушыны өзіне-өзі талап қоя білуін үйретеді. Жазалау әдісіне мыналар жатады: мұғалімнің ескертуі, сөгіс жариялауы, педагогикалық кеңесте қарау, қиын балаларды тәрбиелейтін арнаулы мектепке жіберу. Мадақтау да, жазалау да өте нәзік тәрбиенің қатаң әдісі болғандықтан, оны байқап пайдаланған жөн. 

ТАЛАП ӘДІСІ- Оқушыны дамытудағы мұғалім тарапынан қойылатын талап біртіндеп оқушының өзіне-өзі талап қою жауапкершілігіне айналуы тиіс. Талап қою педагогикалық үдерістің ішкі қайшылықтарын, оқушылар тәртібін, қарым-қатынасын ашып көрсетіп, оны жетілдіруге ықпал етеді. Талап қою әдісі тікелей және жанама болып екіге бөлінеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет