Практикалық тапсырма №2
Шет тілін оқытуда қандай әдіс-тәсілдерді қолданамыз? Оларды сипатта.
Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады. Пәндерді оқытуда тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
« Температура өлшеу әдісі ».Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.
« Эссе жазу»
3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады. Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс- тәсілдің бірі.
«Сұхбат алу»
Ортаға үш оқушы шақырылады. Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады. Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.
1. Ауызша әдіс –Белгілі бір фактіге негізделген әдіс түрі үй жұмысын сұрауда қолданылатын әдіс.
2.Көрнекі әдісті –Қарастырылған мәліметке ықыласын көтеру және сол көрнекілік арқылы түсіндіру.
3. Практикалық әдіс –Оқушының қаншалықты меңгергенін анықтауға болатын әдіс
4. Іздену әдісі – өзінше ойлануды және зерттеу қабілеттерін дамыту үшін оқушыларды тақырыпты проблемалық оқытуға әзірлеуде қолданылады
5. Индуктивтік әдіс – Ойлау қабылетін дамытып қорытындылау үшін қолданылатын әдіс түрі
6. Өзіндік жұмыс әдісін – Өз бетінше жұмыс жасап тапсырма орындауға арналған
7. Ойын әдісі – қызықтырып оның логикалық ойлау қабілетін дамытатын әдіс түрі
Практикалық тапсырма №3
Төмендегі терминдерді тауып, анықтама беріңіз.
Мектеп- жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме, білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.
Гимназия-жалпы орта білім беретін оқу орыны.
Оқушыларды олардың бейімділігіне сәйкес тереңдетіп, сала бойынша, дифференциациялы оқытуды көздейтін негізгі және қосалқы жалпы білім беретін бағдарламаларды жүзеге асырады.
Алғаш 1538 ж. Страсбург қаласында (Франция) ұйымдастырылды. Қазақстанда гимназиялар 19 ғасырдың ортасынан бастап ашыла бастады:
Әулиеата ерлер гимназиясы (1913)
Верный ерлер гимназиясы
Семей ерлер гимназиясы (1894)
Қостанай қыздар гимназиясы.[1]
Лицей- білім берудің баламалы нысаны; негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламалары мен жоғары басқыштағы оқушылар үшін кәсіби бағдары бар оқытуды жүзеге асыратын орта жалпы білім беретін оқу орны.[1]
Лицей - негізінде және қосымша жалпы білім бағдарламасының іске асатын орта жалпы білім беру мекемесі; жоғары сынып оқушыларының кәсіптікке жуық оқуын жүзеге асыру.[2]
Лицей мен гимназияның арасындағы айырмашылық неде?
мемлекеттік лицейде орта мектептің 7-8 сыныптарынан кейін ғана келуге болады;
лицейлерде техникалық профиль басым;
әр лицей оқушыларды даярлайтын университетпен келісім жасасады;
Лицей мен гимназия арасындағы тренингте маңызды айырмашылық - лицейлерде тәжірибе басымдыққа ие;
лицей түлегі оқу орнының қабырғаларын тек теориялық тұрғыдан танымай қана қоймайды, сонымен қатар нақты мамандыққа ие болады;
Лицейдегі сабақтар көбінесе келісім-шарт жасалған оқытушылармен жүргізіледі;
лицей түлектері басқа оқу орындарының бітірушілері алдында «туған» университетіне кіру кезінде артықшылықты лауазымға ие;
кейбір лицейлерде бітірушілер бірден тағайындалған мекеменің екінші курс студенттері болады.
Гимназия мен лицей арасындағы айырмашылық
Бастауыш мектепті бітірген дарынды бала немесе гимназияға кіре алады;
гимназия мектебі ең алдымен күшті, терең теориялық білімді береді және оқушыға университетке түсу үшін дайындайды;
гимназияда профильді таңдау жоғарғы деңгейде жүреді, егер студент қандай ғылым саласына қызығушылық танытса,
гимназияда оқыту көбінесе авторлық бағдарламалармен жүзеге асырылады;
гимназияда студенттер негізінен теориялық білім алады.
Достарыңызбен бөлісу: |