Практикалық тапсырма №11
Оқушылардың диалогтік сөйлеуін үйретуде келесі тәрбиелік әрекеттерді орындаудың дұрыс реттілігін анықтаңыз:
а) диалог үлгісін қабылдау;
ә) ондағы күрделі лексикалық-грамматикалық құбылыстарды пысықтау; қорытындылай келе;
б) диалог үлгісінің мазмұнын түсінгенін тексеру;
в) диалог үлгісін рөлдер бойынша дауыстап оқу;
г) коммуникативті жағдай;
ғ) диалог үлгісін пішіні мен мазмұны бойынша түрлендіру;
д) диалог үлгісін жаттау;
е) диалог үлгісін жұппен жаңғырту
Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту сабақтарында қолданылатын диалогты сөйлеудің негізгі кезеңдері ретінде төмендегі кезеңдерді атауға болады:
1) Белгілі бір жағдаятты сөзбен немесе техникалық құралдардың көмегіне сүйеніп түсіндіру;
2) Диалогтың тілдік материалын меңгеру;
3) Диалогқа қатыстырылған әр түрлі репликалардың байланысу формаларын меңгеру;
4) Диалогтың тууы;
5) Үлгі диалогты жағдаяттық компоненттердің көмегі арқылы кеңейту мүмкіндігі.
Қазақ тілін шет тіл ретінде оқыту сабақтарында қолданылатын диалогты сөйлеудің негізгі кезеңдері ретінде төмендегі кезеңдерді атауға болады:
1) Белгілі бір жағдаятты сөзбен немесе техникалық құралдардың көмегіне сүйеніп түсіндіру;
2) Диалогтың тілдік материалын меңгеру;
3) Диалогқа қатыстырылған әр түрлі репликалардың байланысу формаларын меңгеру;
4) Диалогтың тууы;
5) Үлгі диалогты жағдаяттық компоненттердің көмегі арқылы кеңейту мүмкіндігі.
Диалогты сөйлеуге үйретуде бір диалогтардың түрлі варианттарын құрастыртуды әртүрлі жұмыс формасы арқылы жүзеге асыруға болады. Олар: диалог-әңгіме, диалог-инсценировка, студенттердің өзара немесе оқытушылардың қатысуы арқылы диалог құруы, жұппен немесе топпен. Диалогты сөйлеуге үйретудің негізгі құралы оқу құралында берілген жаттығу жұмыстары болып табылады. Оларды орындау үдерісінде тіл үйренушілердің өздеріне керекті ақпаратты сұрап алу мүмкіндігі туады, өзі сөйлесіп отырған, сондай-ақ диалогты сөйлеуге қатысты қалыптарды қолдана алу қабілеті пайда болады, диалог құрастыруда әртүрлі репликаларды үйлестіруді үйренеді.
Кез-келген тілді оқытудағы көзделетін түпкі мақсат тіл үйренушіні коммуникативті қатынасқа түсіру болып табылады, қарапайым тілмен айтқанда тіл үйренушіні өзі үйреніп жатқан тілде сөйлеуге жеткізу көзделеді. Демек бұл тұстағы тіл үйретуші үшін коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру басты мақсат екені түсінікті. Коммуникативті құзіреттілікті қалыптасуы арқылы тіл үйренушінің сөйлеуі жүзеге асырылады, өзі сөйлесіп отырған адамның сөзін түсіну мүмкіндігіне ие болады, өзі оқып жүрген тілде жазылған мәтіндерді дауыстап оқығанда түсіне алуға жетеді. Қазіргі кезде ол мақсат барлық тіл оқытушылардың арасында кеңінен таралып келеді. Көптеген тәжірибелер тіл үйренушілердің басым көпшілігі ауызша сөйлеуді түсінуде қиыншылықтарға көп тап болатынын дәлелдейді. Дегенмен, ауызша қарым-қатынас жасау, яғни тілдесу қазіргі кезде маңыздырақ себебі, сөйлеу әрекетінде сөйлесуші қызметіне түсе отырып, сөйлесіп отырған адамның сөзіне жауап қату үшін оны түсініп тыңдау да маңызды болып табылады. Тіл үйретуде «сөйлеудің» негізгі ұғымдары туралы білген жөн. Сөйлеу, сөйлеу әрекетінің өнімді түрі болып табылады. Сөйлеу – мазмұны айтылатын ойдың ауызша формада көрініс табуы. Сөйлеудің негізінде айтылым, лексикалық, грамматикалық біліктілік жатады.
Тіл үйрету сабақтарында диалогты сөйлеуге шығаруда сұрақ пен өзекті мәселесіз диалог маңыздылылғынан айрылады. Диалоқа қатысушы адамдардың бір-бірімен бірыңғай келіспеуінен диалог өрбімей тоқтап қалады. Сондықтан тіл оқыту сабақтарында оқытушы диалогтың тоқтап қалмай өрбуі үшін түрлі жағдаяттық тақырыптарды дұрыс таңдап, жетек сұрақтарды беріп отырады. Мұнда студент тақырыпқа қатысты ойын қосымша мәлімет ретінде айтуға талпынады. Оқыту үдерісінде қолданылатын диалог ұғымы үш түрлі мәнде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |