Кешенді емтиханға арналған сұРАҚтар топырақтану топырақ профилі, оның құрылысы және морфологиялық белгілері


Күнбағыс сүгені, күнбағыс қанкөбелегі және зиянкестерден тиімді қорғау шаралары



бет43/82
Дата21.12.2023
өлшемі208,94 Kb.
#141944
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
8 .Күнбағыс сүгені, күнбағыс қанкөбелегі және зиянкестерден тиімді қорғау шаралары
Күнбағыс сүген-AgapanthiadahliRict. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының сүген қоңыздар (Cerambycidae) тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық бөлігінде, Батыс Сібірде, Қазақстанда таралған. Күнбағыстан басқа мақсары дақылын зақымдайды. Қоңыздың ұзындығы 19-21 мм, үстін қалың түк басқан, жылтыр қара түсті, басының маңдай және төбе бөлімдеріндегі түктер жирендеу сары түсті болады, мұртшалары денесінен ұзын, 12 бунақтан тұрады. Жұмыртқалары цилиндр пішінді сүттей ақ болады. Дернәсілірің ұзындығы 20-27 мм жетеді, аяқтары болмайды, басы қоңыр, денесінің қалған бөлімі сарғылт-ақ түсті, аздап доғаша иілген.
Зиянкес ересек дернәсіл фазасында күнбағыс өсімдігі сабағының тамырға жақын бөлімінің ішінде қыстап шығады да, көктемде сол жерде қуыршаққа айналады. Ал қоңыздар мамыр айының аяқ кезінде шығып, күнбағыстың және басқа күрделі гүлді өсімдіктердің сабағында немесе жапырақ сағағында қоректенеді. Ұрық бездері пісіп- жетілген қоңыздар күнбағыстың, қалуеннің, шоңайнаның және басқа өсімдіктердің сабағының ішіне жұмыртқалайды. Ол үшін ұрғашы қоңыз сабақтың қабығын кеміріп өзегіне дейін тесік жасап, жұмыртқасын бір-бірден жекелеп сол тесікке салады. Өсімталдығы-әр ұрғашы қоңызға 10-47 жұмыртқадан келеді. Дернәсілдері сабақ ішінде қоректеніп, біртіндеп жол жасап тамыр мойнына қарай жылжиды. Күнбағыстың өнімін жинау кезінде дернәсілдер сабақтың жер астылық бөліміне жетеді де, өнімді жинап алғаннан кейін де қоректенуін жалғастыра береді. Зақымданған өсімдіктердің дәндерінде майдың мөлшері азаяды, кейде сабақтары сынып қалады. Қыстар алдында дернәсіл сабақ түбірі ішінде жасаған жолының шығар тесігін кемірген кезде пайда болған өсімдік қиқымдарымен тығындап тастайды. Зиянкес жылына бір генерация беріп өсіп-өнеді.
Күнбағыс көбелегі-HomoeocosomanebulellaHd. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының қан көбелектері (Pyralidae) тұқымдасына жатады. Ресейдің европалық бөлігінің далалық зонасында, Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда таралған. Көбелектердің алдыңғы қанаттары ұзын, орта шенінде 4 қара нүктесі бар, сұр түсті болады. Артқы қанаттары алдыңғыларына қарағанда енді, ақшыл түсті, тек жиектері және жүйкелері ғана қара. Қанаттарының өрісі 20-27 мм. Жұмыртқасы сүттей ақ, сопақша, қабығы жылтыр, аздап «әжім» басқан, ұзындығы 0,8 мм, ені 0,4 мм. Ересек жұлдызқұртының ұзындығы 9 мм жетеді, арқасы ақшыл-сұр, бауыр жағы ақшыл. Арқасында денесін бойлай күңгірт немесе ақшыл-қоңыр түсті 3 жолақ орналасқан. Басы қоңырқай-сары, көкірек қалқаны ақшыл-сары түсті. Тыныс тесіктерінің айналасы қара. Ұзындығы 15-16 мм. Қуыршағы ақшылдау қоңыр, кремастері 6-7 тікенекті болады, олардың ұштары түйреуіш басы тәрізді жуантық келеді, қуыршақтың ұзындығы 9-12 мм, ол ақ түсті тығыз тоқылған пілләнің ішінде жатады. Зиянкес қоректенуін тоқтатқан ересек жұлдызқұрт стадиясында топырақтың үстіңгі қабатында қыстап шығады да көктемде қуыршаққа айналады. Көбелектердің ұшып шығуы күнбағыстың гүлдену кезеңіне тура келеді. Олар түнде ғана белсенді болады және күрделі гүлділер тұқымдасына жататын әр түрлі өсімдіктердің, солардың ішінде күнбағыстың гүл шырынымен қоректенеді. Жұмыртқаларын гүлдің ішіне салады. Олардан шыққан жас жұлдызқұрттар алғашында гүлдің ішкі бөлімдерімен қоректенеді. Кейіннен олар күнбағыс дәнінің сыртқы қабығын кеміріп ішіне енеді де, оның тұқымын жартылай немесе түгелдей жеп қояды. Жұлдызқұрттар күнбағыстың дәндерімен қатар оның зәмбілінің жиектеріндегі жапырақтарды да жейді, зәмбілдің түбінде көптеген жолдар салып, оны өрмек жіптерімен шырмап тастайды. Егер осы кезең жауын-шашынды болса, онда күнбағыстың зәмбілдері шіріп кетеді. Зиянкесжылынабір генерация беріпөсіп- өнеді.
Күрес шаралары. 1. Күнбағыс көбелегімен күресуде ең тиімді шара-осы зиянкестің зақымдануына төзімді келетін күнбағыстың сауытты сорттарын егу. 2. Ауыспалы егіс ретін сақтау. 3. Күнбағысты оңтайлы ерте мерзімде себу 4. Күнбағыс егістігінде қатараралықты баптау, арамшөптерден жүйелі түрде тазарту. 5.Өнімді қысқа мерзімде ысырапсыз жинау. 6. Жиын-теріннен кейін күнбағыс сабақтарын түгелдей жинастырып, оны толықтай жою. 7. Сүдігердіоңтайлыкездетереңетіпжырту.
Химиялық тәсіл: Зиянкестер көбейген кезде мына төмендегі препараттарды қолдану. Күнбағыс көгінің шыққан кезінде (күздік көбелек, сұр бізтұмсық, құм шабаны т.б.) және вегетация кезінде (жоңышқа, шалғын көбелектері т.б.) зиянкестерге қарсы бүрку: ровикурт, 25% э.к. (0,25 л/га). Биологиялық тәсіл:Шалғын көбелегіне қарсы мына биопрепараттардың бірін бүрку: дипел, с.п. (0,5-1,0 кг/га) немесе лепидоцидқанықпасы (0,6-1 кг/га). Зығырдың зиянкестері. Қазақстанда зығыр майлы дақыл ретінде солтүстік облыстарда өсіріледі. Бұл аймақта оны көпқоректі зиянкестерден жоңышқа көбелегі, шалғын көбелегі, гамма көбелегі, жоңышқа және қызылша қандалалары, топырақты мекендейтін бунақденелілердің бірқатары және тағы басқалары зақымдайды. Ал зығырды зақымдауға маманданаған бунақденелілерден оған бүрге қоңыздар көбірек зиян келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет