Жоңышқа қандаласы - AdelphocorislineolatusGoeze.(Hemiptera – жартылай қаттты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae - мирида тұқымдасы). Қандала денесінің ұзындығы 7-9 мм, ал түсі сары-жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны, бұршақты және т.б. дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың (гүл қауызының) түсу құбылыстары байқалады.
7.Қант қызылшасы дақылының зиянкестеріне жалпы сипаттама Қант қызылшасы (Betavulgarіs) — қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы техникалық дақыл.Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне, сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1% май және 1,2% протеин болады.
Қант қызылшасында көптеген фитофагтар қоректенеді. Дегенмен айтарлықтай өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі және арнайы зиянкес түрлері әсер етуі мүмкін. Қызылша тұқымына айтарлықтай зиян келтіретін, өсімдіктердің вирус ауруларын таратушы шаншып-сорғыш жәндіктер болып табылады.
Қызылша бүргесі: оңтүстік ( ChaetocnemabreviusculaFald.),кәдімгі немесе қарақұмық (СhaetocnemaconcinnaMarsch.) (Coleopteraотряды, chrysomelidaeтұқымдасы). Қант және асханалық қызылшаны, рауғашты, қымыздықты, шпинатты, т.б дақылдарды зақымдайды. Бүргенің денесінің ұзындығы – 1,4-2,3 мм, денесінің түсі қара металды реңі бар. Қанаттың үстіңгі жағы кең, аралықтары жаншылған. Кәдімгі қызылша бізтұмсығының дене пішіні домалақ, ал оңтүстік бүргесінің денесі жұмыртқа болып келген. Дернәсілдерінің денесінің түсі ақшыл сары реңді, басы қоңыр, ұзындығы – 1,5-2,2 мм.
Қызылша бізтұмсықтары: кәдімгі (BothynoderespunctiventrisGerm.),жолақты (ChromoderusfasciatusMull.),ақшыл ( Chromoderus declivisOl.),шығыс (BothynoderesfoveicollisGebl.)және (ТanymecusPalliates F.)((Curculionidae –тұқымдасы, Coleoptera— отряды). Соңғы екеуі Қазақстанда көп тараған.
Кәдімгі қызылша бізтұмсығы қара түсті, денесі сұр қабыршақпен және түктермен жабылған. Қанатының үстінде екі қара қисық дақтары және де екі ақ дөнесі бар. Бастүтігі қысқа. Дене тұрқы – 10-15 мм.