2. Оқытудың тәрбиелік функциясы - оқыту барысында тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілдері анықталады. Тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше, біртұтастық принципке негізделіп бірлікте қарастырылады. Демек, білім бере отырып тәрбиелейді, тәрбиелей отырып білім береді.
3. Оқытудың дамытушылық функциясы. Оқыту барысында оқушыларға білім беру, тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. көптеген тұлғалық қасиеттері дамиды. Демек, тұлға жан-жақты қалыптасып дамиды. Дамудың ерекшелігі – ол өз алдына жеке өмір сүрмейді, ол оқытудың, білім беру және тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Тәрбие мен білім беру дамуды артына салып отырады.
Сыныптың тәрбие жүйесі – бұл сыныптағы оқушылардың әрекеті мен дамуына жағымды, қолайлы жағдай қалыптастыратын, ықпал ететін өзара қарым-қатынастар мен тәсілдердің кешені.
Тәрбие жүйесін қолдану тәрбие үдерісінің мақсатқа сәйкес , басқарылатын, нәтижелі, тиімді болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Тәрбие үдерісінің ролі білім беру жүйесі үшін өте маңызды.
Тәрбие жүйесін құруда ескерілетін жайттар:
- оқушылардың қызығушылығы,қабілеті, қажеттілігі ;
- педагогикалық ұжымның мүмкіндігі
Тәрбие жүйесінің негізгі қағидалары:
- Әрбір балада мейірімділік бастауы бар екеніне сену;
- Баланың нені қажет ететінін түсіну және білу ;
- қоғамдық өмірдегі адамгершілік қасиеттің басымдылығын сезіну ;
- бала құқығын білу және оны сыйлау
12. Бастауыш мектептегі жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалары. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері Бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып пәндері бойынша білім беруді жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан педагогтардың жауапкершілікті түсіну мен олардың кәсіби деңгейіне, педагогикалық шеберлігін жетілдіруде және білім беру үдерісіндегі көптеген мәселелерді шешуге қосқан үлес қосқан.
Бағдарламаның міндеттері: Бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, оңдағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру; бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету; бастауыш сынып пәндері бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатына критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
Сабақтағы қалыптастырушы бағалау — мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалауы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді).
Бағалау критерийі — білім алушылардың оқу жетістік деңгейлері өлшенетін белгі, өлшем, негіздеме.
Дискриптор — оқушының жұмысты қаншалықты жақсы орындағанын бағалайтын тұжырым.
Тапсырма — оқушының құзіреттілік деңгейін (пәндік, тілдік және тағы басқа) бағалауға мүмкіндік беретін нақты жағдай.
Кері байланыс — қандай да бір жағдайда немесе әрекетке арналған жауап, пікір.