Кәсіби білім беру с. А. Козлова, Т. А. Куликова мектепке дейінгі педагогика «Мектепке дейінгі білім беру»



бет162/280
Дата03.10.2023
өлшемі2,24 Mb.
#112862
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   280
екінші қызметінің мәні балалардың әртүрлі мазмұны бар жаңа
білімдерді игеруінде. Мысалы, «Солтүстік, оңтүстік, шығыс, 
батыс» (И.С.Фрейдкин) ойынында бүлдіршіндер компас арқылы
бағдарлануды, модельдерді (маршрут сызбаларын) пайдалануды 
үйренеді.
Ойын әдісі ретінде ойдан шығарылған жағдайдың 


кеңейтілген түрі қолданылады: рөлдерімен, ойын іс-
әрекеттерімен, ойын құралдарымен. Мысалы, өсімдіктер туралы 
білім мен байланыстырып сөйлеу қабілетін жетілдіру үшін
«Гүлдер дүкені» ойыны, туған қала жайлы білімді көбейту үшін- 
саяхат ойыны, декоративті қол өнер туралы көзқарасты байыту
үшін – «Көрме», «Кәдесыйлар дүкені», «Өткен шаққа саяхат»
ойындары жүргізіледі. Кей кезде оқыту барысында рөл деген
компонентті қолданған дұрыс. Мысалы, Жұмбақша апа жұмбақ 
жасырады, Алаңғасар адам бәрін шатастырады, ал балалар оның
қателерін түзейді. Тіпті ойыншықтарды да рөл ойнатуға болады. 
Мысалы, Петрушка деген ойыншық балалардан оған сыпайы
сөздерді, тәртіп ережелерін үйретуді өтінеді. 
Оқыту барысында балалардың белсенділігін арттыруда
кейбір ойын тәсілдері маңызды орын алады. Мысалға , аяқасты 
қызықты объектілердің, ойыншықтардың пайда болуы,
тәрбиешінің әртүрлі ойын іс-әрекеттерін жасауы. Мұндай 
тәсілдер
өзінің

күтпеген


жағдайда 
пайда
болуымен, 

ерекшелігімен балалардың таң қалу сезімін тудырады, ол өз


кезегінде кез келген танымның прологы болып табылады 
(аяқасты тәрбиешінің Түлкіге айналып басынан өткен қызық
оқиғаларды айта бастайды немесе кенеттен есікті ұрып Винни-
Пух кіріп келеді т.б.)
Балалардың өзіндік жұмыс жасау сағаттарына педагогпен 
енгізілген шағын әңгімелердің, тақпақтардың, тұрмыстық
көріністердің, драматизация элементтерінің инсценировкасы
баллардың эмоционалдық көтеріңкі күйін тудырады.




276 
Ойын тәсілдеріне жұмбақтарды жасыру және шешу, жарысу 

элементтерін енгізу, ойын жағдайын қалыптастыру ( мысалы,


«Аюға біздің ойыншықтарды көрсетейік»; «Петрушкаға қол 
жууды үйретеміз»; «Қоянға суреттерді ретімен тізуге
көмектесеміз») 


Сөздік әдістер 

Сөздік әдістер мен тәсілдер аз уақыт ішінде балаларға 


ақпарат беруге, оларға оқу талабын қоюға, оны орындау
жолдарын көрсетуге мүмкіндік береді. Сөздік әдістер мен 
тәсілдер көрнекілік, ойындық, практикалық әдістермен үйлесе
отырып, оларды барынша нәтижелі етеді. Таза сөздік әдістер 
мектепке дейінгі білім беруде шектелген. Мектепке дейінгі
жаста, қоршаған орта туралы алғашқы пікірлер қалыптасу 
сатысында тек қана оқып беру, айтып беру әрекеттері
жеткіліксіз болады. Бұл жағдайда сезімдік тануды қамтамасыз 
ету немесе заттардың нақты өзін және олардың суреттерін
көрсету қажеттілігі туады. Балалардың тәжірибесі ұлғайған 
сайын көрнекі материалдардың саны азаяды, өйткені
балалардың көбінесе сөздік формада берілетін оқу материалын 
түсіну қабілеттері бара-бара дами бастайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   280




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет