76
ҧсынар алдында борщқа салынады.
«Украинский» борщы. Бҧл тҥрі қырыққабат және картоп
қосылған борщ сияқты әзірленеді, бірақ дәмдеуіштермен бірге
оған ҧзынша туралып ҧсақталған болгар бҧрышы және
сарымсақпен ҧнтақталған шпик қосылады. Борщқа қосып
тоқаштар — ашытқан қамырдан жасалған кішкентай тоқаштар
ҧсынылады. Тоқаштар ҧсынылған кезде ҥстіне сарымсақты
соус қҧйылады, ол тҧзбен ҧнтақталған сарымсақтан, сҧйық
майдан және қайнатылған суық судан жасалады.
Борщ украин ҧлттық тағамы болып табылады. Украин
тамағындағы олардың ассортименті ерекше мол: барлық
облыста дерлік ӛздерінің борщы бар — киевтік, черниговтік,
полтавтік және т.б.
Қышқылтым кӛже. Қышқылтым кӛженің кӛкӛністі гарнирлі
кӛжелерден ерекшеленетін міндетті қҧрамдасы тҧздалған қияр
болып табылады. Бҧдан басқа кӛптеген қышқылтым
кӛжелерден ӛзгешелігі оған ақ тамыр сабақтары мен пияздың
кӛп мӛлшері қосылады. Егер олар кӛп қосылса, гарнирдің
қҧрамына қиярдан басқа картоп, порей пиязы және кӛк
кӛкӛністер – қымыздық пен шпинат қосылады. «Ҥйдегідей»
қышқылтым кӛжесінің қҧрамында кӛк кӛкӛністер болмайды,
бірақ қырыққабат пен сәбіз қосылады.
Қышқылтым кӛже вегетариандық, сҥйекті, ет-сҥйекті, қҧс
етінің, балықтың, саңырауқҧлақ қайнатпасының сорпаларынан
әзірленеді. Егер қышқылтым кӛже дәмінің ащылығы
жеткіліксіз болса, онда піскенге дейін 5 ... 10 минут бҧрын
қайнатылған және сҥзілген қияр тҧздығын қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: