Кәсіби білім беру тағам индустриясы л. З. Шильман аспаздық Ӛнімнің технологиясы



Pdf көрінісі
бет91/166
Дата20.01.2023
өлшемі2,01 Mb.
#62066
түріБағдарламасы
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   166
Байланысты:
64. Шильман Аспаздық өнімнің технологиясы. Оқулық

109
 
тҧқымдастарын пиязбен және маймен ҧсынуға болады, маймен 
және қызыл тҧздықпен, қызанақ, сҥт немесе қаймақпен ҧсынуға да 
болады, қақталған тӛс етімен немесе тӛстікпен немесе қызыл, 
қызанақты тҧздықтағы шпикпен, бҧқтырылған қырыққабатпен 
ҧсынуға болады.
Бҧршақ тҧқымдастарынан езбе де әзірлейді: оларды қайнатады
қайнатпасын тӛгеді, езеді, тҧзын қосып, дәмін шығарады. Езбені 
бҥтін дәндермен берілетін ӛнімдермен бірге ҧсынады.
Бҧршақ тҧқымдастарынан және картоптан жасалатын езбе. 
Бҧршақ тҧқымдастарын қайнатқаннан кейін пісірілген ыстық 
картоппен араластырады және езеді. Алынған массаға ыстық 
қайнаған сҥт қосады, тҧздайды, майдың бір бӛлігін қосады және 
араластырады, ҧсынар кезде қалған майды қҧяды.
9.5. 
Макарон ӛнімдерін пісіру және олардан әзірленетін
тағамдар
Макарон ӛнімдерін қайнап тҧрған тҧздалған мол суға пісіреді (1 
кг қҧрғақ макарон ӛнімдеріне 6 л су және 50 г тҧз). Макарондарды 
20 ... 30 минут, кеспені – 20 ... 25 минут, вермишель — 10..12 минут 
пісіреді. Макарон ӛнімдерінің ассортименті ӛте сантҥрлі және 
оларды пісіру уақыты да әртҥрлі, тіпті 3 ... 5 минут («ӛрмек» 
вермишелі) пісетін макарон ӛнімі бар. 1 кг қҧрғақ ӛнімнен шығатын 
дайын ӛнім – 3 кг.
Пісірілген макарон ӛнімдерін кәкпірге аударады және жабысып 
қалмас ҥшін және тҥйірлер жиналмас ҥшін еріген маймен 
(рецептурада кӛрсетілгеннің жартысы немесе ҥштен бірі) 
араластырады. Майдың немесе қаймақтың қалған бӛлігін және 
майды макаронды ҧсынар кезінде қҧяды. Сонымен бірге 
макарондарды ірімшікпен, брынзамен немесе сҥзбемен, қызанақпен, 
кӛкӛністермен, саңырауқҧлақпен және ветчинамен ҧсынады.
Суға пісірілген макарондар гарнир ретінде кең қолданылады.
Бақылау сҧрақтары 
1. 
Адам тамақтануында жармалардың алатын орны? 
2. 
Жармаларды пісіруге қалай дайындайды? 
3. 
Ботқаларды пісірудің ортақ ережелерін атаңыз. 
4. 
Ҥгілмелі, жабысқақ және сҧйық ботқаларды қалай пісіріп 
ҧсынады?
5. 
Адам тамақтануында бҧршақ тҧқымдастарының алатын 
орны?
6. 
Бҧршақ тҧқымдастарын пісіруге қалай дайындайды?
7. 
Бҧршақ тҧқымдастарын пісіру және ҧсыну әдістерін 
айтып беріңіз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   166




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет