ҚЕҚБЖ ахуалы үшін сынды белгілі жұмыстар мен міндеттер орындайтын персоналдың құзырлығын қамтамасыз ететін процедуралар әзірлеу керек.
Құзырлықты қамтамасыз ету жүйелері бұрын қабылданған персоналмен қатар жаңа кадрлар іріктеген кезде қолданылуға тиісті. Персоналдың олармен орындалатын функциялар саласында, жұмыстар мен технологиялардың өзгеруі жағдайында құзырлы болу үшін қажет жеке даму мен оқуды назарға ала отырып, құзырлығы деңгейін тұрақты шолу және бағалау қажет. Құзырлықты қамтамасыз ету процедуралары қалғандардың арасынан:
тапсырмаларға қойылатын талаптары жүйелі талдауды;
персоналдың жұмысын белгілін санаттар бойынша бағалауды;
қызметкер құзырлығының құжатталған дәлелдерін;
мерзімді қайта бағалау бағдарламаларын қамтиды.
5. Қызметкерлерді оқыту және кәсібі тәжірибесін арттыру
Қауіпсіздік пен еңбек қорғауды басқаруға жаңа тәсілдер іске асырған кезде персоналдың орындалатын жұмыстардың ерекшелігін ескере және жұмыстарды құзырлы атқару үшін оқытуын ұйымдастыру қажеттілігі туындайды, бұл сәйкес біліктілік алуға және жұмыс тапсырмаларын орындау үшін құзырлы болуға мүмкіндік береді.
ТҚ, ЕҚ және ҚОҚ оқыту – бұл білім алу және алмасу, қызметкерлерге қауіпсіз еңбек пен техника қауіпсіздігінің негізгі немесе ерекше стандарттарын ұсыну, жарақаттану мен сырқаттанудың алдын алу, жаңа басты немесе ерекше стандарттармен таныстыру, өндірістік салада нақты және әлеуетті қауіптерді анықтау мен олардың алдын алу, болдырмау және басқару қабілеттігін дағдыландыру үдерісі.
Оқыту, өндіріс саласы үнемі өзгеруде екенін ескере, оқыту курстарын, айырықшалықты облыстарда семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын, оқуларды, дағдыландыру мен жоспарлы практикалық жаттықтырулар ұйымдастыру арқылы тұрақты негізде болу керек.