қызметкерлер денсаулығын зақымдау мүмкіндігін төмендету бойынша (сақтандыру жағдайы туындау мүмкіндігін) сақтандыру іс-шараларын өткізуді көздейді.
Серіктестік ҚЕҚБЖ саясаты талаптарының жете есепке алынуы мен орындалуын және денсаулықты, еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаны сақтау үшін қолданылатын іс-шараларды қолдауды ұйымдастыруға тиісті.
ҚЕҚБЖ қолдайтын корпоративтік мәдениетті: ҚЕҚБЖ саласындағы көрсеткіштерді жақсарту ықыласы;
ҚЕҚБЖ саласындағы жеке көрсеткіштерді жақсарту уәжі;
Басшылықтың ҚЕҚБЖ бойынша жақсы көрсеткіштерге жетуге мүмкіндік беретін және тиімді әрекет ететін корпоративтік мәдениетті жоғарылатуда жетекші рөлі қажет. Жоғары басшылық қызметкерлерді ҚЕҚБЖ көрсеткіштерін жақсартуға белсенді қатысқаны, уәжі, жеке жауапкершілігі үшін көтермелеуі мүмкін.