Кәсіпорынның еңбек ресурстары


ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ БАЛАНСЫ



бет2/10
Дата16.05.2023
өлшемі1,67 Mb.
#94020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫНЫҢ БАЛАНСЫ

  • Еңбек ресурстарының балансы - еңбек ресурстарының болуы мен олардың пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі.
  • Мұндай баланс екі бөлімнен тұрады:
  • біріншісінде - еңбек ресурстарының болуы, олардың саны, жастық-жыныстық құрамы,
  • екіншісінде - еңбек ресурстарының еңбекпен қамтылу түрлері, халық шаруашылығының салалары және тұрғындардың қоғамдық топтары бойынша бөлінуі сипатталады.
  • Еңбек ресурстарының балансы олардың бүкіл республика бойынша да жағдайын сипаттайды.
  • Еңбек ресурстарының болжамдық балансын жасау әсіресе жедел өсіп отырған жұмыссыздық және толық жұмыспен қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында аса маңызды.

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ КЕЛЕСІ КЕЗЕҢДЕРДІ ҚҰРАЙДЫ:

  •  ресурстарды жоспарлау – адам ресурстарындағы болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру жоспарын дайындау;
  • қызметкерлерді жинау – барлық мамандықтар бойынша қуатты үміткерлер қорын құру;
  • іріктеу жинау барысында пайда болған еңбек күші қорынан бос жұмыс орнына үміткерлерді сынау және ең жақсысын іріктеу;
  • еңбекақыны және жеңідіктерді анықтау қызметкерлер тұрақтылығын сақтау, оларды еңбек күшін жалдау және тарту мақсатында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын дайындау;
  • кәсіби бейімделу жалданушы жұмысшыларды ұйымға және оның бөлімшелеріне тиімді түрде енгізу, олардан ұйым қандай еңбек нәтижесін күтетіні туралы көзқарасты саналарында дамыту;
  • оқыту жұмысты тиімді орныдау үшін талап етілетін жұмыс тәжірибелерін, жаңалықтарды оқытуға арналған бағдарламаларды дайындау;
  • еңбекті бағалау – еңбекті бағалау әдістемесін дайындау және оны жұмысшыларға танстыру;
  • жұмысшыларды жоғарлату, төмендету, ауыстыру, жұмыстан шығару – жауапкершілігі жоғары және төмен лауазымдыққа жұмысшыны тағайындау әдісін дайындау, басқа лауазымдыққа немесе жұмыс бөліміне ауыстыру жолымен кәсіби тәжірибелерін дамыту, жалдау келсімін тоқтату;
  • басқарушы қызметкерлерді дайындау, қызмет сатысы бойынша өсуді басқару – басқарушы қызметкерлердің қабілеттерін дамыту және еңбектерінің тиімділіктерін жоғарлату үшін бағдарламалар дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет