Кәсіпорынның еңбек ресурстары



бет3/10
Дата16.05.2023
өлшемі1,67 Mb.
#94020
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ

  • Жұмысбастылық еңбекке қабілетті адамдардың толық жұмыспен қамтылуы.
  • Жұмысбастылық ел экономикасының және халықтың тұрмыс жағдайының ең бір маңызды белгісі болып табылады.
  • Жұмысбастылық деп - адамдардың еңбектерінің нәтижесінде өзіне және қоғамға пайда әкелетін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекеттердің жиынтығын атауға болады.

АДАМ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІН ӘР ТҮРЛІ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША (БІРНЕШЕ) АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ БЕЛГІЛЕРГЕ ҚАРАП ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ 3 ТОПҚА АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ:

  • АДАМ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІН ӘР ТҮРЛІ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША (БІРНЕШЕ) АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ БЕЛГІЛЕРГЕ ҚАРАП ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ 3 ТОПҚА АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ:
  • Экономикадағы ақылы түрдегі жұмысбастылар - олар қоғамның негізгі байлығын (рухани және заттық) құрайды. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде алынған табыстың арқасында олар өздерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады, сонымен қоғамға пайда әкелетін аумақтардың дамуын қамтамасыз етеді.
  • Әскер қатарында жүргендер еңбек нәтижесіне қарай табыс алмайды, бірақ олар мемлекеттің қауіпсіздігін сақтайды, экономикада жұмыспен қамтылған халықтың бейбіт еңбек етуіне жағдай жасайды.
  • Өндірістен тыс оқып жүргендер еңбек қоры ретінде табиғат заңы бойынша жұмысқа қабілеті жоқ адамдардың орнын толтырады.
  • ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ 3 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ:
  • Жалдамалы жұмыскерлер - еңбек күшін сатуға бағытталған адамдар.
  • Жұмыс берушілер - бұл қозғаушы күш. Оларға кәсіпкерлер, меншік иелері, өз кәсіпкерлік қабілетін жүзеге асырушылар жатады.
  • Өзіндік жұмысбастылар - өз есебінен жұмыс істейтіндер, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын өндірістік кооператив мүшелері. 

МЕМЛЕКЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ БІРНЕШЕ ПРИНЦИПТЕРГЕ  НЕГІЗДЕЛЕДІ:

  • Адамдардың еңбекті өз еркімен таңдауы немесе қабілеттерін өз еркімен пайдалану. Әрбір адам кез келген жұмысты өздігінен таңдайды, оларды күштеп еңбекпен қамтуға жол берілмейді.
  • Мемлекеттің адамдардың еңбеккке деген жеке құқығын және еркін таңдауына тең жағдайлар жасап кепілдік беру.
  • Ұзақ мерзімді ұлттық қызығушылықтарды қамтамасыз ету. Мемлекет ұлттық қызығушылықтарға сәйкес келетін салалардағы жұмысбастылыққа ықпал жасауы тиіс.
  • Жұмыс орындарындағы аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшеліктер мен қажеттіліктерді ескеру. Мемлекет елдің үлкен территориясы, тұрғындардың көп ұлтты құрамы, экономика субъектілерінің арасында ерекше бақылауды ескеруі қажет. 
  • Мемлекеттің жалпы жұмыссыздық мәселесін шешуге араласуының қажеттілігі т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет