ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА МЫНА КӨРСЕТКІШТЕР ҚОЛДАНЫЛАДЫ:
жұмысшыларды санитарлық құралдармен қамтамасыз ету;
санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсарту;
жұқтырылатын аурумен ауратын адамдардың пайыздық үлесі;
денсаулықтарын демалыс орындарда, үйде, туристік саяхаттарда емдеткендер қанша пайыз.
КӘСІПОРЫНДАҒЫ ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ЖОСПАРЛАУ ТӨМЕНДЕГІЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫНА ОҢ ЫҚПАЛ БЕРЕДІ:
Қызметшілерді ұтымды пайдалану.
Жұмысқа қабылдау процесін жетілдіру.
Кәсіптік оқуды ұйымдастыру.
Қызметшілерді басқарудың басқа да бағдарламаларын дамытудың негіздерін жасау.
Еңбек нарығындағы белсенді саясатқа сүйене отырып, жұмысшы күшіне жұмсалатын жалпы шығынды азайту.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі сипаттайды.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі сипаттайды.
Еңбек өнімділігі – бұл кәсіпорын жұмысшыларының еңбегінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш.
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ҮШІН ЖАЛПЫЛАМА, ЖЕКЕ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ КӨРСЕТКІШТЕР ЖҮЙЕСІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
ЖАЛПЫЛАМА КӨРСЕТКІШТЕРГЕ:
бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру көлемі, құндық өлшемдегі бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндіру көлемі жатады.
ЖЕКЕ КӨРСЕТКІШ БОЛЫП
1 адам-күндегі немесе адам-сағаттағы заттай нысандағы өнімнің белгілі бір түрінің еңбек сыйымдылығы табылады.
КӨМЕКШІ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ:
жұмыстың белгіленген бір түрін орындауға кететін уақыт шығындары немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемі жатады.