Жұмысбастылық еңбекке қабілетті адамдардың толық жұмыспен қамтылуы.
Жұмысбастылық ел экономикасының және халықтың тұрмыс жағдайының ең бір маңызды белгісі болып табылады.
Жұмысбастылық деп - адамдардың еңбектерінің нәтижесінде өзіне және қоғамға пайда әкелетін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекеттердің жиынтығын атауға болады.
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІН ӘР ТҮРЛІ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША (БІРНЕШЕ) АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ БЕЛГІЛЕРГЕ ҚАРАП ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ 3 ТОПҚА АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ:
АДАМ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ НӘТИЖЕСІН ӘР ТҮРЛІ БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША (БІРНЕШЕ) АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ. ОСЫ БЕЛГІЛЕРГЕ ҚАРАП ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ 3 ТОПҚА АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ:
Экономикадағы ақылы түрдегі жұмысбастылар - олар қоғамның негізгі байлығын (рухани және заттық) құрайды. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде алынған табыстың арқасында олар өздерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады, сонымен қоғамға пайда әкелетін аумақтардың дамуын қамтамасыз етеді.
Әскер қатарында жүргендер еңбек нәтижесіне қарай табыс алмайды, бірақ олар мемлекеттің қауіпсіздігін сақтайды, экономикада жұмыспен қамтылған халықтың бейбіт еңбек етуіне жағдай жасайды.
Өндірістен тыс оқып жүргендер еңбек қоры ретінде табиғат заңы бойынша жұмысқа қабілеті жоқ адамдардың орнын толтырады.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҮРДІСТЕРГЕ ҚАТЫСУЫ БОЙЫНША ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ 3 ТОПҚА БӨЛІНЕДІ:
Жалдамалы жұмыскерлер - еңбек күшін сатуға бағытталған адамдар.
Жұмыс берушілер - бұл қозғаушы күш. Оларға кәсіпкерлер, меншік иелері, өз кәсіпкерлік қабілетін жүзеге асырушылар жатады.
Өзіндік жұмысбастылар - өз есебінен жұмыс істейтіндер, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын өндірістік кооператив мүшелері.
МЕМЛЕКЕТТІҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ РЕТТЕУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ БІРНЕШЕ ПРИНЦИПТЕРГЕ НЕГІЗДЕЛЕДІ:
Адамдардың еңбекті өз еркімен таңдауы немесе қабілеттерін өз еркімен пайдалану. Әрбір адам кез келген жұмысты өздігінен таңдайды, оларды күштеп еңбекпен қамтуға жол берілмейді.
Мемлекеттің адамдардың еңбеккке деген жеке құқығын және еркін таңдауына тең жағдайлар жасап кепілдік беру.
Ұзақ мерзімді ұлттық қызығушылықтарды қамтамасыз ету. Мемлекет ұлттық қызығушылықтарға сәйкес келетін салалардағы жұмысбастылыққа ықпал жасауы тиіс.
Жұмыс орындарындағы аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшеліктер мен қажеттіліктерді ескеру. Мемлекет елдің үлкен территориясы, тұрғындардың көп ұлтты құрамы, экономика субъектілерінің арасында ерекше бақылауды ескеруі қажет.
Мемлекеттің жалпы жұмыссыздық мәселесін шешуге араласуының қажеттілігі т.б.