КӘСІПОРЫНКАДРЛАРЫ – БҰЛ КӘСІПОРЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ЖӘНЕ ТІЗІМДІК ҚҰРАМЫНА ЕНЕТІН ТҮРЛІ КӘСІБИ-БІЛІКТІЛІК ТОПТАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖИЫНТЫҒЫ.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жеке құрамы мен категорияларының құрамдық және сандық ара қатынасы кадрлар құрылымын сипаттайды.
Негізінен кәсіпорын кадрлары келесідей бөлінеді: өндірістік персонал және персонал, өндірістік емес бөлімшелердегі жұмысбастылар.
Өндірістік персонал– өндірісте жұмысбасты және оған қызмет көрсететін жұмысшылар, олар кәсіпорынның еңбек ресурстарының ең негізгі бөліктерін құрайды.
Өндірістік персоналдың ең көп және негізгі категориясы – бұл кәсіпорынның (фирманың) жұмысшылары – бұлар материалдық құндылықтарды қалыптастырумен немесе өндірістік қызмет жұмыстарын жүргізумен және де жүктерді жайғастырумен тікелей айналысатын тұлғалар.
Көмекші жұмысшылар функционалдық топтарға бөлінуі мүмкін: көлік және жүк тиейтін, бақылайтын, жөндейтін, құрал-саймандық, шаруашылық, қоймалық және т.б.
Басшылар – кәсіпорында басқарушылық қызметімен (директор, шебер, бас маман жәнет.б.) айналысатын жұмысшылар.
Мамандар – жоғары немесе орта кәсіпкерлік білімі бар жұмысшылар және де арнайы білімі жоқ бірақ қандай да бір лауазымды атқарып жүрген жұмысшылар.
Қызметкер - құжаттарды дайындау және толтырумен, еспке алу және бақылаумен, шаруашылық бойынша қызметпен (агенттер, кассирлер, іс-қааздарын жүргізушілер, хатшылар, статистиктер және т.б.) айналысатын жұмысшылар.
Кіші қызмет көрсетуші персонал – қызмет бөлмесін күтумен (аула сыпырушылар, бөлме тазалаушылар және т.б.) тұлғалар және де мен қызметкерлерге қызмет көрсетуші (іс қағаздарын тасушылар және т.б.) тұлғалар.
Кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымы еңбекті кәсіби және білікті тұрғыдан бөлу негізінде қалыптасады.
Кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымы еңбекті кәсіби және білікті тұрғыдан бөлу негізінде қалыптасады.
Кәсіп дегеніміздің өзін қандайда бір дайындықты қажет ететін еңбек әрекеті деп түсінуге болады.
Албіліктілік жұмысшының таңдап алған кәсібін меңгере алу деңгейі және ол біліктілік мөлшерімен (санатымен) көрсетіледі.
Біліктілік мөлшері және санат атқарылған жұмыстың ауыртпалық деңгейінің көрсеткіші ретінде көрінеді.