Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы


Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсізідігі



бет10/12
Дата29.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#103742
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
5 Кәсіпорындағы еңбекті қорғау және техника қауіпсізідігі

Еңбек қауіпсіздігі – бұл жұмыс барысында қызметкерге зиянды өндірістік факторлардың (мысалы, шудың, сәулеленудің) теріс ықпалы алынып тасталған еңбек шарттарының жағдайы. Қауіпсіздік техникасы — бұл жұмыс істейтін адамдарға қауіпті өндірістік факторлар ықпалының алдын алатын ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың (мысалы, қандай да бір жұмысты орындар алдында нұсқама жүргізу, қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету) жүйесі. Еңбекті қорғау деп, бәрінен бұрын, еңбек қызметі процесі барысындағы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық актілердің жиынтығы пайымдалады. Ол құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, санитарлық-гигиеналық, психофизикалық, емдеупрофилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардан, денсаулығын жоғалтқан жағдайдағы медициналық көмек көрсету кепілдіктерінен тұрады. Өндірістік санитария — бұл қызметкерлерге зиянды өндірістік факторлар ықпалының алдын-алуға бағытталған гигиеналық және санитарлық-техникалық щаралар. Өндірістік санитарияға жұмыс орындарындағы жарықтандыру мен желдетуді ұйымдастыру, жұмыс аймағындағы ауаны зиянды заттардан тазарту, микроклиматтың оңтайлы және шекті параметрлерін (температураны, ылғалдылықты, ауа қозғалысының жылдамдығын) қамтамасыз ету, сәулеленудің әр түрлерінен (жылулық, электромагниттік, виброакустикалық, лазерлік, иондық) қорғау жатады. Еңбек гигиенасы — бұл адамның еңбек қызметін және өндірістік ортаны олардың адам ағзасына ықпалы тұрғысынан зерттейтін, еңбек жағдайларын сауықтыруға және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған шаралар мен гигиеналық. Еңбек гигиенасының міндеттері:





  • зиянды факторлардың рұқсат етілетін шекті деңгейлерін

  • анықтау;

  • еңбек қызметтері жағдайларын жіктеу;

  • еңбек процесінің ауырлығы мен кернеулілігін бағалау;

  • еңбек және демалыс режимін тиімді ұйымдастыру;

  • жұмыс орнын ұйымдастыру;

  • еңбек қызметінің психофизиологиялық ерекшеліктерін

  • зерттеу.

Еңбек қызметі жүргізілетін алаң жұмыс орны деп аталады. Жұмыс аймағы – жұмыс орны орналасқан, еденнен 2 м. биіктікпен шектелген кеңістік.


Еңбек жағдайлары деп адамның жұмыс қабілетіне ықпал ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы пайымдалады. Гигиеналық нормативтерден ауытқу деңгейіне байланысты еңбек жағдайларының оңтайлы, рұқсат етілген, зиянды және қауіпті шарттары белгіленген. Олардың ішінен тек оңтайлы және рұқсат етілген еңбек жағдайлары ғана жұмыс үшін бағалы деп
есептеледі. Еңбектің оңтайлы жағдайлары барысында (жағымды микроклимат және физикалық жүктеме деңгейі) қызметкердің еңбек қабілетінің жоғарғы деңгейі сақталады. Рұқсат етілген еңбек жағдайлары барысында еңбек процесі факторлары рұқсат етілетін гигиеналық нормалар
деңгейінен аспайды және регламенттелген үзілістер кезінде ағза
өз функцияларын қалпына келтіріп үлгереді. Еңбектің зиянды жағдайлары деңгейі рұқсат етілген нормалардан асатын зиянды факторлардың болуымен
ерекшеленеді; олар қызметкердің денсаулығы мен жұмыс
қабілетіне теріс ықпал етеді.Еңбектің қауіпті жағдайлары ықпалы жұмыс күн барысында денсаулыққа қауіп төндіретін жұмыс ортасы факторларының деңгейімен сипатталады; кәсіби аурулар қатері болуы мүмкін. Еңбектің қауіпті жағдайларының апаттарды жою нұсқасынан басқа, өміршеңдік құқығы жоқ. Бұл жағдайда да қызметкерлерді жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, оның қауіпті аймақта болу уақытын қысқарту қажет. Жұмыс ортасы РЕКШ және РЕШД деңгейлерімен сипатталады. Ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациясының шекті (РЕКШ) өлшем бірлігі — [мг/м3].

Қауіптілік деңгейі бойынша заттар бірнеше топтарға


бөлінеді:

  • төмен қауіпті (бензин, этил спирті, аммиак, ацетон);

  • біркелкі қауіпті (шыны пластик, темекі);

  • жоғары қауіпті (хлор);

  • аса қауіпті (қорғасын, марганец).

Жұмыс орны мен жалпы кәсіпорында санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аудару қажет. ЖШС «Галейника» кәсіпорында жұмыс жасау барысында адамға кері әсерін тигізетін жағымсыз факторлардың алдын алу үшін арнайы құжатпен 2003 жылы бекітілген «Дербес электрондық-есеп машиналарына және жұмысты ұйымдастыруға гигиеналық талаптары» (2.2.2./2.4 1340-03 СанЕжН) санитарлықэпидемиологиялық ережелер және нормативтермен регламенттелетін талаптар әзірленген. Бұл құжатта жаңа стандарттар мен СанЕжН шетел және халықаралық стандарттарымен барынша сәйкестендірілген; нормативтік құжаттардың үлкен көлемінің мазмұны сәйкес келмеуін жоюға мүмкіндік беретін біртұтас терминология
әзірленген; дербес компьютерлер (ДК) мен мониторларды сынаудың заманауи тәсілдері белгіленген. Ұйымдар мен мекемелерде ДЭЕМ-мен жұмыс жасау жағдайларын тексеру барысында СанЕжН-де нормалаанатын параметрлер бақыланады: жайдағы компьютерлердің орналасуы мен қосылуы, жарықтандыру, ішкі ахуал және т.б. Осы ережелер қолданысқа енгізілуіне байланысты, 14.07.1996 жылы бекітілген 2.2.2.542-96 СанЕжН «Бейнедисплейлік терминалдарға, дербес электрондық-есеп машиналарына және
жұмысты ұйымдастыруға гигиеналық талаптар» құжатының күші
жойылды.
Бұл нормалар меншік нысаны мен ведомстволық
бағыныштылығына қарамастан, барлық ұйымдарда сақталуы тиіс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет