4.1 Қаймақтың тағамдық құндылығы
Қаймақтың тағамдық құндылығы - адам организміне қажетті заттар(нәруыздар, майлар, көмірсулар, минералды заттар, витаминдер, сулар) жақсы тепе-теңдік қатынаста және жеңіл сіңірілетін күйде болуымен бағаланады. Адам тағамында қаймақтан басқа барлық қажетті заттардың комплексін жақсы құрайтын тағам жоқтың қасы(жұмыртқадан басқа)[4, 36 б]
Қаймақтың организмге сіңімділігі 96-98%-ды құрайды. Қаймақтың энергетикалық құндылығы жануарлардың түріне байланысты.
Қазақстандағы қаймақ алынатын барлық жануарлардың қаймақтарының барлық компоненттері адам тағамының физиологиясында ерекше орын алады.
Қаймақтың ең құнды компоненті белок болып табылады. Ол тірі организмді ұлпа мен клетка құрылысының құрастыруда негізгі пластикалық материалы болып табылады. Олардың жалпы массалық мөлшері орташа алғанда 3,2% соның ішінде, казеин -2,7% және сарысу белогы - 0,5% құрайды (альбуминдер мен глобулиндер).
Қаймақты резервуалды тәсілмен алады. Майлылығының массалық үлесі 30% қаймақты гомогенделген кілегейден немесе гомогенизаторда өңделмеген, бірақ ұюту алдында пісіп жетілуден өткен кілегейден жасауға болады.
Қаймақты өндіру үшін майлылығы әр түрлі балғын кілегейді , сонымен қатар құрғақ және мұздатылған,пластикалық кілегейді, қаймағы алынбаған, майсыздандырылған, жоғары сұрыпты майы алынбаған құрғақ сүтті және жоғары сұрыпты тұздалмаған сары майды қолданады. Көп жағдайда қаймақты өндіру үшін майлылығы әр түрлі және плазма қышқылдығы 260 Т-дан табиғи балғын кілегейді пайдаланады.
Дайын өнімнің консистенциясы кілегейдегі майсыздандырылған құрғақ заттардың, әсіресе ақуыздардың мөлшеріне байланысты болады. мөлшерінің ұлғаюына байланысты қаймақ қою консистенцияға ие болады, ашытудың тығыздығы ұлғаяды, сары судың бөлінуі баяулайды.
Қаймақтың ақуызы – май алмасуды реттей отыра, тағамның тепе-теңдігін және басқа белоктардың сіңірілуін жоғарлататын липотрофты қасиетке ие.
Қаймақ ақуызы асқазанда тұз қышқылы түзілуінен оның қорытылуы мен сіңірілуі анағұрлым жеңілдейді. Әсіресе, сарысу белоктары жақсы сіңіріледі.
Қаймақта казеин кальций фосфат комплексі түрінде кездеседі. Ферменттермен әлсіз қышқылдардың әсерінен казеин тұнбаға түседі.
Еңбекті қорғау (ЕҚ) – заңдылық және нормативтік құжаттар жүйесі, оның негізінде жұмыс орнында қауіпсіз еңбек ету жағдайын қамтамасыз ететін әлеуметті-экономикалық, техникалық және гигиеналық шаралар өңделеді. Еңбекті қорғаудың мақсатын мына теңдеумен көрсетуге болады
Мақсат = АЖ + ТЕ + ДС + ЖК + ЕС,
мұнда АЖ – апатсыз жағдай жетістігі;
ТЕ –травматизмі ескерту;
ДС – денсаулықты сақтау;
ЖК – жұмыс қабілетін көтеру;
ЕС – еңбек сапасын көтеру.
Қойылған мақсатқа жету үшін екі топ есепті шешу керек. Біріншісі – ғылыми, яғни адам-машина жүйесіндегі математикалық үлгілер, қауіпті (зиянды) өндірістік факторлар және т.б. Екіншісі – құрылғыны пайдалану барысында қауіпсіз еңбек етуді толық қамтамасыз ету.
Еңбекті қорғау бойынша заңдылықтар актісі Қазақстан Республикасындағы еңбек ету құқығының ажырамас бөлігін құрайды, оның негізі 30.09.95 жылғы ҚР конституциясының 24 бабы болып табылады.
Бұл бапта әрбір адам еркін еңбек етуге құқықты деп көрсетілген:
- 15.05.2007 ж. ҚР-ның Еңбек кодексі;
-07.02.2005 ж. № 30-П ҚР ның «Жұмыскерлер еңбек ету міндетінорындау барысында денсаулығына және өміріне зиян келуінде жұмыс берушінің азаматты-құқықты жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру туралы» заңы.
Бұдан басқа, еңбекті қорғау бойынша нормативтік актілерге төмендегілер жатады:
- еңбек қауіпсіздігі стандарттар жүйесінің стандарты (ССБТ), бекітілетін: мемлекеттік стандарттар (ГОСТ) - стандартизация, метрология және сертификация бойынша ТМД мемлекетаралық Кеңесі; салалық стандарттар (ОСТ) - министрліктерге, ведомстволарға, атқару билігінің басқа да орталық органдарына сәйкес; кәсіпорындар стандарттары (СТП) - кәсіпорындар;
- Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Бас санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы бекіткен санитарлық ережелер, нормалар, гигиеналық нормативтер, эргономикалық, физиологиялық және басқа да талаптар;
- Атқару билігінің орталық және бақылау органдары бекіткен салалардағы еңбекті қорғау бойынша нұсқаулар және ережелер.
1.2 Нұсқауды жүргізу. Өндірістік травматизмі есептеу және тергеу.
Кәсіби аурулар және жарақат алуы мүмкін болатын әрбір мекемеде тұрақты және уақытша нұсқаулар жүйесі болуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |