Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы


ЖШС “Галеника” кәсіпорынының қысқаша сипаттамасы



бет2/12
Дата29.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#103742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1 ЖШС “Галеника” кәсіпорынының қысқаша сипаттамасы

“Галеника’’ жеке кәсіпкерлігі 1995 жылы құрылған. Кәсіпорын Жамбыл облысы Тараз қаласында орналасқан. Бүгінгі уақытқа дейін кәсіпорынның атқарған еңбегі мол десек артық емес.Тараз қаласына танымал өндірістің негізін қалаған Аккулиева Қатира Орынбайқызы.Өзінің алғырлығы мен табандылығының нәтижесінде кәсіпорында түрлі құрамды жаңа, пайлалы өнімдер өндіріліп,жеке кәсіпкерлік жаңаша дамыды.


“Галеника” ЖШС-і “Айран”, “Биолак”, “Йогурт”, “Қаймақ” сауда маркалы тауарлары арқылы танылды. Ассортимент қышқыл сүт өнімдерінің оннан астам түріне жетті. Кәсіпорын тұтынушысы өзіне керегін алуы үшін ассортиментке көп жаңашылдық енгізуге тырысты.Мұнда өнім дәмін Тараздықтардың талғамына сай икемдеді,ішуге арналған сүт өнімі ретінде-балаларға арналған сүт өнімдеріне басымдық жасалды.
Ал, қазіргі “Галеника” ЖШС-і сүт зауыты деген атау көпке кеңінен таныс.Ұжымның тынымсыз еңбегінің және басшылықтың ұйымдастыра білу шеберлігінің арқасында 1995 жылдардағы күрделі кезеңдердеде кәсіпорын жұмысы ақсаған емес.
Өндіріс жетекшісінің айтуынша, шикізат қала маңындағы шаруа қожалықтарынан жиналады және шикізат құрамы қабылданар алдында, арнайы бақылаудың жүргізілетіндігі сонымен қатар, бөгде заттар (бояғыш,түрлі қоспалар мен су) қосылмайтындығын ашып айтты.Соның нәтижесінде сүт құрамындағы дәрумендер өз құндылығын сақтайтыны анық.



Сурет1.Галейника ЖШС өндіріс орыны.




2 Кәсіпорынға келіп түсетін шикізаттың жалпы сипаттамасы


Бүгін де Жамбыл облысы бойынша жылына 8 тонна сүт өндіруге қуатты бірнеше кәсіпорын жұмыс жасайды Кәсіпорынға келіп түсетін шикізат көзі сүт болғандықтан,ең алдымен сүт құрамы ерекше назар аудартады. Сау малдың сүті кәсіпорынға келерде органолептикалық бақылаудан өтіп,содан кейін өндіріске қабылданады.”Галеника” кәсіпорыны шикізатты жеткізуші екі серіктеспен жұмыс жасайды.
Кәсіпорында шығарылатын өнімнің түрлері:айран,сары май,пастерленген сүт,наринэ,сүтті крем, қаймақ,сүзбе,иогурт,брынза.Шикізатты түрлендіру барысында қант және ұйытқы қосылады.Аудан халқын экологиялық таза табиғи өніммен қамтамассыз ету мақсатында бірнеше балабақшамен бөбекжайларды сүт өнімдерімен қамтамассыз етіп отырған жайы бар.Галеника жеке кәсіпкерлігі 6 жұмысшыны жұмыспен қамтамассыз етіп отыр.Жұмысшылардың орташа еңбек ақылары 70000тг құрайды.Өндірістегі қондырғы аппараттардың тозуы және жарақтандыру жұмыстарын жүргізуге 80000 млн тг көлемінде қаражат бөлінген.
Қазір өңірде сүтті мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді.Өндіріске қажетті сүт алыстан емес ауыл маңындағы фермерлермен жеке малшылардан қабылданады.Соның арқасында бұл аймақта шикізат тапшылығы жоқ.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған.
Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.
Сүт тағамы халқымыздың негізгі тағамы болып табылады. Төрт түлік малды асырап қамқорлап отырған аға апаларымыз олардың сүтін, терісін, жүнін пайдаға асырып үй тұрмысына пайдаланып жүрген. Сүттен дәмді айран, қатық ұйытқан. Түйенің сүтінен шұбат, жылқының сүтінен қымыз сияқты шипалы сусын даярлаған. Сиыр сүтінен қаймақ, сүзбе, одан құрт жасаған, ірімшік қайнатқан. Күнделікті өмірде сұтті шайға құйып та, былай өзін де ішеді. Жалпы сүт өнімдері адам ағзасына өте пайдалы, сүйекті қатайтады дені сау болып өсулеріне көмегін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет