Кәсіпорынның негізгі қорлары


КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



бет29/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61
Байланысты:
kl kz

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР, ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ІС-ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Глоссарий:

  1. Банк кепілдігі — қарыз алушы белгіленген мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуга тиесілі соманы төлемеген жағдайда бюджетті атқару жоніндегі уәкілетті органның алдындағы мемлекет кенілдік бер-ген қарызды отеу жөніндегі банктің міндеттемесі.

  2. Банкроттық — қаржылық күйреу, жұтау. жоспардың күйреуі.

  3. Бизнес — пайда беретін экономикалық қызмет; баюдың көзі болын табылатын табыс окелетін кез келген қызметтүрі (іс, кәсіп, кәсіпкерлік және басқалары).

  4. Бизнес-жоспар — фирманың бизнес-операциясын, іс-қимылдарын жүзеге асыру жоспары, бағдарламасы, ол фирма, тауар, оның өндірісі, өткізу рыноктары, маркетинг, операциялардың ұйымдастырылуы және олардың тиімділігі туралы мәліметтерден тұрады.

  5. Жалпы ұлттық өнім — кеңінен таралған макроэкономикалық көрсеткіштердің бірі, ол елдің бір жыл бойына өндірілген түпкі (дайын) өнімінің (өнімнің, тауарлардың, қызметтер көрсетудің) рыноктық баға-мен есептелген құны болып табылады. ЖҮӨ-ге осы елгс тиесілі ендіріс факторларын пайдалана отырып ел ішінде де, шет елде де жасалған өнімнің қүны кіреді. ЖҮӨ қосылған қүндарды жиынтықтау әдісімсн, шығывдар ағыиы және кірістер ағыны әдістерімен есептелуі мүмкін.

  6. Жалпы ішкі онім — аса мадызды микроэкономикалық, жалпылама көрсеткіштердің бірі, ол осы елдегі де, сондай-ақ басқа елдердегі де ендіріс факторларын пайдалана отырып, ел ішінде бір жыл бойына жа-салған түпкі өнімнің (өнімніц тауарлардың, қызметтер көрсетудің) ры-ноктық бағамен есептелген жиынтық құнын білдіреді.

  7. Аннуитет — дүркін -дүркін төленетін ақшалай сома (жарна, рента нсмесе табыс). Сақтық ісінде ол рентаны немесе зейнетақыны сақтан-дыру жөніндегі толемдердің шамасын (мөлшерін) көрсетеді.


ЕДБ қызметін ұйымдастырудың негіздері
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциалық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер – нарықтық экономикада несие жүйесінің негізгі буыны. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қазіргі коммерциалық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрлымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Банктік жүйе –нарықтық экономиканы ең маңызды және бір түтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы – ақшалай қарым –қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық денгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы үдайы өндіріс үрдісіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін басқада көптедеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Оз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мне мендеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет