Кәсіпорынның негізгі қорлары



бет27/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
kl kz

Глоссарий:

  1. Банк кепілдігі — қарыз алушы белгіленген мерзімде қарыз шарты бойынша өзінен алынуга тиесілі соманы төлемеген жағдайда бюджетті атқару жоніндегі уәкілетті органның алдындағы мемлекет кенілдік бер-ген қарызды отеу жөніндегі банктің міндеттемесі.

  2. Жалпы табыс — кәсіпорынның, фирманың өнім, тауарлар өндіру мен сату, қызметтер көрсету нәтижесінде алынған, ақшалай есептелген жиынтық табысы; тауарларды сатудан түскен түсім-ақша түсімі мен оларды өндіруге жүмсалған материаддық шығын арасындағы айырма ретінде айқындалады.

  3. Өсімпұл - мерзімі өткен салықтық міндеттеменің сомасына есептелетін белгіленген мөлшер. Өсімпұл сомасы салық берешегін өтеу бойынша салық міндеттемесін мәжбүрлеп орындату шараларын, сондай-ақ салық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтың өзге де шараларын қолдануға қарамастан есептеледі және төленеді. Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми мөлшерлемесінің 1,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есептеледі.

  4. Сыйақы — кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша немесе сыйақы түрінде берілген (альшған) мүлік үшін; депозиттер бойышиа; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша, борыштық бағалы қағаздар бойынша төлем-дер — дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып).


Мемлекеттің орталық банкі, оның қалыптасуы және дамуы
1. Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін ммелекеттік банктен орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және “банктердің банкі” болды.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қолсыз және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелеріне шоғырланады.
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне – банк ісіне түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд.теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиеселі (немесе мемлекеттің қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл төлемдерінен тұрады.
Негізгі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылығылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал қаражаты – банкіге тиеселі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Қазақсан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамсыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай міндеттер жүктеледі:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамсыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде
банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет