Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің функциялары мен операциялары Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Ережесі негізінде анықталады.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасымен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына – Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары. Парламент пен Президенттің бір-бір өкілі және Қазақстан Министрлер Кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері ҚР Президентімен бекітіледі.
Ұлттық банк төрағасы ҚР Президентінің ұсынуымен алты жылға сайланады.
Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік, халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы- бұйырушы шешімдер қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ, бұған басқарма берілген өкілеттіктер кірмейді.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне және директорлар кеңесі мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы уақытша жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
Ұлттық банк төрағасы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады. Ол Президенттің ұсынысымен орнынан босатылады.
Төраға орынбасарлары және басқарма мүшелері Ұлттық банк төрағасы арқылы Президентке екі ай бұрын жазбаша өтініш жазып жұмыстан босатуын сұрай алады.
Ұлттық банкінің жедел басқару органы – Директорлар кеңесі (директорат), ол Ұлттық банк төрағасымен басқарылады.
Директорат, “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес Ұлттық банкінің қарауындағы, төраағның және басқарма қарауындағылардан басқа барлық мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Директорат құрамына – төраға, оның орыбасарлары және департамент директорлары кіреді. Ұлттық банкінің орталық аппараттарына келесідей (1997 жылдың ортасындағы жағдай бойынша): ақша-несие операциялары, банктік қадағалау, халықаралық қатынастар, эмиссиялық-кассалық операциялар, ақпараттық технологиялар, бухгалтерлік есеп және бюджет, ішкі қызмет, зерттеулер және статистика, ішкі аудит, есептеу жұмыстары, төлем жүйелері, шетелдік операциялар, заң департаменттері және дербес басқармалар бар.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлерде өзінің облыстық басқармалары, Алматы бас филилалы арқылы жүзеге асырады. Олар филиалдың құқықтарын пайдаланады және Ұлттық банк атынан қызмет етеді.