Кәсіпорынның негізгі қорлары



бет46/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61
Байланысты:
kl kz

N = tц / r
где tц – жұмыс циклінің ұзақтығы. 
Өндiрiстiк ағын өндiрiс көлемдерiнiң негiзi, конвейердегi жұмыс уақытының қоры, ағынды өндiрiстiң (мақам ) тактi, жұмыс орындарының саны және жұмыс конвейердiң бiр бөлiгiнiң ұзындығында жобаланады.


Тақырып 18. Еңбекті ұйымдастыру (2 сағат)
Кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру


1 Кәсіпорын жұмыскерлері, олардың құрамы мен құрылымы

Кәсіпорынның еңбек ресурстары шаруашылық қызметтің тиімділігін қамтамасыз етуде өндірістік жүйенің маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорынның еңбек ресурстары еңбекті ұтымды ұйымдастыру қағидаларына байланысты әртүлі топтарға бөлінеді.


Еңбекті ұтымды ұйымдастыру негізіне оны бөлу және топтамалап байланыстыру жатады. Еңбекті бөлуге өндіріс үрдісінде адамдардың қызметін шектеуді білдіреді. Еңбекті бөлу функциялық, технологиялық және біліктілік түрлеріне бөлінеді.
жұмыскерлерді категория бойынша бөлу: жұмысшылар, қызметкерлер, кіші қызмет көрсетуші персонал, және оқушылар. Кез келген әрбір жұмыскерлер тобы белгілі бір функцияларды орындайды: жұмысшылар – өнімді өндіру бойынша еңбек үрдісінің функциясы; қызметшілер – өндірісті басқару функциясы; кіші қызмет көрсету персоналы - өндірістік үрдіске қызмет көрсету бойынша қарапайым жұмыстар.
«Қызметкерлер» категориясына жататын жұмыскерлер басқару функциясына байланысты басшылар, мамандар және қарапайым қызметкерлер болып бөлінеді.
Еңбекті функциялық бөлу бойынша энергетикалық кәсіпорындардағы жұмыскерлер құрамы әдетте келесідегідей үлесті құрайды:

  • жұмысшылар – 75%;

  • қызметкерлер – 24%;

соның ішінде:

  • басшылар – 11%;

  • мамандар – 12%;

  • қарапайым қызметкерлер – 1%;

  • кіші қызмет көрсету персоналы – 0.7%;

  • оқушылар – 0.3%.

Еңбекті технологиялық бөлу технологиялық үрдісті жеке кезең кезеңге бөлуден келіп шығады. Мысалы электр желілері кәсіпорыны үшін жөндеу-эксплуатациялық қызмет көрсету жұмыстары бойынша: электр беріліс линиясы, трансформаторлық қосалқы станса, кабельдік линиялар, қорғаныс жүйесі және басқалар болып бөлінеді.
Еңбекті технологиялық бөлу кезінде кәсіпорынның жұмыскерлерінің қызмет ету облысы - негізгі өндіріс және өндірістік емес сфера болып есепке алынады. Осы факторларға байланысты жұмыскерлер өнеркәсіптік-өндірістік және өнеркәсіптік емес персонал болып бөлінеді.
Кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік персоналына негізгі және көмекші өндірісте жұмыс істейтін жұмыскерлер кіреді. Өнеркәсіптік емес персонал ары қарай жөндеу-пайдалану персоналы, кезекші персонал, көмекші персонал және басқару аппараты болып бөлінеді.
Еңбекті технологиялық бөлу өндірістік топтар ішінде жұмыскерлердің лауазымы мен мамандығына қарай бөлінеді.
Еңбекті біліктілігі бойынша бөлу білім деңгейі мен қабілеттілігіне қарай бөлінеді. Жұмысшылар үшін разряд жүйесі бойынша жүзеге асады. Разрядты беру әр разрядқа сәйкес бекітілген тарифтік-біліктілік анықтамалар негізінде аттестаттау комиссиясымен жүзеге асады. Инженерлік-техникалық жұмыскерлер үшін біліктілік деңгейі топпен немесе категория бойынша олардың білімін аттестациялық бағалаудан кейін анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет