3 Жұмыскерлер санын анықтау әдістері
Кәсіпорынның жұмыскерлерінің саны келесідегідей әдістермен есептеледі.
1. Жұмыс, өнім, қызмет көлемі және өнім бірлігін шығару нормасы бойынша
Rжұм = Qөнім Ншығ (22)
мұндағы Rжұм – жұмыскерлер саны;
Qөнім – жұмысты орындау немесе шығарылатын өнім көлемі;
Ншығ – уақыт бірлігіндегі өнімді шығару немесе қызметті көрсету нормасы.
Кәсіпорында көбінесе осылай көмекші слесарлық және токарлық жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер саны жоспарланады.
2. Жабдыққа ағымдағы қызмет көрсету немесе оны жөндеу жұмыстарының еңбек сыйымдылығы бойынша
(23)
мұндағы Тсыйj – j-шы нысанға ағымдағы қызмет көрсету немесе оны жөндеудің еңбек сыйымдылығы;
Nj – нысандар саны;
j – нысандар түрі.
Қосалқы стансаны және оған қызмет көрсету бойынша жұмыскерлер саны келесі факторларға байланысты болады
(24)
мұндағы Нқс– қосалқы стансаны жөндеу немесе оған қызмет көрсету бойынша нормативтік қажетті жұмыскерлер саны;
Nтрф – трансформаторлар саны;
Ртрф –трансформаторлар қуаты;
U – кернеу деңгейі;
c – бөліп тарату желілерінің тығыздығы.
Әуе желілерін жөндеу және оған қызмет көрсету бойынша нормативтік жұмыскерлер саны
(25)
мұндағы Нәж – әуе желілерін жөндеу немесе оған қызмет көрсету бойынша нормативтік қажетті жұмыскерлер саны;
Mбағ – бағаналар материалдарының сапасы (ағаш, темір-бетонды, металлды).
3. Нысанды басқару саны және бір нысанның нормативтік саны бойынша.
Кәсіпорынның өндірістік персоналына кіретін мамандар мен басшылар саны осылай анықталады. Басқару нысаны бұл жағдайда өндірістік бөлімшенің жұмысшылары болып табылады. Осы жұмыскерлердің санын анықтауда қосымша өндірістік факторлар әсер етуі мүмкін.
4. Кәсіпорынның штаттық кестесі бойынша.
Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің басшылары осылай жоспарланады. Олардың санын анықтаудың негізі ретінде өндірістік үрдісті ұйымдастыруға қажетті басқару функциясы болып табылады. Осы функцияларға сәйкес кәсіпорынның жұмыс орны, басшылардың және жетекші мамандардың лауазымы бекітіледі.
Басқару аппараттарының жұмыскерлерінің жұмыс орнының жалпы саны келесідегідей анықталады
(26)
мұндағы Rбас.ап – басқару аппаратына кіретін басшылар мен мамандардың шектік нормативтік саны;
Кi – басқару аппаратының жұмыскерінің шектік санының коэффициенті;
Riөн – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың басшылары мен мамандары;
i - өндірістік үрдістің ерекше функцияларының түрлері.
Басқару аппаратының жұмыскерлерінің саны өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың басшылары мен мамандарының санына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |