Кәсіпорынның негізгі қорлары



бет56/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
kl kz

Бизнес жоспар
1.Бизнес жоспардың мақсаты және міндеттері
2.Сала сипаттамасы
3.Өнім түрі немесе қызмет түрі
4.Анализ жасау, рынокты талдау (сатып алушылар, бәсекелестер)
5.Маркетинг жоспары (кімге, қашан, қай уақытта, пайдалы сату). Баға құрау. Тауарды тарату
6.Өндітіс жоспары (объектінің орналасуы, жабдықтың түрі, материалдар алуы)
7.Персонал (адам саны, негізгі басқару түрі, персоналдардың түрі)
8.Негізгі қаржы көздері
9.Тәуекелді бағалау (әр түрлі жағдайларды ескере отыру арқылы жоспрлау, сезімталдығын тексеру)
10.Қаржылық жоспар (инвестицияны қайтара алу мерзімі)


Тақырып 29. Басқарудың негіздері (1 сағат)


Жалпы ұғым
Басқару белгілі бір мақсатқа жету үшін барынша аз шығын жұмсай отырып нақты басқару нысанына әсер ету жүйесін көрсетеді. Басқару кең мағынаны білдіреді өйткені ол басқару нысанына, мақсаттарға, басқару міндеттеріне және басқалар бірқатар факторларға байланысты болады. Экономикалық көзқараста бақару еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқаратын қызмет түрі ретінде қызықтырады. Сондықтан басқаруды (менеджментті) қоғамдық өндірісті реттеу жүйесінің қалыптасуы мен жұмыс жасауын оқып зерттейтін ғылым ретінде қарастырылады.
Өндірісті басқару кадрларды, өндіріс техникасы мен технологиясын басқару, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру, өнімді өткізудің нарығын маркетингтік зерттеу, кәсіпорынның және саланың қызметтерін қаржылық-экономикалық реттеулер: шығындарын, өнімнің өзіндік құнын, кірістерін, пайдасын, өндірістің рентабелділік деңгейін реттеулер кіреді. Сонымен өндірісті басқарудың негізгі міндеті аз шығынмен тиімді нәтижелерге жету үшін тұтас қоғамдық-өндірістік жүйені құрау болып табылады.
Өндірісті басқару басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым-қатынасының күрделі жүйесін көрсетеді. Басқарушы жүйе деп өндірістік қызметтің белгілі бір аспектілерін жетекшілік және реттеу міндеттері (өндіріс технологиясын реттеу және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын бөлу мен пайдалану, кадрлық саясатты қалыптастыру және басқалар бойынша басқару шешімдері жасау және қабылдау) кіретін өндірістің функциялық бөлімшелері деп түсіну керек.
Басқарылатын жүйе (басқару нысаны) басқарушы жүйемен жасалған басқару шешімдерін орындайтын және жүзеге асыратын өндірістік бөлімшелер немесе адамдар топтары болып табылады. Ортаңғы деңгейдегі басшылар кейде басқарушы немесе басқарылатын жүйеге де жатқызуға болады. Мысалы бригадир бригда мүшелері тарапынан басқарушы жүйеге кіреді екінші жағынан сол цехта немесе бөлімшеде істейтін бригада сол жердің мастеріне немесе инженеріне басқарылатын жүйе болады. Сонымен өндірісті басқару үрдісі басқарушы мен басқарылатын жүйелердің өзара қарым–қатынасуының күрделі механизм екенін көрсетеді. Сондықтан механизм нақты жұмыс істеу үшін анықталған қағидалар болуы керек.
Өндірісті басқару мәселелерін кезең кезеңмен шешудің тұйықталған цикл екендігін көрсетеді. Өндіріс үрдісінде өндіріс технологиясы саласында, психологиялық және экономикалық аспектілері бойынша өндірістік ұжымның өзара қарым-қатынасы, қаржы, өндірісті материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өнімді өткізу және басқа салаларындағы мәселелер ұдайы пайда болып отырады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтер басқару мәселерін анықтаудың негізі болып табылады. Өндірістік жүйенің барлық бөлімшелер қызметтерінің күйі жайлы мәліметтердің толық болмауы жұмыстағы кемшіліктерді уақытында анықтауға және оларды жою үшін уақытында шешім қабылдауға мүмкіндік бермейді. Міне сондықтан қазіргі заманғы өндірісті басқару компьютерлік технологияларға негізделген, жетілген ақпараттық жүйелерді талап етеді. Өндірістік мәселелерді жасау мен оны жүзеге асырудың басқару циклі 2-ші суретте келтірілді.

Ақпараттар







Мәселенің қойылымы



Мәселе бойынша басқару шешімдерін іздеу

Басқару шешімдерін жасау







Шешімдердің жүзеге асуын қадағалау және жаңадан пайда болған мәселелер

Басқару шешімдерін жүзеге асуын ұйымдастыру


2 Сурет – Басқару шешімдерін жасау мен өткізудің циклі


Өндірісті басқарудың механизмі өзара байланысқан принциптер, әдістер және басқару функциялары және сондай-ақ өндірісті басқарудың құрылымдық жүйелерінен тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет