Кәсіпорынның энергетикалық балансы
Кәсіпорынның энергетикалық балансы материалдық баланстар тобына кіреді.
Энергетикалық баланс белгілері бойынша:
стратегиялық;
тактикалық;
жоспарлы және есептік.
Ал көлемі бойынша:
жалпы (кәсіпорын, цех)
жеке (жабдықтар) болып бөлінеді.
Электр желілерінде энергия шығыны жеке бөліп көрсетіледі.
Баланстарды құрау кәсіпорынның энергетикалық жүктемелерінің режімі мен энергия өндіруші қондырғылардың режімдерін жобалау арқылы жүзеге асады.
Кәсіпорынның негізгі және қосалқы өнімдерінің барлық энергия отын түрлерінің қажеттілігін есептейді (жылытуға, желдетуға, жарықтандыруға, шаруашылыққа және өндірістік емес қажеттер үшін кететін энергия мен отын шығындары).
Электр энергиясын тұтынудың нормативтік шамасы.
Энергетикалық баланс екі - кіріс және шығыс бөлігінен тұрады. Кіріс бөлігін жасауға мыналар кіреді:
өзінің энергия өндіруші қондырғыларының ресурстары және сырттан алынатын отын алуының мүмкіндіктерін анықтау;
энергия өндіруші қондырғының жұмыс режімін жобалау, олардың жүктемесінің жұмыс графигін салу;
сырттан келетін энергия көлемін анықтау.
Шығыс бөлігінде энергия ресурстарының қай нысандарда шығындалғанын көрсетеді.
Осыдан кейін кәсіпорынның энергия өндіруші қондырғыларының энергетикалық балансы жасалады. Ал отын балансы олардың түрлерімен белгіленеді.
Есептік энергетикалық баланс отын мен энергия ысырабын нақты есепке алу арқылы жүзеге асады. Әрбір бөлімдегі энергияға сұранысы энергетикалық балансты құру кезінде олардың жеке элементтері бойынша және энергия шығыны бойынша есептеледі. Мысалы, 9-шы кестеден кәсіпорынның энергетикалық балансын көруге болады.
9 кесте - Кәсіпорынның энергетикалық балансы
Энергия түрi
|
Жылдық қажеттiлiк
|
Өндiрiс көзi
|
өз өндiрiсі
|
сырттан алынған
|
Электр энергиясы
|
100 млн кВт*саг
|
-
|
100 млн кВт*саг
|
Жылу энергиясы
|
32 Гкал
|
12 Гкал
|
20 Гкал
|
Су
|
100000 м3
|
80000 м3
|
20000 м3
|
Энергетикалық кәсіпорында қазандық, пештік отын балансы, жылу балансы жасалады, құрылады.
Достарыңызбен бөлісу: |