Тақырып 4. Өндірістің тиімділігі (1 сағат)
Инвестициялық қаржының экономикалық тиімділігін бағалау бойынша жалпы ұғымдар
Инвестиция - қоғамды техникалық, технологиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды дамытуға салынан қаржы немесе капитал. Инвестицияның нысаны болып (салынып, жаңартып және кеңейіп жатқан) кәсіпорындар және жаңа өнімді немесе қызмет көрсетуге арналған оның негізгі қорларының түрлері; қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелерін шешуге арналған республикалық, аймақтық немесе салалық бағдарламалар; өнімнің немесе қызметтің жаңа түрін шығарулар жатады.
Инвестицияның келесідегідей түрлері қолданылады: қаржының ақшалай түрі (мақсатты салымдар, бағалы қағаздар, несиелер, мүліктік немесе басқа да салымдар); құрылыстар, ғимараттар, жұмыс машиналары және механизмдері, беріліс құрылғылары, транспорт, өндірісте пайдаланатын басқа мүліктер, жер, ақшаға теңдес мүліктік құқық.
Инвестициялық шығындар инвестициялық бағдарламаны орындауға қажетті қаржылардан тұрады. Оларға жер сатып алу, құрылыс салу алаңын дайындау жұмыстары, жобалық және конструкторлық жұмыстар, негізгі өндірістік үрдіске қажетті құрылысты салу, машиналарды, жабдықтарды және басқа негізгі қорларды сатып алу, пайдалану және енгізу алдындағы ескерілмеген шығындар жатады.
Инвестиция көзі болып табылатындар:
өз қаражаты – пайда, амортизациялық аударылымдар немесе нақты бір мүліктер, нысандар: жер, негізгі қор түріндегі өндірістік меншік немесе жеке меншік;
жеке тұлғалардың немесе өндірістік-қаржылық топтардың қайтарымсыз қаржыны беруі;
бюджеттен (республикалық, жергілікті) бөлу;
қарыз ақша (банктердің, сақтандыру компанияларының несиелері, шетел несиеслері, қайтарылуы қажет мемлекеттік несиелер және т.б.).
Отандық экономикалық әдебиеттерде негізгі қорларды жетілдіру мен дамытуға салынатын инвестицияны капиталдық салымдар деп атайды.
Тиімділіктің жалпы теориясында инвестициялық салымдарды коммерциялық және қаржылық тиімділік, бюджеттік, экономикалық тиімділік деп бөлінеді. Олардың әрқайсысы өзінің анықталған жүйелік көрсеткіштерімен сипатталады және нақты бір мақсатқа пайдаланады. Қаржылық тиімділік инвестициялық жобаға қатынасушылардың сол қаржының салдарынан болатын нәтижелерін бағалауға қоланылады. Бюджеттік тиімділік бюджет көздерінен қаржыландырған жобалар бойынша анықталады.
Экономикалық тиімділікті есептеу әдістері әртүрлі болып келеді. Олар экономикалық негіздеудің мақсаттары мен міндеттеріне, сондай-ақ қаржы салымдарының шарты мен бағыттарына байланысты болады.
3 Экономикалық тиімділікті бағалау көрсеткіштері мен критерийлері
Инвестициялық салымдарды қажет ететін саланы техникалық немесе технологиялық жағынан жетілдірудің техника-экономикалық негіздеудің мақсатқа лайықты екенін екі топқа бөлуге болатын (табиғи және құндық) көрсеткіштер жүйесімен негіздеуге болады.
Табиғи көрсеткіштер жоба бойынша шешім қабылдауда техникалық немесе технологиялық артықшылықтары мен кемшіліктерін сипаттайды. Ол тек жобаның тек техникалық параметрлері болуы мүмкін: жылдамдығы, сенімділігі, нысанның қызмет ету мерзімі, олардың қуаты және тағы басқалар. Немесе нысанды пайлаланудағы маңызды параметрлерді айтуға болады: техникалық құралдардың мерзімдік жөнделуін қысқарту, нысанды пайдалану үрдісінде материалдық шығындарды үнемдеу, еңбек өнімділігін арттыру.
Құндық көрсеткіштері ретінде капитал салымдарын экономикалық негіздеу кезінде, әдеттегінше жобаға қажетті инвестицияның немесе капитал салымдарының сомасы, жобаны енгізгеннен кейін пайда болатын жылдық ағымдағы шығындар, келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары, жобаны енгізуден болатын табыс немесе пайдалар жатады.
4 Жалпы экономикалық тиімділікті бағалау әдістері
Экономикалық нәтижені немесе жобаның тиімділігін әртүрлі көрсеткіштермен сипттайды: қосымша табыс, пайда немесе үнемделген ағымдағы шығындар.
Жалпы экономикалық тиімділікті бағалаудың қарапайым түрінен күрделі түріне дейінгі бірнеше әдістері болады: қаржы салымдарының өтелу мерзімін анықтау әдісі, тыбыс немесе пайданың абсолюттік шамасы бойынша экономикалық тиімділікті бағалау әдісі, жобаның рентабелділік деңгейі бойынша, уақытты есепке алатын дисконттау әдісі.
Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |