Кәсіпорынның негізгі қорлары


Жалпы экономикалық тиімділікті уақыт факторын есепке ала отырып есептеу



бет11/61
Дата03.10.2024
өлшемі0,96 Mb.
#146657
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61
Байланысты:
kl kz

Жалпы экономикалық тиімділікті уақыт факторын есепке ала отырып есептеу
Экономикалық тиімділікті өтелу мерзімі бойынша есептеу тек салынған қаржыны қайтара алу мерзімін ғана анықтайды. Бұл әдісте төмендегі факторлар ескерілмейді:

  • өзіндік құнның төмендеуі нәтижесінде, қуаттырақ және өнімдірек материалдың пайдалануы, олардың сапасының жақсаруы инвестициялық жобадағы қолданылатын материалдық құндылықтардың құндарының өзгеруі;

  • ел немесе салалар экономикасындағы инфляция;

  • инвестицияның пайдаланбаған бөліктерінің айналымға түсуі және соның нәтижесінде қосымша табыс алу.

Әртүрлі мерзімде кеткен шығындарды немесе пайдаларды өлшеу үшін олардың құндарын бастапқы немесе базистік жылға келтіру немесе дисконттау арқылы жүзеге асады.
Әртүрлі мерзімдегі шығындар немесе пайдаларды базистік жылға келтіру үшін дисконттық норма қолданылады (r). Экономикалық есептеулерде дисконттық норма ретінде оған эквивалент ретінде капиталды депозитке салуға белгіленетін жылдық банктік пайыз қолданылады. Әлемдік практикада бұл пайыз 10-12% аралығында жатады, яғни дисконттық норма r = 0.1 немесе r = 0.12.
Келтірілген шығындар немесе пайдаларды анықтау үшін жобаның t мерзімге созылатын қызмет ету мерзімінде дисконттау коэффициенті қолданылады.


(74)

мұндағы Вt – әртүрлі мерзімдегі шығындарды бастапқы капитал салынған мерзімге келтіру;


t – капиталды қайтарып алудың нақты мерзімі;
r – дисконттық норма.
Егер инвестицияның құнын инвестицияны қайтарудың соңғы мерзіміне келтіру үшін дисконтқа кері шама қолданылады


(75)

Бұл көрсеткіш көбінесе капиталға банктік пайызды есептеген кезде немесе тұрақты өсіп отыратын инфляция деңгейіне қолданылады.


Дисконттау коэффициенттерін қандай да бір нақты инвестициялық мерзімге есептеген кезде тұрақты шама болып келеді (10 Кесте).

10 Кесте - Дисконттау коэффициенттерінің мәндері (r=0,1 болған кездегі)



Жылдар Yt = (1+r)t Вt Yt

Вt = 1/(1 + r)t

Yt = (1+r)t

Жыл

Вt

Yt

0

1.0

1.0

7

0.513

1.949

1

0.909

1.1

8

0.466

2.144

2

0.826

1.21

9

0.424

2.358

3

0.751

1.331

10

0.386

2.594

4

0.683

1.464

15

0.239

4.177

5

0.621

1.611

20

0.149

6.727

6

0.564

1.772

30

0.057

17.499

Кезең-кезеңмен салынатын қаржы салымдарының дисконтталған бүгіні құны төмендегідей анықталады




(76)

мұндағы t – қаржыны салудың бастапқы (нөлдік) мерзімінен – t0 жобаның біту мерзіміне – tб дейінгі мерзімдері (немесе кезеңдері);


Кt – t-мерзіміндегі жұмсалатын қаржылар (инвестициялар).
Капитал салымдарын пайдалану нәтижесінде табыс, пайда немесе үнемделген шығындар түріндегі экономикалық тиімділікті бағалау кезінде уақыт факторын есепке алып отыру керек.


(77)

мұндағы Пд – қайтарылатын қаржының - пайданың (табыстың) дисконтталған құны;


nt – t-мерзімдегі қайтарылатын қаржы (түскен табыс немесе үнемделген шығын).
Инвестициялық жобаны жүзеге асыруда әрбір t-мерзіміндегі болатын шығындар мен пайданың уақыттық өзгерістерін толығымен есепке алу «таза келтірілген (дисконтталған) құн» -ТДҚ (NPV) көрсеткіші береді


(78)

мұндағы Пt; Шt – инвестициялық жобаның t- мерзіміндегі пайда мен жылдық шығындар.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет