Дымқыл өнімнің сапасынбақылау. Макарон өнімдерін пресі матрицасының тесіктері арқылы пресстеп шығару арқылы алады. Пресстеу процесінің тиімді температурасы - 50°С. Температура бұдан жоғары болса, қамырдың пісу процесі басталып, пресстеліп шығу жылдамдығы төмендейді.
Дымқыл өнімдердің сыртқы бетінің сапасы негізінен матрицаның материалына және оның тесіктерін өңдеу дәлдігі мен тазалығына байланысты.
Тесіктері фторопластан жасалған матрица қолданылса, дымқыл өнімдердің сыртқы беті тегіс болады. Ал матрица тот баспайтын болаттан жасалынған болса, өнімдердің беті кедір-бұдыр болады.
Дымқыл өнімдердің қышқылдығы ұн қышқылдығына сай болады. Қалдықтарды қайта өңдеген кезде дымқыл өнімдердің қышқылдығы жоғарылайды, бірақ ұн қышқылдығынан 10%-тен артық аспауы керек.
Өнімнің сыртқы бетін, ылғалдылығын, температурасын және қышқылдығын анықтау. Пресстеліп шыққан макарон өнімдерінің сыртқы беті тегіс, кедір-бұдырсыз және ақаусыз болу керек, ал түсі біркелкі сарғыш болу керек.
Дымқыл өнімдер серпімді, формасын сақтауға бейім, бір-біріне қондырғыларға жабыспайтын, кептіру кезінде шытынап сынбайтын болу керек. Ұзын макарон өнімдері ұзындығы 1,5-2 метр болғанша созылмай, үзілмей, өз формасын сақтауға бейім болу керек. Түтікше тәріздес макарон өнімдерін екі саусақпен жайлап қысып,екі қабырғасын бір-біріне тигізгенде, ішкі қабырғалары жабысып қаомауы керек.
Ылғалдық дымқыл макарон өнімдерінің ылғалдылығын пресстеу процесін жылдам бақылау үшін МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай жедел әдіспен анықтайды. Бұл әдіс бойынша дымқыл өнім ылғалдылығын Чижова приборында анықтайды.
Температурадымқыл өнімдердің температурасы мен қамыр температурасын анықтау жолдары бірдей.
Қышқылдық МЕМСТ 14849-93 талаптарына сай сыйымдылығы 250мл конус тәріздес колбаға майда кесілген 5 г дымқыл макарон өнімдерін салады. Сосын оған температурасы 30-40ºС айдалған су құйып, біркелкі сұйық болғанша басында резина бекітілген шыны таяқшамен езіп араластырады. Осы сұйыққа 5 тамшы 1%-тік фенолфталеин ерітіндісімен титрлейді. Қоспаны 1 минут бойы кетпейтін қызғылт түске енгенше титрлейді. Дымқыл макарон өнімдерінің қышқылдығын келесі формуламен есептейді:
K = N * 100 / а* 10 K (15)
мұнда К – қышқылдық, град;
N – 100г дымқыл өнімді титрлеуге жұмсалған күйдіргіш натр мөлшері, мл;
А –колбаға салынған сынама массасы, г;
К – 0,1Н күйдіргіш натрды түзету коэффициенті;
10 – 0,1Н негізді 1Н-ға келтіру коэффициенті.