Кәсіпорынның сапа аймағындағы басшылығының саясаты


Сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау



бет18/21
Дата01.05.2023
өлшемі91,57 Kb.
#88706
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
stud.kz-26208

3. Сапа менеджменті жүйесін енгізу және сертификаттау
3.1 Сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңдері
ИСО стандарттарының жаңа нұсқасы тұтынушылардың сұраныстары мен күтіміндерін қанағаттандыруға бағытталған. Тұтынушылардан басқа СМЖ енгізуде қызығушылық танытқандар қатарына кәсіпорын қызметкерлері, тасымалдаушылар, серіктестер, мемлекет, қоғам жатады.
ИСО ХС негізінде сапа жүйесін енгізу 1987 жылдан бері жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін сапаны басқарудың үш нұсқасы шықты. Бұл стандарт нұсқаларының өзгеруімен ИСО 9000 стандарттарын енгізу тәртібінің ескілерге қарағанда еш өзгешелігі жоқ.
Бұл тәртіпті осы кезеңдерде орындау ұйымдастырушылық сипатта болады.
1- ші кезең – СМЖ құру жұмысын ұйымдастыру.
- СМЖ стандарттарын енгізу туралы шешім қабылдау;
- құжаттар жинағын жасау бойынша жұмыстарды жүргізу қандай күштермен орындалатындығын анықтау (консалтингтік фирманы таңдау);
- стандарттарды енгізу стратегиясын анықтау;
- СМЖ жасау және енгізу бойынша басшылық және жұмысшы топтарын құру;
- кәсіпорын басшыларын және жетекші мамандарын оқыту;
- сапа аймағындағы саясат пен мақсаттарын жасау
Бұл кезеңде ИСО 9000 сериялы моделге сәйкес сапа жүйесін жасау, енгізу және жетілдіру жөнінде бұйрық шығарылады.
2-ші кезең – СМЖ-ін жобалау. Бұл кезеңде процестерді анықтау; СМЖ-нің негізгі қызмет түрлері орнатылату; СМЖ жоғарғы басшылығының жауапкершілігі мен өкілеттігін үлестіру жұмыстары атқарылады.
Талдауда мыналарды анықтау керек:

  • СМЖ мәселесіне және процестердің орындалуына қатысты мамандардың дайындық деңгейі

  • Процестердің пайдаланатын ресурстар мен материалды–техникалық қамтамасыз етілу жағдайы

  • әрбір процестің кірісі мен шығысы.

Талдау нәтижелері негізінде орындаушылар жауапкершіліктері мен орындау мерзімі анықталып, СМЖ енгізу бағдарламасы жасалады.
3-ші кезең – СМЖ-н құжаттандыру. Бұл сапа жүйесін жасау, өңдеу процесін тұйықтайды. СМЖ құжаттарының құрылымы және құрамы, СМЖ құжаттарын кодтау тәртібі анықталады; СМЖ құжаттарын жасау, өңдеудің күнтізбелік жоспары түзіледі; сапа жүйесін құжаттандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі; құжаттарды жасау, өңдеуде консультациялар мен бақылау жұмыстары ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет