Педагогикалық тапсырмаларды қорытындылау.
1. сынып жетекшіге жинақталған құжаттарды беру және мінездеме алу;
2. практика есебін дайындау.
2-апта
дүйсенбі
1-күн
|
Сыныптағы 1 оқушыны таңдап алу.
1. мектеп психологімен әңгімелесу;
2. оқушының жеке құжаттарымен танысу;
3. оқушымен әңгімелесу, сауалнама толтыру.
|
сейсенбі
2-күн
|
Оқушының білім алу үрдісіндегі оқуға деген қарым-қатынасы мен сабақ үстіндегі тәртібіне бақылау жүргізу және нақты мәліметтер жинау.
1. білім алу үрдісіндегі оқуға қарым-қатынасы: танымдық әрекетке қызығушылығы, білімге деген ұмтылысы, ынтасы, талапшылдығы, төзімділігі, алған білімін жинақтай алу қабілеті мен қорытынды жасай алуы, білім алудағы ыждахаттылығы мен өзіндік дербестігі, өзін-өзі көрсетуге талпынысы, ойлау процесіне икемділігі, тақырыптарды меңгеру, есте сақтау қабілеттері, жекелеген мүмкіндіктері және сөйлеу мәдениеттілігі;
2. сабақ үстіндегі тәртібі: оқушының өзін-өзі ұстауы, мектеп талабын, мұғалім талабын орындауы, белсенділігі, ықылас қойып тыңдауы, пәнге қызығушылығы, мадақтаулар мен сынды естігендегі әсері.
|
сәрсенбі
3-күн
|
Оқушының еңбекке деген қарым-қатынасын және азаматтық ұстанымдарын анықтау.
1. еңбекке деген қарым-қатынасы: қоғамдық міндеттемелер мен тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше еңбек етуге қабілеті, еңбек тәртібін сақтауы, табандылығы мен төзімділігі, еңбекті адал атқаруы, жауапкершілігі, сынды қабылдай алуы, ұжыммен бірлесіп жұмыс істей алуы, жинақылығы;
2. азаматтық ұстанымдары: пікірталастарға қатысуы, сөздік қоры, пікірін жүйелі түрде айта білуі әрі оған көпшілікті иландыра алу қабілеті, әділеттілік пен сенімділікке деген қалтқысыз сезімі, үлкендермен қарым-қатынасы (турашылдығы, сөйлеу екпіні, ақыл-кеңестерді, сынды, өтініш-тілекті қабылдай алуы).
|
бейсенбі
4-күн
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |