ультрадыбысты зерттеу
235.Аналық без функциясы төмендеуінің ерте білінетін симптомдары
етеккір циклы ұзақтығындағы өзгерістер
236.Босану жолдары мен жұмсақ тіндердің жарақаты нәтижесінде қан кетудегі ота көлемі
жыртылған жұмсақ тіндерін тігу
237.Сыртқы акушерлік зерттеу кезінде анықталды: ұрықтың жатысы ұзынынан, басы кіші жамбасқа кіреберіс үстінде тұр, ұрықтың арқасы жатырдың сол жақ қабырғасына қараған. Ұрықтың туылатын бөлігі мен позициясын көрсетіңіз
Басымен келуі, I позиция
238.Эндометрийдің функциональды қабатының десквамациясы ненің салдарынан жүреді
Қандағы эстроген мен прогестерон деңгейінің төмендеуі
239.Босанған әйел, жыныс еріндерінің жыртылуымен асқынған босанудан кейінгі 4 тәулікте, сыртқы жыныс еріндері мен аралықтың ауырсынуы мен ашуының пайда болуына шағымданды. Қарау кезінде: жараның беткейі қызарған, тіндері ісінген, іріңді бөліністер бар. Жара жеңіл қанталайды. Ең ықтимал диагноз қайсысы
босанғаннан кейінгі ойық жара
240.Акушер-гинекологтың қарауына бір апта бұрын жұқпалы аурулар ауруханасында ауыр қызамықпен жатып шыққан жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 9-10 апта. Бұл ауру эмбрионның дамуына қандай әсерін тигізуі мүмкін
нәрестенің даму ақауларына әкелуі ықтимал
241.17 жасар қыз, көп мөлшердегі жатырлық қан кету шағымымен шұғыл түрде стационарға жеткізілді. Етеккірі 13 жастан, ретсіз, 1,5 айға дейін тежелумен келіп, соңы қан кетуге ұласады. Ауыздық контрацепция курсын қабылдаған, нәтижесіз. 6 айдан бері жыныстық өмір сүруде, қалаусыз жүктіліктен жыныстық қатынасты үзу әдісімен сақтанады. Қандай емді ұсынуға болады
жатыр қуысын қыру
242.19 жастағы науқас, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 37,5С дейін жоғарылауына және жыныс мүшелерінен іріңді бөліністердің бөлінуіне, зәр шығаруының ауырсынумен жүретіндігіне шағымданып келді. Қарау кезінде анықталды: уретрасы қызарған, айнамен қарағанда жатыр мойны гиперемирленген, эрозиясы бар, бөліністері шырышты-іріңді. Қынаптық зерттеуде: жатыры ұлғаймаған, пальпация кезінде ауырсынады, екі жақты қосалқылары да қалыңдаған, ауырсынады. Жұғынды бактериоскопиялау кезінде – клетканың ішінде және сыртында орналасқан гонококктар анықталды. Ең ықтимал диагноз қайсысы
Достарыңызбен бөлісу: |