Киелі мекендегі мәслихат



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата06.03.2017
өлшемі12,11 Mb.
#7732
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Піл тасбақасы 

Мұз астындағы көл 

«Марокконың Швейцариясы» 

Финляндиядағы Ювяскю-

л я   у н и в е р с и т е т і н і ң   з е р т т е у 

тәжірибесінің қорытындысына 

сүйенсек, жүйелі түрде жүргі-

зіл ген дене жаттығулары миы-

мыздың белсенділігін арттырады 

екен. 

Ф и н   ғ а л ы м д а р ы   с п о р т 

–   ә с і р е с е ,   м о й ы н ,   т ұ л ғ а , 

а я қ - қ о л   б ұ л ш ы қ   е т т е р і н і ң 

қозғалысын, дененің тепе-

теңдігін реттеп отыратын артқы мидың жұмысын 

екі есеге жақсартатындығын анықтаған. Соны-

мен қатар ғалымдар мұндай  згерістердің к птеген 

аурудың алдын алатынын алға тартты. Фин ғалымдары 

тыңғылықты жаттығудың миға нақты әсерін байқау 

үшін ең бірінші, бір әке, бір анадан туылған 32-36 жас 

аралығындағы 10 жұп егізді таңдап алады. Содан, осы 

егіздің физикалық белсенділігін анықтау үшін миларын 

түсіреді. Олардың біріншісі спортқа жақын, екіншісі 

керісінше еді. Ғалымдар олардың аяқ-қол бұлшық 

еттерінің қозғалысын бақылайды. Нәтижесінде, 

спортпен жүйелі түрде шұғылданған азаматтың ми 

к лемі бауырына қарағанда әлдеқайда үлкендеу 

болған. Ғалымдар егіздерді салыстыра келе, спортпен 

шұғылданатындардың қан құрамындағы қанттың 

м лшері аз болғанын, бұлардың қант диабетіне шалдығу 

қаупі жоқ екенін де айтқан.



КӨКЕЙКЕСТІ МƏСЕЛЕ

неге ойластырып к рмеске? Біз қалай 

болғанда жеткіншек ұрпақты жылқыдан 

алыстамауға, қайта жылқыға үйір болуға 

тәр биелеуіміз керек емес пе? Бұған ми-

нистр ліктер арнайы бағдарлама да қа-

был дап, нақты шараларды қолға алуы 

керек.


Алматыдағы Қазақ спорт және ту-

ризм академиясында «Ұлттық спорт 

түрлері» деп аталатын кафедра бар екен. 

Ол кафедраны Қазақстан Республи-

касына еңбек сіңген жаттықтырушы, 

педагогика ғылымының кандида-

ты, профессор Ерғали Мұхитдинов 

дейтін азамат басқарып келеді. Біз осы 

кафедраның оқытушысы, педагогика 

ғылымының кандидаты, ат спортының 

маманы Кендебай  бішевтен бүгінгі 

к теріп отырған тақырыбымызға орай 

пікірін білген едік. Кендебай  бішев 

бұған ең алдымен мемлекет тарапы-

нан тиісті к ңіл б лінбей отырғанына 

қынжылыс білдірді. 

–   Қ а з а қ   а т п е н   е р е к ш е л е н г е н 

халық. Сол ерекшелігімізді біз сақтап 

қалуымыз керек. Атқа мінудің ден сау-

лыққа қаншалықты пайдасы бар екенін 

медицина ғалымдары дәлелдеді. Бұл, 

біріншіден, салауатты  мір салтын 

қалыптастыратын  нер. Осынау байтақ 

жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ 

білектің күшімен қорғап қалған бабала-

рымыз аттың құлағында ойнады. Бізде 

ат спорты дұрыс насихатталмайды. 

Ата-аналар баласын атқа мінгізбейді. 

Құлап қаласың, бір жеріңді сындырып 

аласың деп. Бұл қате түсінік. Адам бала 

кезінен, жас кезінен атқа мінуді үйренуі  

керек. Бұл мықты денсаулықтың кепі лі, 

– дейді Кендебай  бішев. 

ТЕҢГЕ ІЛЕТІН ЖІГІТТЕРІМІЗ, 

С ЙГҮЛІККЕ С Н БЕРЕТІН 

ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚАЙДА?

Ат спорты маманының тағы бір айт-

қаны мынау болды. Бізде осы саланың 

мамандары жоқ екен. «Жоғары оқу 

орындарында ұлттық спорт түрлеріне 

байланысты оқу бағдарламалары 

жасалып жатқанымен, теңге алуды, 

қыз қууды, аударыспақты, т.б. спорт 

түрлерінен дәріс беретін мамандар келіп 

жатқан жоқ» дейді ол. «Ат спортынан 

550-600 студентке дәріс оқыдым. Бірақ 

ұлттық ат спортының түрлерінен дәріс 

оқитын мамандарды к рмедім. Біз осы 

салаға бағыттап мамандарды даярлауы-

мыз керек. Бұған немқұрайлы қарауға 

болмайды.  ткенде «Қыз қуу» сайысын 

ұйымдастырып к рейік деп едік, атқа 

мінетін қыз таба алмадық.   йткені 

бұл спортқа қыздар қатыспайды. Оның 

себебі, біріншіден, ата-аналарының 

рұқсат бермеуі. Екіншіден, қыздардың 

атқа деген қызығушылықтарының бол-

мауы. Сонымен қатар ел арасында кең 

тараған, ұлт спортының ежелгі әрі ең 

қызықтысының бірі – теңге ілу ойыны. 

Теңге ілу – спортшыдан икемділікті, 

серпінділікті, атқа мығым отыруды 

керек етеді. Бұл спортымыз да соңғы 

кезде кенже қалып келеді. Себебі теңге 

ілуге  берілетін жүлденің, сыйлықтың 

құны  те т мен, сондықтан бұл спортқа 

қатысушылар да жоқтың қасы» дейді ол. 

Кендебай  бішев ағамыз ат десе, 

ішкен асын жерге қоятын азаматтардың 

б і р і .   А т қ а   д е г е н   ж а н а ш ы р л ы ғ ы 

алаб тен. «Міне, жаңа ғана Ұзынағашта 

ұйымдастырылған к кпарды тамаша-

лап келіп отырмын. Бес сағат аттың 

үстінде жүрдім. Қандай керемет!» деп 

ағынан жарылды. Ол 1990 жылдардың 

басынан бері бірнеше рет ат спорты 

бойынша кәсіби клуб ашыпты, алайда 

онысы түрлі кедергілерге байланыс-

ты жабылып қала беріпті. Ат спор-

тын дамытуға байланысты к терген 

бастамалары да жүзеге аспай келеді 

екен. Бұл қандай бастама десек, биыл 

қыркүйек айының 7-18 аралығында 550 

шақырымдық «Алматы-Тараз» әйгілі  

аламан бәйгесін (конно-супер марафон) 

ұйымдастыру туралы бастама екен. 

Бірақ оған тиісті сала басшыларының 

тарапынан қолдау болмай қала ма де-

ген алаңдаушылығын жасырмады. 

«Бұған дейін біз «Жамбыл – 150 жыл», 

«Түркістан – 1500 жыл» ат бәйгесін 

ткізбекші болғанбыз, спорттың осы 

түріне деген немқұрайлықтың салда-

рынан бұл бастамаларымыз қолдау тап-

пады. Егер к ршілес елдерге қарасақ,  

түрікмендер 4300 шақырымдық «Аш-

хабад-Москва» (84 күн), ал қырғыздар 

«Манас» жырының 1000 жылдығына 

орай 1609 шақырымдық «Ашхабад-Та-

лас» (51 күнде) ұлы аламан бәйгесін  те 

жоғарғы дәрежеде  ткізді. Осы жарысқа 

басынан аяғына дейін қатыстық. Міне, 

ат  нерін ұлықтаудың, әспеттеудің 

шынайы к рінісі осы емес пе?» дейді 

Кендебай  бішев. 

Айтса айтқандай. Біз нарық за-

манына бейімделеміз деп, қолдағы 

асыл құндылықтарымыздан айыры-

лып қалмауды ойластыруымыз керек. 

Нарық жағдайында  мір сүріп жатыр-

мыз. Барлығы қаржыға келіп тіреледі. 

ркім  зінің бас пайдасын ойлайды.

Ал ұлттың пайдасын кім ойлайды? 

Ұлтқа қажет, ұлттың  ркендеуі үшін 

қажет шаралардан біз неге тартынамыз? 

Ұл-қызыңызды аттан алыстатпаңыз, 

ағайын! 


Дәуіржан Т ЛЕБАЕВ  

Қайбір күні ауылда болғанымда, 

ауыл көшесімен тайына мініп 

шапқылап бара жатқан бір бала-

ны көріп, қатты қызықтым. Тайға 

мінген бала көз алдыма қазақтың 

күллі болмысын бір елестетіп өтті. 

Дәл осы кезде сол бала құралыптас 

қала балалары компьютер клуб-

тарында «Контр страйк», «Страте-

гии», т.б. ойындардың қызығына 

батып, уақыттарын зая кетіріп 

отырғанын ойладым. Бәлкім, олар 

да тайға мініп, атқа мінуді үйренер 

ме еді, бірақ оған қалада мүмкіндік 

жасалмаған ғой. Осылайша олар 

тай мен құнанның, сәйгүліктің не 

екенін білмей ержетеді. Ал аттан 

алыс өскен баланың бойында 

қазақылық болмайды, Шерхан 

Мұртаза айтпақшы «Бір кем дүние» 

болып тұрады.  

Иә, қазір бала тұрмақ, үлкендердің 

өзі атқа мінудің не екенін ұмыта 

бастағандай. Ғасырлар бойы аттың 

жалында, түйенің қомында ғұмыр 

кешіп, қайталанбас мәдениет 

пен өнердің ғажайып үлгілерін 

қалыптастырған халқымыз аттың 

қыр-сырын жетік білген еді. Дос-

памбет жыраудың «Арыстандай 

екі бұтын алшайтып, арғымақ 

мінген өкінбес» деген сөзі осын-

дайда еске түседі. Кезінде қазақ 

даласында атбегілік өнердің дамуы 

өзінің ең биік шыңына жетті десек, 

қателеспейміз. 

зіңіз байқап қараңыз, асауды 

үйрету, бәйгеге шабатын атты бап-

тау, тұлпар мен жабыны айна-қатесіз 

тану, тай жарыс пен құнан жарыс 

және  зге жарыстарды қызықты етіп 

ткізу, әр бәйгенің  зіне сай келетін 

аттарын, ер-тұрманын, әбзелдерін 

к ркемдік, эстетикалық талғаммен 

жасау – осының бәрі қазақ халқының 

жылқыға жақындығын, жылқы мінездес 

екенін білдіріп тұрған жоқ па? Асылы,  

хал қымыздың бойындағы еркіндік, 

рух биік тігінің бір парасы осы жылқы 

жануары мен байланысты қалыптасты 

де сек, жаң сақ айтпаған болармыз. 

Алпамыстың Шұбары, Ер Тарғының 

Тарланы,  Ақанның Құлагері сол 

тұлғалармен б лінбес, ажырамас бір 

ортақ ұғымға айналып кетті. Мұның 

зі қазақ даласында атбегілік  нердің 

қандай болғанын байқатып тұрған жоқ 

па? Жаугершілік замандарда ел мен 

жерді жаудан қорғаған батырларымыз 

аттың үстінде жүріп елді қорғады емес 

пе?! 


Ал бүгінгі  мір, әрине, басқа. Біз 

қазір  кінішке орай атқа мінбейтін, 

атқа құмартпайтын ұлтқа айналып бара 

жатырмыз. Жалы т гілген сәйгүлікті 

к рсек «Паһ, шіркін» деп қызығымыз да 

қоямыз. Қалалық мәдениетке бой ұрған 

соң, далалық салтты ұмытып, далалық 

дүниетанымнан қол үзе бастағанымыз 

шындық.  мір салтының  згеріп, 

тұрмыс-тіршіліктің басқа арналарға 

бұрылып кетуінен болар атқа мінбек 

түгілі, оған жақындауға қорқатын 

болдық. Ал ата-бабаларымыздың бізге 

аманаттап кеткен салт-дәстүрін кім 

сақтайды? Аттан қол үзіп қалу, алыстап 

кету қазақылықтан айырылу, қазақы 

мінезді жоғалту деген с з. Дүрбелең 

уақыттың, аласапыран заманның 

ағымымен кетіп баратқандаймыз. 

Бүгінде аттан г рі «темір тұлпар» деген 

с з сәнге айналды. Атқа міну, ат бап-

тау сән емес, шетелдік темір тұлпар 

сатып алу сән. Жастардың санасында 

«Темір тұлпарың болса, мықтысың» 

деген түсінік орнады.  стіп, біз бірте-

бірте аттан алыстап барамыз. Мұны 

мойындамасқа амал жоқ. 

АТҚА МІНЕТІН ҚАЗАҚ 

АЗАЙЫП КЕТТІ 

Түп-негізіне келер болсақ, жылқы 

сіру, ат баптау, сәйгүлік  жарату ол да 

үлкен мәдениет. Еуропаға зер салайық. 

Ұлыбритания болсын, Франция бол-

сын, бәрі де  здерінің ат спортын әлемге 

әйгілеп отыр. К з қызықтыратын 

иппод ромдары бар, аттары қандай. 

Бәрі де сән-салтанатымен жарасым 

тауып тұр. Ол елдерде ат жарыстарын 

тамашалауға миллиондаған адамдар 

жиналады. Ол жарыстарды тікелей 

эфирден к рсетіп, мақтаныш етеді. 

Аттың үстіндегі адамды «Жокей» 

деп ұлықтайды. Шіркін-ай дейміз. 

Біздің шабандозымыз қайда? Сол 

еуропалықтарға атқа мінуді үйреткен 

азиялықтар емес пе?! Бірақ олар 

мәдениетті сақтау, салт-дәстүрлерін 

ұ л ы қ т а у   ж а ғ ы н а н   а л ғ а н д а   б і з г е 

қарағанда жинақырақ болып шықты. 

зі-ақ бүгінгі қазақтың атқа мініп-түсуді 

ұмыта бастағанын айқын к рсетіп тұр 

емес пе? 

Оны айтасыз, атты ерттеп білмек 

түгілі, қазіргі жастар ат әбзелдерінің 

түрін ажыратып айтып бере алмаса, таң-

ғал маңыз. Ауылда аттың жалын тарап 

скен бала болмаса, тас жолда ержеткен 

бала атты тек кино-фильмдерден к рген 

шығар. Осының бәрі неден? Біздің ат 

мәдениетіне  жеткілікті түрде к ңіл 

б лмеушіліктен. «Ат – жігіттің май-

даны» (Махамбет) деп ғұмыр кешкен 

қазақты бүгін табу қиын.  

«АЛМАТЫДАҒЫ ИППОДРОМ 

ЖАБЫЛАДЫ...»

Неліктен бұлай болды? Заманның 

згеруінен бе, аттың күнделікті  мірі-

мізге қажет болмай қалғаны ма? Иә, біз 

қазір  ркениетті болуға ұмтылған елміз. 

Аттан темір тұлпарды артық к реміз. 

мір салтының  згергеніне бір дәлел, 

қазіргі кезде атты к лік етіп жүргендер 

ауылдық жерлерде бірен-саран бар 

шығар. Бірақ ауылдағы ағайынның 

зі к лік болмаса, атпен алыс жолға 

шықпайтын болды. Сайын дала т сінен 

аттың үстінде отырған қойшыны ғана 

к реміз. Қалалық жердегі жағдай тіпті 

мүшкіл десек болады.  йткені қала лар-

да ипподромдар жоқтың қасы. Болса да, 

оған ағылып барып жатқан халық жоқ. 

Біз осы мақаланы жазу барысында 

Алматыдағы жалғыз ипподромға ба-

рып қайттық. Жағдайы мүшкіл екенін 

к рдік. Есігі тарс жабық. Басынан бақ 

ұшқан ба дерсіз. Аржағында жүрген 

адамдар ипподромның қайта ж нделуге 

ж а б ы л ғ а н ы н   а й т т ы .   Б і р   ж ы л ғ а 

жуықтапты. «КТК» телеарнасы осыдан 

сәл ілгері күні «Алматы ипподромы 

ақыры жабылатын болды! Босаған 42 

гектар жерге оның қожайыны сауда 

орталығын салмақ екен. Тек бұған ип-

подром қызметкерлері үзілді-кесілді 

қарсы. Егер кешен жабылса, 40-қа жуық 

но-спортивный центр» деп аталатын 

бірнеше орталықтарға хабарластық. 

С йтсек, олар атты табыс табудың к зіне 

айналдырып алғандай. «Келіңіз, ат бар. 

Бірнеше түрі бар» дейді.  рқайсысының 

шарты әртүрлі. Кейбір орталықтарда 

атпен шабуға болмайды екен. Жай 

қыдырыстап қайтасыз. «Жорғалайсыз 

немесе жай жүресіз» дейді. Хош деп, 

бағасын сұрастыра бастадық. Сағаты 4 

мың. Кейбір жерлерде 5 мыңнан баста-

лады. Қарапайым отбасының қалтасы  

мұндай бағаны қалай к тереді? Ата-

анасы баласын мұндай орталықтарға 

бір апарар, екі апарар, әрі қарай ойлана 

бастайды ғой. Бір сағаттың ішінде бала 

не үйренеді? Ол атты ерттеуді үйрену 

керек, үзеңгінің не екенін, ертоқымның 

қандай болатынын, айылды тартуды, 

атты ауыз дықтауды, тізгінді ұстауды, 

атқа дұрыс отыруды үйренуі керек қой. 

Осының бәрін үйреніп шығу үшін әр 

балаға қанша ақша кететінін ойша есеп-

тей беріңіз. 

«Ат – ер қанаты» дейді халқымыз. 

Олай болса, ұлт болып тұрамыз десек, 

аттан қол үзіп қалғанымыз жарамайды. 

Сондықтан істі Үкімет тарапынан, 

жергілікті әкімдік тарапынан халыққа 

қолжетімді түрде, әрбір отбасының 

қ а л т а с ы н а   с а л м а қ   т ү с п е й т і н д е й 

дәрежеде жұртшылыққа ыңғайлы 

болатындай неге ұйымдастырмасқа? 

Алматы ипподромының түрі анау, ат 

орталықтарының шарықтап тұрған 

бағасын айттық. Демек, бұл салаға 

мемлекеттік тұрғыдан қолдау керек. 

Ипподром жұмыс істеп, кез келген 

адам келіп ат таңдап мініп,  зі де, бала-

сы да атпен серуендейтін болса, қандай 

керемет болар еді. Сол ипподромның 

жанынан ұлттық тағамдардан, қымыз 

бен шұбаттан дәм таттыратын асха-

налар ұйымдастырылса, тіптен ғажап 

емес пе? Осының бәрін жасауға бо-

лады ғой. Қандай қиындығы бар? 

Тек ұлттық намыс, ұлттық ой, зерде, 

ниет керек. Ипподром бола ма, арзан 

білдік. Міне,  кінішке орай, жағдай 

осындай. 

 Қазақстан Республикасы Мәдениет 

ж ә н е   с п о р т   м и н и с т р л і г і   Ұ л т т ы қ 

спорт басқармасы басшысы Мақсат 

Қойшыбаевқа хабарласқанымызда 

министр ліктің бұл саладағы құзыреті 

республиканың қалаларындағы иппод-

ром стандарттарын белгілеу екенін 

айтты. Ал қалған шаруа жергілікті 

жерлердегі спорт басқармаларына 

тиесілі екен. Ол бүгінгі таңда  Астана, 

Қостанай, Қарағанды, К кшетау 

және т.б. қалаларда ипподромдар 

жұмыс істеп тұрғанын, ат  жарыстары 

ұйымдастырылатынын тілге тиек 

етті. Алайда бізге керегі ат жарысы 

емес қой. Бәйгелер елімізде онсыз да 

ұйымдастырылып,  ткізіліп жүр. Бұл 

жағынан кенде емеспіз. Бізге керегі 

қаладағы қарапайым қазақтың атқа 

мінуі, ұл-қызын атқа баулуы, аттың 

қ ы р - с ы р ы н   ж е т і к   м е ң г е р у і   ғ о й . 

Министрліктегілер, жергілікті спорт 

басқармаларындағылар осы жағына 

к ңіл б луі тиіс. Бұл ретте мына бір 

мәселелерді ерекше атап  ткен ж н. 

Біз мектеп оқушыларына ат спортын 

егжейлі-тегжейлі таныстыратын экс-

курссияларды ұйымдастыруды қолға 

алуымыз керек. Бұған Білім және 

ғылым министрлігі мен Мәдениет 

және спорт министрлігі ерекше назар 

аударып, оқушыларды ат әбзелдері жа-

салатын шеберханаларға апару, жылқы 

шаруашылықтарының жұмыстарымен 

таныстыру, ат спортына үйрету сын-

ды жұмыстардан хабардар ету керек. 

Мәселен, оқушылардың жазғы демалы-

сында жазғы лагерьлер ұйымдастырып, 

оларды атбегілік  нердің қыр-сырымен 

таныстыруды неге жолға қоймасқа? 

Ол жазғы лагерде әр бала атқа мінуді, 

ат ерттеуді үйренсе, асаудың қалай 

үйретілетінін к рсе, бәйге аттарының 

қалайша бапталатынын білсе, сонда 

ғана баланың атқа деген қызығушылығы 

оянар еді. Осындай бір шараларды 

Сырт елден келген мәдениет болса да, 

соны к здің қарашығындай сақтап, 

үкілеп, биікке к теріп, күллі әлемді там-

сандырып, бекзат  нерге айналдырды. 

Қазақта дүниеге бала келсе: «Ат 

ұстарым» келді деп, бала ержетсе «Ат 

жалын тартып мінді» деп айтады. Бала-

ны ашамайға отырғызу дейтін де салт 

бар. Баланың  мірге келуі де, ержетуі 

де атпен байланыстырылды.  р қазақ 

үшін баласының атқа мінуі қуаныш, той 

болды. Сонда деймін-ау, осыншалықты 

қадір-қасиетке ие болып, ардақталып 

келген атты қазір құрметтеп жатқан кім 

бар? Қазіргі қазақтар баласын атқа емес, 

велосипедке отырғызады. Амал қанша, 

халқымыздың бойындағы атқа деген 

құмарлық, қызығушылық  ткен заман-

дармен бірге кете ме деп алаңдайсың. 

Бүгінде соның бәрі бір экзотикаға ай-

налып бара ма деп ойланасың. Себебі 

бәйгені тамашалауға асыққан жастарды 

к рмейсің. К кпарға қаны қызып, 

к кпаршы боламын деген жастар да 

азын-аулақ.  йтеуір, бойымызда атқа 

деген бір бойкүйездік, самарқаулық 

пайда болды. Ғылыми-техникалық 

дамудың салдарынан ба, кім білсін, атқа 

қай жағынан мінуді білмейтін жастары-

мыз к бейді. Мақтаулы деген отандық 

бір кинолардан к ріп қалдық, фильмдегі 

актерлер атқа қамшылар  жағынан мініп 

жатыр. Аттан түсерде, аяғын аттың бас 

жағынан айналдырып түскенін к рдік. 

О заманда бұ заман қазақ қашан атқа 

қамшылар жағынан мініп еді. Осының 

адамды жұмысынан айырылғалы тұр. 

Сондықтан жұмысшылар 85 жылдық 

тарихы бар мекеменің қайта мемлекет 

қарамағына  туін талап етуде. Айта 

кетейік, ипподром 2011 жылы жеке 

қолға  ткен» деген хабар таратты. 42 

гектар жерді алып жатқан ипподром – 

Алматыдағы ескі кешендердің бірі екені 

белгілі. Ол 1930 жылы тұрғызылған. 

Мұнда асыл тұқымды жылқылардың 

2 мыңнан астамы бапталған. Тек 2011 

жылы сол нысан жекенің қолына 

беріліпті. Телеарнаға берген сұхбатында  

«Алматы ипподромы» қозғалысының 

жетекшісі  сел Досыбаева:  «Бұл 85 

жылдық тарихы бар кешен. Алдағы 

20-наурызда мерейтойы аталып  туі тиіс 

еді. Оны құртқанша, неге сақтамаймыз? 

Мемлекет қайта қарауына алсын. Қазір 

заң орындарына шағымданып жатыр-

мыз. Орнына түрлі сауда орындары 

салынады екен» деді. 

Сонда ипподром қожайы ны ның 

айтқан с зін естісеңіз, жағаңызды 

ұстайсыз. Шухрат Илохунов есімді 

басшысы былай дейді: «Иә,  жабылады. 

йткені пайдасы жоқ. Шығын к лемі 

жылына 2 миллион шамасында айна-

лады. Негізгі табыс бәс тігуден түсетін. 

Бірақ енді оған рұқсат бермей жатыр. 

Сондықтан жабуды ұйғардым» («КТК» 

телеарнасы, 15.03.15 ж.). Алматыдағы 

ж а л ғ ы з   и п п о д р о м д ы   ж а у  ы п   т ы -

натын болсақ, жастарды атқа қа лай 

баулымақпыз? Ипподромның жайы 

белгілі болған соң, біз қаладағы «Кон-

бағадағы ат спортының орталықтары 

бола ма, олардың жарнамасын жасап, 

к пті тартатын болса, ол жерлер-

ге халық неге бармайды? Барар еді. 

Ағылып келер еді. Ал әзірге бұлайша 

ж а р н а м а л а п ,   ш а  қ ы р ы п   о т ы р ғ а н 

бірде-бір орталық бол маған соң, оған 

адамдардың да қызығушылығы оян-

байды. 


АТ СПОРТЫНАН ЕУРОПАЛЫҚТАР 

ШАҢ ҚАПТЫРЫП КЕТТІ

Осы тақырыпты зерттеу барысында 

біз еліміздегі ат спортының дамуы-

мен де таныстық. Алматыдағы ұлттық 

спорт түрлері бойынша қызмет ететін 

олимпиадалық орталықта болдық. Бұл 

жердің де  з мәселелері жетерлік екен. 

Ат спортының бапкерімен с йлесіп 

к ріп едік, біраз жайға қанық болдық. 

Еуропалық ат спортының дәрежесіне 

жету үшін бізге әлі к п жылдар керек 

деді. Азия ойындарында жүлдегер бо-

лып жүрген спортшылардың бар екенін 

айтты. Дегенмен, ат спорты  те қымбат, 

қаражаттың мол болуын қажет ететін 

спорттың түрі екенін білдік. «Еуропада 

ат шабатын құмның  зі арнайы техноло-

гиямен жасалады. Ол құм аттың аяғына 

жақсы әсер береді. Екпінді жүруіне 

ыңғайластырылған» дейді Рашид есімді 

ат спортының бапкері. Ат спорты-

нан жарыстар  ткізілетін жерді аралап 

к ргенімізде, инфрақұрылымның Кеңес 

Одағы кезінен бері жаңартылмағанын 



Ат құлағында 

Ат құлағында 

ойнаған қазақ едік...

ойнаған қазақ едік...

12

№14 (1272) 

9 – 15 сәуір

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Құрылтайшы және шығарушы: 



«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРI» 

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi

Бас директор – 

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы 



Жұмабек КЕНЖАЛИН

қабылдау бөлмесi 394-42-90 

жарнама бөлiмi 394-41-27

kaz_gazeta@mail.ru

www.kazgazeta.kz

Бас редактор 



Самат ИБРАИМ

Бас редактордың 

бiрiншi орынбасары 

Нұрперзент ДОМБАЙ

Бас редактордың 

орынбасары 

Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ

Бөлiм редакторлары:

Ақбота ИСЛӘМБЕК – Тіл мәселелері және мәдениет

Бағдагүл БАЛАУБАЕВА – Білім және ғылым

Нұрлан ҚҰМАР – Әлеумет және ақпарат



Фототiлшi

Азамат ҚҰСАЙЫНОВ



Беттеуші

Нұржан АСАНОВ



Терімші

Күмісай МЕРЕЙХАН



Корректор

Динара МАСАКОВА



Хатшы-референт

Назгүл БЕЙСЕМБАЕВА

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 

Ақпарат және мұрағат комитетiнде қайта тiркеуден өтiп, 2006 жылғы 4 маусымда 

№7345-Г куәлiгi берiлдi.

Газет аптасына бір рет шығады.

«Ана тiлi» газетiнде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ 

газеттерi» ЖШС-ға тиесiлi, жарнаманың мәтiнi мен тiлiне редакция жауапты емес.

«Ана тiлiнде» жарияланған материалдарды көшiрiп немесе өңдеп басу үшiн 

редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сiлтеме жасалуы мiндеттi.

Жарияланған мақала авторларының пiкiрлерi редакция көзқарасын бiлдiрмейдi. 

Газет авторларынан мақалалардың 3 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық 

нұсқасымен қоса әкелуiн сұраймыз. Редакция оқырман хаттарына жауап 

бермейді, қолжазба кері қайтарылмайды. 

Газеттiң терiлуi мен бет қатталуы «Қазақ газеттерi» ЖШС-ның компьютерлiк 

орталығында жасалды. Индекс 65367. Офсеттiк басылым.

Газет: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 223 «в». 

 «Алматы-Болашақ» АҚ, Тел: 378-42-00 (бухг.), 378-36-76 (факс); 

 Ақтөбе қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, 190, «А-Полиграфия» баспаханаларында басылып шықты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет