«Киіктер тағы көбейеді, Сарыарқаны тастамайды» дейді «Алтын дала» мемлекеттік табиғи



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата06.03.2017
өлшемі22,27 Mb.
#7991
1   2   3   4   5   6   7

Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ,

ҚМУ ГӘФ журналистика

 мамандығының 2 курс студенті

Кәсібің—нәсібің

ТАБЫСТЫҢ КӨЗІ АУЫЛДА

14

C



M

Y

K



сезімнің дамуына әсер ететін басты құбылыс. Түрік 

тілі – ең бай тілдердің бірі. Оның тек саналы түрде 

қолданылғаны ләзім. Елін, мәртебелі тәуелсіздігін 

қорғай  білген  түрік  ұлты  тілін  де  шет  тілдердің 

мойынтұрығынан құтқаруға тиіс» деген әйгілі пікірі 

де түрік тілдес халықтарды біріктіретін мазмұнға ие.

Әлі есімде,Түркияның президенті болған көрнекті 

тұлға  Тұрғыт  Өзал  қайтыс  болды  деген  хабарды 

естіген сәтте сену қиын болды. Өйткені, осы жама-

нат хабар естілерден бір-екі күн бұрын ғана оның 

қазақ жеріне келгенін, мешітке кіргенін, Түркістанда 

болып,  Қожа  Ахмет  Иассауидің  қабіріне  зиярат 

қылғанын  теледидар  арқылы  көрген  едім.  Оның, 

әсіресе, Жоғарғы кеңесте сөйлеген сөзіне ерекше 

риза болып едік. «Түркия  – анажұртымыз болса, 

қазақ  жері  –  біздің  атамекеніміз»  деген  сөз  иісі 

қазақты тебіренткен еді. Енді бүкіл түрік дүниесіне 

қамқорлық жасауды басты міндетім деп есептеген 

сол  қайраткер  арамызда  жоқ  дегенге  қалай  ғана 

сенерсің?!  Топырағы  торқа  болсын,  жарықтық, 

Тұрғыт  Өзал,  сол  жолы  бой  жазып,  атамекенімен 

қоштасып,  анажұртында  көз  жұмған  екен  ғой. 

Ажалға қанша қимасақ та, бұл да абыройлы өлім. 

Қазақтың көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсынов: 

«Мен бұқтым, жаттым, Сен   бұқтың,   жаттың, Кім 

істемек қызмет? Ауызбен айтып, Істерде қайтып, 

Жоламасақ  не  міндет?  Тек  жүрсе  тоқ  жүрмек-ті, 

Қиын  деме  білмекті»  –  деді.  Түрік  қаламгері  әрі 

қайраткері    Назым  Хикметтің:  «Мен  жанбасам 

лапылдап,Сен  жанбасаң лапылдап, Біз жанбасақ 

лапылдап,Түнек қалай ашылмақ» – деген жолдары 

Ахмет  Байтұрсынов  өлеңінің  аудармасы  секілді 

естіледі. Мұндай ой ұқсастығы, пікір сабақтастығы 

түрік  тілдес  ұлт  ақындарының  көпшілігінде    жиі 

жолығады.

Мысалы, түркімен ақыны Мақтымқұлы: «Алып та-

улар, биікпін деп шіренбе, түбі сен де жермен-жексен 

боларсың» – десе, қабарда ақыны   Алим Кешоков:

Биік таулар қырау шалған самайын,

Көрген кезде жанарыңды арбайды.

Құзар шыңдар биікпін деп айтпайды,

Одан, бірақ, аласарып қалмайды. – деп осы ойды 

сабақтай түседі.

Қазақтар  ана  тіліне  аударып  алып,  шырқап 

жүрген  поляктың  «Таңертеңнен  бір  сұлу  қыз  суға 

келеді» – деген әні де, көптеген қазақ ақындарының 

шелек  ұстап,  су  тасыған  қазақ  қыз-келіншектері 

туралы жырлары да бір кездегі ауыл көрінісін көз 

алдымызға  алып  келсе,  башқұрт  ақыны  Әлфия  

Қырымқожинаның:

Қолаң шашты аймалайды жел ерке,

Көңіл көлі қалмас әсте суалып.

Көк шалғындай көйлек киіп таңертең,

Башқұрт қызы келе жатыр су алып, – деп келетін 

өлеңінен лирикалық кейіпкерінің бет-бейнесін айқын 

көрсетеді.

Түріктің    ұлы    ақындарының  бірі,  сопылық 

поэзияның белді өкілі Жүніс Әмірені біз Қожа Ахмет 

Яссауидің ізбасары, рухани мұрасын жалғастырушы 

есебінде  танимыз.  Оның  қайырым  мен  сауап, 

жақсылық пен сабыр туралы жырлары кім-кімді де 

бей-жай  қалдырмайды.  Ақынның:  «Бет-пердеңді 

ысырсаң, Қайран,  Жүніс  – күнәң көп, Шын сыйынсаң 

Бір  Алла  кешіреді  –  күмән  жоқ!»    (аударған  Ал-

мат  Исәділ)  дегені  де  риясыз  шындық  емес  пе?! 

Ақындардың жырлары сезім қылын шертеді, жүрек 

сырын ақтарады.Түрік шайыры  Неджат Жұмалы: 

«Мен бүгін қапалымын.Ағара ма қарайған ала көңіл? 

Өзгеше ертең, бірақ, болады өмір» – деген болса, 

Зия Көкалып: «Мешіт – біздің қазармамыз, Шатыр 

–  біздің  дулығамыз.  Мұнаралар  –  көк  найзамыз, 

Құлшылықты құп аламыз» – деп ағынан ақтарылса, 

осы заманда өмір сүріп отырған  Әли Аббас Шынар 

«Қазақстан» деп аталатын жырында:

Мың жылдық сағыныш, мың жылдық махаббат,

Жол түсіп жеріңе  келдім мен, Қазақстан!

Шет елде емеспін, уайым жемеспін,

Атамның шыққан жері сен, Қазақстан! 

Әли Аббастың айтылып ең ізгі тілегі,

Махаббат деп қана соғады жүрегі.

Ауыр сөз ешқашан келмейді тіліме,

Түркиямен  бірге    мың  жаса,  Қазақстан!  –  деп 

екі елдің татулығы мен бірлігін жырға қосады. (бұл 

өлеңдердің барлығын аударған Ақылбек Шаяхмет).

Гүржістанда  тұратын  түрік    шайыры  Осман 

Ахметоғлы «Арқамда – Хазар, алдымда – дағылар 

(таулар)» – десе, оның бұл сөздерінен кең далада 

алшаң басқан, ат құлағында ойнаған, Арқасын тауға 

тіреп, қастасқан жауына қарап шіренген жауынгер 

батыр бабалар рухын сезгендей боламыз.

Түрік      тілдес      халықтардың    музыкалық 

аспаптарының да шыққан тегі бір екені кейінгі кез-

де әңгімеге жиі өзек болып жүр. Әл-Фараби көне 

музыкалық  аспаптардың  шығу  тегін  табиғаттағы 

дыбыстар  мен  дауыстарға  балап,  судың  ағыны, 

құмның  сусылы,  желдің  уілі,  қамыстың  сыбдыры 

секілді табиғат құбылыстарымен байланыстырады. 

Ежелгі  түрік  фольклорлық  ескерткіштерінде    аты 

аталатын  кейбір  музыкалық  аспаптар:  сырнай,  

жетіген,  шаңқобыз,  сыбызғы,  дабыл,  дауылпаз, 

керней, дутар, т.б. көпеген түрік тілдес халықтарда 

бар. Кейбірі уақыт өте келе әр халықтың өзіне тән 

ерекшеліктерге  ұшыраған.  Олардың  арасында 

ұрмалы, үрмелі, шертпелі аспаптар бар.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, түрік 

тілдес халықтардың тамыры бір, тілдері ұқсас, салт-

дәстүрлері сабақтас, сондықтан олардың мақсат-

мүддесі де бір арнада тоғысқаны ләзім.

23


C

M

Y



K

C

M



Y

K

28 маусым – Байланыс және ақпарат құралдары 



қызметкерлерінің күні

15

Қалам, 



қойындәптер, 

камера, 

микрофон,  фотоаппарат,  диктофон...  

Журналистке 

керектінің 

тізімі. 

Осылардың  икемі  мен  ыңғайын  таба 

білген нағыз майталмандардың мерекесі 

де  келіп  жетті.  28  маусым  -  Байланыс 

және ақпарат құралдары қызметкерлері 

күні. Осы орайда облыстағы бұқаралық 

ақпарат 

құралдарында 

жалпы 

журналистика  саласында  тер  төгіп 

жүрген әріптестеріміздің    пікірлері мен 

құттықтауын ұсынамыз.

Н ұ р қ а н а т   Б Ұ Қ А Б А Е В ,   « Қ а з а қ с т а н-

Қостанай» телеарнасының шеф-редакторы:

ХХІ  ғасыр  –  ақпарат  аламаны.    Бұқаралық 

ақпарат  құралдарының,  иә  сол  «mass-media»-

ның  қазіргі  уақытқа  дейінгі  аралығын    қарасақ, 

дүдәмал  көп  болған.  Әуелгілер  телевизия  жұрт 

біткенді  өзіне  қаратса,  газет-журнал  оқитын, 

радио  тыңдайтын  жұрт  қат  заман  туады  десіп 

еді.  Келді  ғой  сол  уақыт.  Өтті  де,  өктем  үнді, 

ақпарат  кеңістігіне  өзге  құбылыс  боп  енген 

интернет-журналистика  бұқараны  электронды 

беттеріне  «тәуелді»  етті.  Бүгінде  «анау  кетіп, 

мынау  келді»  деген  журналистиканың  мәнісін 

өзгертпек  емес.  Әңгіме  мақаланы  да,  хабарды 

да  түрлендіріп, түлететін жаңашылдықта болса 

керек.  Ақпаратты  құралдың  қайсысы  арқылы 

жеткізсек те, журналистиканың қоғам алдындағы 

жауапкершілігі әсте өзгермейді. 

Ілгері басқан БАҚ-тың жетегіне ілесемін деп, 

ұлттық айшықтарымызды айғыздамағанымыз 

абзал.  Өзгеден бәсі басым шұрайлы тіліміздің 

өзге жұрттардан артықшылығын ескергеніміз 

жөн-ау.  Оны  оқырман  мен  тыңдарманға, 

көрерменге  бояуын  жүдетпей  жеткізген  жөн.  

Иә,  қазіргі  жас  журналистерге,  зор  үміт  ар-

тылып  отыр.  Алдыңғы  буынның  үдесінен 

шығу-шықпауды  әр  жас  қаламгердің    өз 

шамасы  көрсетеді.  Алайда,еңбекті  ұлттық 

ж у р н а л и с т и к а н ы ң   к ө с е г е с і н   к ө г е р т у г е 

арнамасқа амал жоқ.  

Қымбат  ДОСЖАНОВА,  «Қостанай  таңы» 

газетінің тілшісі:

Б ұ қ а р а л ы қ   а қ п а р а т   қ ұ р а л д а р ы н 

төртінші  билік  деп  айтамыз.  Шын  мәнінде 

журналистердің әлеуметтік мәртебесі қандай? 

Не мемлекеттік қызметке, не мәдениет сала-

сына жатпайды. Ал тілші қауымының атқарып 

жүрген қызметі, еңбегі өлшеусіз. 

БАҚ – билік пен халықтың арасындағы дәнекер. 

БАҚ  –  қоғам  өмірінің  айнасы.  Тұтынушылар 

аудиториясын  ақпараттандырып,  қоғамдық 

ортаға  ой  тастайды,  пікір  өрбітеді.  Журна-

лист  халықтың  айтарын,  жағдайын  баршаға 

жеткізеді. Бұқараның мұң-мұқтажын баяндай-

ды. Ал журналисті қорғап, қолдап жатқан кім 

бар?.. Осындай жауапкершілігі мол жұмысты 

атқарып  жүрген  сала  мамандарын  кәсіби 

мерекелерімен құттықтаймын. Еңбекте табыс 

тілеймін. 

Бір  ауыз  сөзбен  адамды  жылатуға  да, 

жұбатуға  да  болады.  Қара  сөздің  құдіретін 

көрмейсіз бе! Ендеше журналистердің қолында 

үлкен күш бар. Ол әрине, сөз. Сондықтан әр 

журналистің  айтары  ойы  мағыналы,  жазары 

мол болсын. Мереке құтты болсын!



Әзірлеген Гүлнүр КӘКІМБЕК

«АРҚАЛАҒАНЫ АЛТЫН...»

C

M

Y



K

Мирас

«Күлтегін»  жазуында  түрік  халқының 

біртұтастығы  мен  елдігіне  қатер  төнген 

тұстағы  ел  басындағы  күй  тайға  таңба 

басқандай бейнеленген:

Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,

Табғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігінен,

Інілі-ағалының дауласқандығынан,

Бектері, халқының жауласқандығынан,

Түркі (түрік) халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылды;

Табғаш халқына бек ұлдары құл болды,

Пәк қыздары күң болды.

Түркі бектері түркі атын жоғалтып,

Табғаш бектердің табғаш атын тұтынып,

Табғаш қағанына бағынды.

Басын  өзге  елдің  ноқтасына  тыққан 

бағынышты елдің көретін күнін осылай бе-

дерлеген жыр халықты ынтымаққа, бірлікке 

шақырды.

Түрік  бірлігінің  біртұтастығы  мен 

тіл,  әдебиет,  дін,  тарих  және  мәдениет 

саласындағы  көкейтесті  мәселелер  түрік 

тілдес  халықтардың  қай-қайсысын  да 

толғандыратыны  анық.  Қазақ  халқының 

ұлттық  көсемі  Әлихан  Бөкейханов: 

«Бостандыққа  апаратын  жалғыз  жол  – 

ұлттық  ынтымақ  қана»  –    десе,  ұлт  зия-

лысы Мұстафа Шоқай 1936 жылы Берлин 

қаласында Түркістан жастарының алдында 

сөйлеген сөзінде: 

«Түркістан  жастары,  бірлесіңдер! 

Сендердің бірліктерің, сендердің бір-біріңе 

күш қосуларың еліміздің бақытына қызмет 

етпек.  Мұны    ұмытпаңдар!  Бәріміздің 

құбыламыз  –  өзіміздің  ата  жұртымыз, 

өлкеміз Түркістан болмақ! Түркістан үшін 

өлу, Түркістан үшін жан беру – бәрімізге 

бір мақсат, бір мухәббат, уәзифа болмақ. 

Мұны  ұмытпау  керек!...Түрік  халқы  –  ба-

тыр  халық.  Түрік  халқы  –  арыстан,  ер 

халық.  «Кімнен  таяқ  жегендей    Біздің 

түріктің баласы, Алдырып жүрген дұшпанға 

Ауызының  аласы».  Бұл  нақыл  сөзді 

ұмытпауымыз  керек.  Бәріміз  бір  болсақ, 

біздің  жеңбейтұғын  жауымыз  болмайды, 

мақсатымызға  жетеміз!  Онсыз  біздің 

күніміз жоқ, құрып кетеміз. Құрымасымыз 

үшін, боспасымыз үшін күшімізді біріктіріп, 

иін тірестіріп,  бір-бірімізге жәрдем беріп 

жүруіміз керек. Онсыз біздің күніміз қараң. 

Мұны  ұмытпау  керек!  Түрік  баласы,  

ұмытпаңдар,  бастарыңдағы  бөтен  елдің 

өкіметін шығарып тастауға тырысыңдар!» 

– деп тебірене сөйлеген  болатын.

Түрік десе жүрегі қан жылаған Мағжан 

Жұмабаев  «Алыстағы  бауырыма»  деп 

аталған жырында:

 Алыста ауыр азап шеккен бауырым

 Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым. 

 Қамаған қалың жаудың ортасында, 

 Көл қылып көздің жасын төккен бауы-

рым! – деп туысқан түрік жұртымен бірге 

қайғырып, мұңына мұңдасып:

 Япырмай, айырылдық па қалың топтан, 

 Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан? 

 Түріктің жолбарыстай жүрегінен, 

  Шынымен  қорқақ  құл  боп  жаудан 

бұққан?! 

 Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны, 

 Шынымен, ауырды ма, бітіп халы?! 

 От сөніп жүректегі, құрыды ма 

  Қайнаған  тамырдағы  ата  қаны?!  – 

деп  бір  жағынан  торықса,  бір  жағынан 

бауырластарының  қайратын  қайрады, 

жігерін шыңдады. Түріктер  қазақ ақынының 

аталмыш өлеңінің Мұстафа Кемал Ататүрік 

бас болған ұлттық көтерілістің туы тігіліп, 

Түркия  жерін  жатжұрттықтардан  босату 

кезінде жазылғанын жақсы біледі.Ал ара-

да 70 жыл уақыт өткен соң  түрік  шайыры 

Фейзуллах Будак «Мағжанға  жауап» деп 

аталған  өлеңін  жазды.  Қазақ  режиссері 

Марат Қоңыров түсірген «Мағжан» деректі 

фильмінің тұсаукесері Түркияның Стамбул 

қаласында өтуі және түрік ағайындардың 

қызығушылығын туғызғаны да осы өлеңге 

байланысты. Мағжанның: «Түркістан – екі 

дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі 

ғой.  Тамаша  Түркістандай  жерде  туған, 

Түріктің  Тәңір  берген  несібі  ғой»  –  деген 

тамаша  жолдары  бүкіл  түрік  жұртының 

ұранына айналды.

Мұстафа  Кемал  Ататүрік    Ислам  дінін 

халыққа  таратуға  көп  үлес  қосты.  Оның 

тапсырысы  бойынша  муфти  Мұхаммед 

Хамди  Құранды  түрік  тіліне  аударған. 

Бұхаридің хадистер жинағын  да Ататүрік   

осы  ғалымға  аудартып,  кітапты  шығару 

үшін  өз  қалтасынан  қаражат    берген. 

Ататүріктің    1927  жылы  Парламент 

мінбесінен:  «Біздің  көршіміз  Кеңестер 

одағы  күндердің  күні  құлайды.  Бірақ  ол 

жерде біздің ағайындарымыз, қандас бау-

ырларымыз бар. Біз солармен байланысты 

үзбеуіміз керек. Біз соған дайын болуымыз 

керек. Тіл деген бір көпір, тарих бір көпір, 

мәдениет  деген  көпір,  осы  көпірлерді 

құлатпауымыз керек. Сол бауырларымыз-

бен біз өте жақын қарым-қатынаста болу-

ымыз керек»  деп айтқаны оның бауырлас 

халықтар  келешегіне  деген  берік  сенімін  

көрсетсе керек.

Ататүріктің:  «Ұлттық  сезім  мен  тіл 

арасындағы  байланыс  өте  күшті.  Тілдің 

ұлттық деңгейде және бай болуы – ұлттық 

ТЕРЕҢ ТАМЫРЛАР

Ақылбек 

ШАЯХМЕТ, 

ақын, филология 

ғылымарының 

кандидаты

22


C

M

Y



K

C

M



Y

K

16



Мамандығым – мақтанышым

28 маусым - Байланыс және ақпарат 

қызметкерлерінің күні. Бұл дата 1991 

жылы «Баспа және өзге де бұқаралық 

ақпарат құралдары туралы» заңның 

қабылданған күніне орайластырылған. 

Айта  кетейік,  2004  жылдан  бері 

Қазақстандағы журналистер күні ма-

усым  айының  соңғы  жексенбісінде 

тойланып келді. Ал ҚР Президентінің 

2011 жылдың 20 қазанындағы №164 

Жарлығына  сәйкес  журналистердің 

кәсіби мерекесі маусымның 28-і күніне 

белгіленді.

Журналист  мамандығы  -  қиындығы 

мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті 

талап  ететін  жауапты  сала.  Әрбір 

кәсіптің өз мамандығы болатыны секілді, 

журналистік мамандық та өз саласы бой-

ынша пайда болған. Өз шығармашылығы 

арқылы  қоғамға  да,  адамға  да  қызмет 

ететін, қашан да жаңаның, жаңалықтың 

жақтаушысы, қолдаушысы бола алатын 

осы маман иелерінің қатары жыл өткен 

сайын көбейіп келеді.

Болашақ  журналистердің  универ-

ситет  қабырғасынан  жазуға  төселіп, 

мамандықтың  қыр-сырына  қанығып, 

бейімделуі  теориялық  біліммен  қатар, 

практикалық машықтануды талап етеді. 

Осы  орайда  А.Байтұрсынов  атындағы 

Қостанай  мемлекеттік  университеті 

журналистика  және  коммуникациялық 

менеджмент  кафедрасы  жанынан  Ме-

диа-студия  құрылған  болатын.  Оның 

құрамына  республикалық  «Жас  өркен-

Қостанай»  журналы,  студенттік  «Білім 

жарысы» газеті, «Жастар ТВ» оқу теле-

студиясы  мен  «Жастар»  радиосы  топ-

тастырылды.  Негізгі  мақсаты:  болашақ 

журналистердің  теориялық  білімдерін 

тәжірибемен шыңдау.

2003  жылдан  бері  үзіліссіз  шығып 

келе жатқан республикалық «Жас өркен 

-  Қостанай»  журналы  Қазақстанның 

солтүстік  өңірінде  ана  тілімізде  жарық 

көріп отырған жалғыз журнал. Алғашқы 

шығарушы  редакторы  белгілі  журна-

лист,  ғалым,  А.Байтұрсынов  атындағы 

ҚМУ-дің доценті Байтұрсын Ілияс бола-

тын.  Журналда  белгілі  ғалымдардың, 

қаламгерлердің,  оқытушылардың  және 

жастардың  тарихи  тақырыпқа  және 

мәдениет  пен  әдебиетке  байланысты 

терең  мағыналы  мақалалары  жари-

яланып  келеді.  Қазіргі  уақытта  «Жас 

өркен-Қостанай»  журналы  жазылу 

басылымдарының республикалық ката-

ЖУРНАЛИСТИКА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛЕДІ

21

ұтқызып, уақ-түйек қалғанына арақ ішіп сандалып 



келе жатқаны» деп суреттейді. 

А.Сегізбаевтың  шығармаларында  20-30 

жылдардағы  ел  ішіндегі  саяси-әлеуметтік 

жағдай егжей-тегжейлі, нанымды суреттелген. 

«Шырынкүл  шынын  айтты»,  «Шер  жүректі 

Күләйша»  әңгімелерін  тебіренбей  оқу  мүмкін 

емес.  Өзінен  жасы  көп  үлкен  Жұмағали  де-

ген  молдаға  еріксіз  шыққан  Шырынкүлдің, 

ашаршылық  кезінде  әке-шешесі  бір  үзім 

нанға Иманқұл деген біреуге сатып кеткен соң 

тұлдыр жетім қалған Күләйша деген 10 жасар 

қыз баланың көрген қорлығын әңгіме желісіне 

арқау етіп алады. 

– Қазақ журналистикасының бастауында 

тұрған тұлғаның бірі Аманғали Сегізбаевтың 

есімі ұмытылмас үшін не істеу керек?

– Мен алдымен мынаны айтайын. Аманғали 

Сегізбаев  өз  уақытының  өлшемімен  алған 

өте білімді адам боған.    Осы орайда Қазақ 

Мемлекеттік  университетінің  ректоры,  акаде-

мик  Темірбай  Байбосынұлы  Дарқанбаевтың 

жерлесі әрі жақын туысы Аманғали Сегізбаев 

туралы естелігінен мынадай жолдарды оқырман 

назарына  ұсынудың  артықтығы  болмас:  «...

Аманғали Сегізбаев ұстаз ретінде менің нағыз 

тәлімгерім еді. Ол Москвадағы Журналистердің 

коммунистік  институтын  1929  жылы  бітіріп 

белгілі  жорналшы,  жазушы  болды...  Жас 

ұрпақты  тәрбиелеуге  ол  бар  жан-тәнімен 

берілген нағыз шынайы педагог еді. Балала-

рын жанындай жақсы көретін өте қарапайым, 

ашық-жарқын, әзіл-қалжынды ретті жерде ғана 

айтатын абзал адам болатын. Менің пайымда-

уымша, ол ешқашан биік лауазым иесі болуға 

құлшыныс танытқан емес, басшылар алдын-

да  мәймөңкелік  мінез  көрсеткен  жоқ.  Оның 

өмірдегі  басты  мақсаты  мен  бақыты  –  еркін 

шығармашылық  еңбекпен  айналысып,  туған 

халқы мен партияға адал қызмет ету болды... 

1942 жылы армия қатарына алынып Кенигсберг 

(Калининград) түбіндегі фашистермен ұрыста 

ерлікпен  қаза  табады.  Соның  алдында  ғана 

сәл бұрын маған жазған соңғы хатын былай-

ша аяқтаған екен: «Жау кері шегініп барады, 

біздің жеңіске жетуімізге көп қалған жоқ. Егер мен 

елге  аман-есен  оралмасам,  балаларымды  саған 

аманат етемін. Олардың есейіп, қанаттанып кетуіне 

қамқорлық жасарсың...».  Т.Дарқанбаев хат иесінің 

бұл  аманатын  толығымен  орындаған.  Аманғали 

орыс  даласында  опат  болғаннан  кейін  ұлы  мен 

қызын  Алматыға  алдырып,  мейлінше  қамқорлық 

жасаған... 

Оның  есімі  өшпес    үшін  журналистика 

мамандығында Аманғали Сегізбаев шығармалары 

кеңінен оқытылуы тиіс. Оның шығармаларының жа-

зылу стилінен, уақыт көрінісін бере білуінен  бүгінгі 

жастардың  үйренері  көп.  Аманғали  Сегізбаевтың 

есімін  мәңгі  есте  қалдыруға  байланысты  нақты 

іс-шаралар  жүргізу  аса  қажет.  Рас,  ол  көп  жыл-

дар  қызмет  еткен  «Егемен  Қазақстан»  газеті  

редакциясының  ғимаратында естелік тақтада оның 

есімі бірінші тұр, өткен ғасырдың жиырмасыншы  жыл-

дарында түскен суреттері де бар. Оның туған жері, 

қазіргі Денисов ауданы орталығындағы тарихи өлке-

тану музейінде арнайы экспозицияда есімі жазылған. 

Алдағы уақытта абзал азамат, қабырғалы қаламгер, 

бүгінгі  ұрпақтың  жарқын  болашағы  үшін  қан  май-

данда ерлікпен қаза тапқан Аманғали Сегізбаевтың 

құрметіне аудан, облыс орталықтарында бір көшеге 

немесе бір оқу – орнына оның есімі берілсе құба құп 

болар еді. «Аруақ риза болмай, тірі байымайды», - 

деген ғибратты сөз тегіннен тегін айтылмаған болар. 

– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА


C

M

Y



K

20

Туған жер тұлғалары



Қостанай-Торғай  өңірінде  туып,  ат  жалын 

тартып мінген, қазақ әдебиеті мен журналисти-

касына аз өмірінде үлкен еңбек сіңіріп кеткен  

тұлғаның  бірі  Аманғали  Сегізбаев  болатын. 

Ұлы  Отан  соғысында    ерлікпен  қаза  болған 

қаламгер туралы жазушы Ғұмар Ахметчиннің 

айтып беруін сұраған едік. 

– Ғұмар Ғарифұлы, Аманғали Сегізбаев кім 

еді? Кейінгі жылдары оның аты ауызға алына 

бермейді. 

– Аманғали Сегізбаев  өткен ғасыр басындағы жаңа 

өмірдің – кеңес дәуірінің тыныс- тіршілігін, шежіресін 

көркем әдеби шығармаларымен бейнелеуге өзінің 

қомақты  үлесін  қосқан  қостанайлық  жерлесіміз 

еді. Мен оның атын алғаш рет республикамыздағы 

жалғыз  жоғары  оқу  орны  -  Қазақ  мемлекеттік 

университетінің  (қазіргі  Әл-Фараби  атындағы 

Қазақ  Мемлекеттік  Ұлттық  университеті)  Журна-

листика  факультетінде  сырттай  оқып  жүргенімде 

профессор  Темірбек  Қожакеевтің  дәрісінде  естіп 

едім.  Аса  білімдар  ұстаз  көзден  таса,  көңілден 

қалыс  қалған  қарымды  қаламгердің  Қостанай 

облысының  тумасы  екендігінен,  өмірінен  кең 

мағлұмат  берді.  Аманғали  ұмытылуға  тиіс  емес. 

Соғысқа бармағанда мүмкін, артында мұнан да көп 

дүние қалдырар ма еді? Әңгіме, тіпті оның аз, көп 

жазғанында  емес, оның жазғандарының сом ал-

тындай салмақты, көркемдігінде ғой. Мен оны қазақ 

журналистикасындағы қазықтардың бірі деп білемін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет