Кіріспе (2 сағат)


Ашық игеру тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері



бет17/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27
Байланысты:
Лекция

Ашық игеру тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Пайдалы кендерді ашық игерудің оларды жерастында игеруге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Олар келесідей:
1. Өнімділігі жерасты шахтыларына қарағанда едәуір жоғары;
2. Жерасты тәсіліне қарағанда өзіндік құны біршама төмен;
3. Шахтымен өндірістік қуаты бірдей карьерлердің құрылысына кететін күрделі шығындар 1,5 – 2,5 есе аз.
4. Ағаштың шығынының аздығы 0,5 м3 1000 тоннағы, ал жерасты тәсілінде 20 - 25 м3.
5. Шахтыларға қарағанда карьерлерде жұмыс істеу қауіпсіздеу және тазалау.
Ашық игеру тәсілдерінің кемшіліктері: климаттық жағдайға тәуелділігі, пайдалы кеннің едәуір мөлшерде құнарсыздануы. Карьерлер мен үйінділер жербетінің көп көлемін ауылшаруашылығына қолдануға қолайсыз етеді.
Ашық игеру жұмыстарының кезеңдері: Пайдалы кенорындарын ашық игеру келесідей кезеңмен жүзеге асады: жербетін дайындау; кенорнын құрғату мен оны жербеті су ағысынан қорғау; кенорнын ашу; аршу және өндіру жұмыстары.
1. Жербетін дайындау кенорнын ашық игеру жұмыстарына кедергі келтіретін бөгеттерді алумен байланысты. Ол үшін мысалы ағаштарды кесу; су қоймаларын құрғату мен жербеті суын сарқу; карьер алаңындағы ғимараттар мен үймереттерді қирату; карьерге теміржолмен, жол тарту; қызметтік және өндірістік құрылыстар салу; кәсіпорынды элекрэнергиясымен және т.б. қамтамасыз ету.
2. Кенорнын құғатуды кемер қиябетінің тұрақтылығын және карьер жағдауының жылжуын алдын-алу, машина және тасымалдау құралдарына жақсы жағдай жасау мен еңбек жағдайын қауіпсіздендіру үшін жүргізеді. Құрғатудың екі түрі бар: алдын-ала және ағымдық. Біріншісі алғашқы кезекте алынатын алаңшаларды құрғату мен жерасты суы деңгейін төмендету үшін жүргізіледі. Ағымдық құрғатуға кенорнын қазып өндірумен бірдей жүзеге асады. Жерасты және жербетінен құрғату тәсілдері қолданылады.
Жербетінен құрғату тәсілі егерде сулы горизонт немесе горизонт грунт сулары жербетіне жақын болса қолданылады. Су әкетілетін арықтар карьердің үш жағынан қамтыуы қажет. Су сужинаушы шұңқырға жиналып сорғышпен сорылады немесе өздігімен ағызылады.
Егер сулы горизонт жербетінен терең орналасса, онда жерастылық құрғату тәсілі қолданылады: тақта бойымен дренаждық штректермен, сүзгіш төтелдер өтіледі. Штректер жер бетімен тауашарлар мен оқпандар арқылы жалғасады. Бұдан басқада арнайы тереңдікке арналған сорғыштармен жабдықталған суазайтқыш төтелдер қолданылады.
Жоғарыда аталған жұмыстар кенорнын пайдалану кезеңінде де жүргізіледі.
3. Жербетін қалыпқа келтіру (рекультивация) ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде бүлінген жербетін толық қалыпқа келтіру үшін атқарылатын тау-кен техникалық, инженерлік – құрлыстық, орман және ауылшаруашылық-тық жұмыстар жиынтығы. Қалыпқа келтіру жұмыстары екі кезеңмен жүзеге асады: тау-кен техникалық және биологиялық боп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет