Кіріспе (2 сағат)


Жазық қазбаларды өткізу технологиясы



бет27/27
Дата03.11.2023
өлшемі5,62 Mb.
#121640
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Лекция

Жазық қазбаларды өткізу технологиясы. Жазық қазбаларды біртекті (қалың тақталардағы - квершлагтар, орттар, штректер) және әртекті (жұқа көмiр тақталарындағы - штректердi) жыныстар арасында өткізедi. Бiртектi, қатты жыныстар арасындағы қазбаларды бұрғы-жарылыс тәсілімен жүргізеді. Теспелер санын, тереңдiгi мен бағыттарын жыныстың физика-механикалық қасиеттерiн және қазбаның көлденең қимасын ескере отырып қабылдайды. Ең алдымен кертпе теспелері жарылады (3-сурет), одан кейiнгілерін қосымша дейді. Ең соңында долбарлаушы теспелер жарылып, қазбаның пiшiнi қалыптастырылады.
Жарылғыш заттың қуатын молайту мақсатында кенжардың орта тұсынан, диаметрi 300 мм дейiн бір-екі скважина бұрғыланады, сөйтiп қосымшы ашық кеңiстiк жолы ашылады.
3
- сурет. Жазық кенжардағы кертпе (а) қосымша (б) долбарлаушы (в) теспелерінің орналасуы

Жазық қазбалар көбінесе әртүстi жыныстар арасында жұқа көмiр тақтасы, не болмаса, кен желiсi бойымен жүргiзiледi. Осындай жағдайда кен қоршаған жыныстар бір-бірімен бөлек қазып алынады және. қазбаны кеңейту мақсатында қоршаған жыныстарды қопару керек болады, (сурет 5.4 а,б,в).



4 - сурет. Штректi жұқа көмiр тақталарының бойымен өткізгендегі, бүйiр жыныстарын қопару әдiстерi

Штректердi өткізу әдiсi екi түрлi болады: бiрiншiсi - көмiр мен жыныс жұмыстарын бөлмей атқарғанда, екiншiсi – кенді алу мен жыныстағы жұмыстарды бөлек өткізгенде.


Әртектi жыныстарда қазбалар екі әдiспен - тар және кең кенжарлармен жұргізіледі. Қазбаларды тар кенжармен жүргiзгенде, жыныстар жер бетiне шығарылады не болмаса қазым кеңiстiгiне орналастырылады.
Қазбаларды кең кенжармен жүргiзгенде, пайдалы қазбаның алу енi қазба енiнен кең қылып алынады. Кейiннен қазба штректен тыс жерге бос жыныстар орналастырылады. Желдетуге, су ағызу, жүк тасымалдауға және кеншiлер жүрiп тұруға арналған пайдалы қазба (көмiр) шетiнен ені 1 – 2 м бос кеңiстiк қалдырылып отырылады. Оның төменгi, жоғарғы және екі жақты түрлерi болады (5-сурет).

5 - сурет. Штректi әртектi жыныстар арасында өткізу схемасы: а) тар кенжармен; б) кең кенжармен, жоғарғы бос кеңістікпен; в) екi жақты бос кеңістікпен; г) төменгi бос кеңістікпен; 1 - штрек; 2 - тасқорған (бут жолағы); 3 – жасанды қазба


Штректi тар кенжармен жүргiзгенде, көмiр мен жыныс қазып алу жұмысы тiзбектелiп бiрiнен кейiн бiрi не болмаса қабаттастырылып өткізіледі. Тiзбектелiп өткізу схемасында, көмiр кенжары жыныс кенжарынан 1,5-2 м озып отырады. Көмiрдi алуда жарылыс күшi, қопару балғасы не болмаса бұрғылап шығару әдiстерi қолданылады. Жарылыс күшiмен алғанда, теспе тереңдiгi 2-2,2 м болады. Ал бұрғылап алғанда, тереңдiгi 3 м, диаметрi 600 мм сважиналар қолданылады. Осындай әдiс өте көп метан шыққан жағдайда пайдаланылады.


Т ар кенжарды қосарлап алу схемасында, көмiр және жыныс кенжарындағы жұмыстар жұптастырылады, ол үшiн көмiр кенжары жыныс кенжарынан 4 - 7 м алда жүргiзiлетін жағдай жасалынады. Көмiр кенжарының ұзындығы штрек енінен 1 - 1,5 м артық алынады, ол өрлеме жағынан алаң (берма) жасауға қажет. Бермада орнатылған сырмалы конвейер құлатылған көмiрдi 20 - 40 м қашықтыққа тасып, вагонеткаларға тиейдi (6-сурет). Көмiр кенжар жылжысы өскен сайын, конвейер де ұзартылып отырылады.
6- сурет. Штректердi кертiк кенжармен өткізу технологиясы
(қосарлы схема)
Жарылыстан кейін кенжар ауасы жергiлiктi желдеткiш арқылы тазартылып отырылады. Кенжар iшiндегi үйiндi жыныстар вагонеткаларға машиналар арқылы тиеледi.
7
- суретте, штректi ендi кенжармен өткізу әдiсi көрсетiлген. Штрек кең алымды кенжармен жүргiзiлгенде, көмiр кенжары тазартпа кенжармен қосылып отырады, ал жыныс кенжары көмiр кенжарынан қалыс жүргiзiледi. Көмiрдi құрамды көмір кенжарынан әкету үшiн үш сырма конвейері қолданылады. Кенжар төңірегіндегі бос кеңiстiктi толтырма (тығындама) жұмысы, қол немесе рештак арқылы орындалады.


7 - сурет. Штректi ендi кенжармен өткізу схемасы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет